қазақТың БІлІМдар қызы
(Шәмшиябану Сәтбаева туралы сөз)
Шәмшиябану апай!
Қазақ ғылымының бір атасы секілді Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев шаңырағында дүниеге келіп, жақсы тәрбиемен өсіп, ғы-
лымға қызмет етіп өмірден өткен Шәмшиябану апай жайында
кездейсоқ сөз алғым келді. Өйткені, архивімді ақтарып отырып,
ол кісінің бір жазбасына кездестім. Ол жазба мынадай:
«Ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер тарихының көрнекті
өкілдері жасаған рухани дүниенің барлығы игерілуі, зерт телуі,
бүкіл адамзат игілігіне жаратылуы керек екені әм беге аян. Соңғы
жылдар ауқымында бұл мақсатпен ғұла ма ғалым, ойшыл, жазу
шы Сәбит аға Мұқановтың бай шы ғармашылық мұрасын зерт
теу ісінде әдебиетшілер бір сыпыра жұмыстар атқарып үлгерді.
Сол жұмыстардың бірі – бүгін талқыланып отырған зерттеу –
жазушының көп қырлы, көпсырлы мұра сы ның бір қырына арнал
ған да қызықты да құнды деректер не гізінде жазылған. Алдыңғы
сарапшылар айтқан пікірлер мен қортындыларға қосы ла оты
рып, жазушы мұрасы зерт теле тү суі қажет бірер жағдайды
айта кеткен артық болмас.
Жазушының өмірі мен шығармашылығы кеңінен та ныс
тыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуі ке рек тігі
сөзсіз. Ғылыми өмірбаяны жазылып, қазақша, орыс ша және
бірнеше тілде шықса игі болар еді. Басқа елдерде Сәбит Мұқанов
сияқты ұлы жазушылардың ғұ мырнамасы – летопись жизни
и деятельности – арнайы сериямен шығып жатады, ерекше
тұлғалар өзі бар кездеақ танылыпы, бағаланып, қасына өмірінің
әр сәтін, әр күнін, әр шығармасының жазылу тарихын, тіпті
кез десіп сөйлескен адамдарының кім екенін, не туралы әңгі ме
лескеніне дейін қағазға түсіріп отыратын арнайы хат шы таға
йындайды. Бізде сол тамаша адамдар өмірбойы тұратындай
көріп, жайбарақатта жүріп, сол кісі лердің қан ша құнды сәт
тері, өмір кезеңдері, күндері не жа зылып, не киноға түсіріле
бермепті. Дегенмен, ештен де кеш жақсы дегендей, жазушының
ең болмаса әрбір жыл бойынша болса да өмірнамасы жазылуына
көңіл бөлу керек сияқты.
Бізде бұрын координациялық жұмыс жүргізілуші еді, проб
лемалық кеңестер, қай ғылыми ошақтарда қандай мә се лелер
зерттеу объектісі, кімнің ғылыми жұмысының бағыты не, –
білуші едік, пікір алмасулар болушы еді, – қазір оның бәрі жоқтың
қасы. Сәбит Мұқановтың мұражайының ғылыми бағытымен
байланыс аз.
Осы талқылауға аса аяулы, аса құрметті, ел қадірлісі, қай
раткер Мәриям апай, әрі жеңгеміз – Мәриям Мұқанова қатысуы
– үлкен оқиға. Сәбит аға Мұқановтың мұражайын Мәриям апай
аса ұқыптылықпен сақтап отыр. Көптеген мәденибұқаралық
ғылыми жұмыстар жүргізіп, жазушы мұрасын зерттеушілерге
материалдар дайындап жағдай жа сап, көмектесіп отыр. Мәри
ям апайдың естеліктері тамаша, толықтырылып, суреттерді
көбірек келтіріп, қайта шыға ру қажет. Сәбит аға Мұқановтың
мұражайы, Мәриям апай, мұражай көмектеспегенде, бүгін
талқыланып отырған зерт теу де дүниеге келмес еді. Мәриям
апайдың денсаулығы күшті болып, болашақ зерттеулердің де ба
сықасына балашағасы, немерешөберелерімен қатысып, халық
ортасында ұзақ уақыт көңілі көтеріңкі жүруіне тілектестік
білдіреміз. Сәбит аға Мұқанов туралы тиянақты, терең ғылыми
еңбектер көбеюіне, өзінің ғажап ұланғайыр мұрасы толық жи
налып, жүйеленіп жарық көруіне, халық игілігіне айналуына,
көп тілдерге сапалы аударылып, басқа халықтарға, шетелдерге
танылуына, ЮНЕСКО тізіміне енгізілуіне тілектеспіз. Құлбек
Ергөбеков осы диссертациямен ғана шектеліп қалмай, жазушы
мұрасының көп қырын зерттеуге бірнеше жылдарын арнасын,
қабілетті жастарды ұлы тұлғаның атына сай жұмыстар
жүргізуге топтастыратын болсын».
Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, бұл менің «Сә-
бит Мұқановтың шығармашылық лабораториясы» атала тын
докторлық диссертациямның кезекті талқылануында Шәм-
шиябану апайдың сөйлеген сөзі! Егерде мен жайында, менің
еңбегім жайында егіліп, төгіліп сөйлеп, аса жоғары бағалап
жатса бәлкім апайдың бұл сөздерін оқырманға қайталап ұсы-
нар ма едім, жоқ па? Кім білсін? Шәмшия апайдың сөзі – қазақ
әдебиетінің кезекті мәселелеріне арналған сөз. Сол себепті де
қазақтың асыл қызының ақтық ойының бірі дерлік сөзі жерде
қалғанша, ел құлағында кетсін деген оймен архивімнен алып,
жаңғыртып жұртқа ұсынып отырмын. Осыған аз-кем естелік
қосқым келеді.
ҚазМУ-дің филология факультетін тамамдаған соң бір
шоғыр өндір жастар әуелі құдай, содан соң ұстазымыз про-
фессор Тұрсынбек Кәкішұлының желеп-жебеуімен сол кезгі
Қазақ ССР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтына бөлім лаборанты болып
310
311
қызмет бастадық. Академияның әруағы аспандап тұрған заман.
Босағасынан сығалаудың өзі – қайталанбас бақыт. Ал, сатылап
өсіп аға ғылыми қызметкерлік қызметке қол жеткізген кісі
министріңе сәлем бермейді. Министрден жалақысы да, жағдайы
да анағұрлым жоғары. Біз де кішкентай қызметтің арқасында
жалпы қазақ ғылымының, оның ішінде әдебиет және өнер
ғылымының небір ардақ тұлғаларын сол жылдары кездестірдік.
Біз қымсынып жүреміз. Ал, олар болса бізді бауырына тарта
қамқарлық жасап, кемеңгерлік танытып жүреді. Университет
қабырғасынан келген өндір жастар – біздер үшін алдымыздағы
ағаларымыз бен апаларымыздың қай-қайсысы да әулиедей
көрінеді. Ғылыми еңбектерін жата-жастана оқимыз. Сөздерін
ұйып тыңдаймыз. Асылы бізді ғылымға бастап алып келген
рухани қазыналар осылар болар. Оны бүгінгі күні ұмытып кетіп
жатсақ «өзі болған қыз төркінін танымастың» нақ өзі болады да
шығады.
Сол жылдары біздер – жастар алдымен кітаптарын оқып сү-
йінген, соңынан сөзін тыңдап тағы да сүйсінген, аз уақыттан соң
апа тұтып, пана тұтқан кісінің бірі – Шәмшиябану Қанышқы-
зы! Қаныш Сәтбаев есімі қазақ ғылымының символына айнал-
ған уақыт. Академия да сол кісінің атымен бара-бар аталады.
Әрине, ол кезде өлген Қанекең әруағымен тірідей жүріп тіресіп,
күндесіп күресіп жүретін кісілердің бар екенін білмейтін едік.
Бірақ, біздің білетініміз – Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғалымның
ұр пағы – Шәмшиябанудың асып-таспағаны, әке атын жамы-
лып астамшылық жасамағаны. Қашанда бетегеден биік, жусан-
нан аласа. Өзі айналасына қамқор, ғылымы – қазақ әдебиеті-
нің орыстық, әлемдік өркениетіне, танылуына, насихатталуына
яки өріс-өркеніне арналған. Біз Шәмшия апамызды адам ре-
тінде де, ғалым ретінде де кіршіксіз жақсы көрдік. Ол кісі
бізді «Тұрсынбектің балалары» атап жүрді. «Тұрсынбектің
балалары» бес-алты айдан соң қысқаруға түсті. «Обал болды-ау.
Жастар ұлттың, ғылымның келешегі емес пе?» – деп ренжіген
адамның бірі де Шәмшия апай болды. Өзгені білмеймін, өз
басымды көшеде кездесіп қалса да, кейде редакцияға келгенде
арнайы бұрылып келіп те «Айналайын, сендерге қиянат бол-
ды.Білместердің қиянатын көңілге алып ғылымнан жеріп ке-
туге болмайды. Жазуларыңды тастап қоймаңдар. Ғылымның
жөні бөлек қой..» – деп бастап ғылым әлеміне шақырғыштай-
тын апам еді Шәмшиябану Сәтбаева!
Тағдыр айдап Бейсембай Кенжебайұлы шаңырағында тұр-
дық. Бейсекеңнің кіші қызы – Гүлнар әпкем Райхан Әбі кей-
қызы Сәтбаева мен Әбікен Бектұровтың келіні. Шәмшия апай –
Райхан құдағидың сіңлісі. Бейсекең айналасына қадірлі азамат
еді ғой. Сәтбаев әулеті алдындағы абыройы да Алатаудай екен.
Жақсы жарасып, жақын араласып тұрады. Осындай пәнәйі
себеппен Қанекеңнің бәйбішесі, Шәмшия мен Хайринисаның
анасымен де дастархандас болғанымыз бар. Асылы Сәтбаев
әулеті ғылым да қонған, кісілік те ұялаған әулет еді. Оны
«Сәулелі әулет» (1996 ж.) аталатын кітабында Шәмшия апай
аса сырбаз түрде әдемі жеткізген. Тегін батыр да бағлан,
асқақ та алып етіп көрсететін дарақылық иектеген мына
заманда онсызда даңқты әулеттің шежіресін аса бір қарапайым
баяндағанына кісі таңқалады. Бұл да Шәмшиябану апайдың
кісілік ұстамдылығы, қаламгерлік мәдениетінен туындап
жатқан жәйт. Үйде де, түзде де Шәмшия апай бір өзгермейтін,
кісілік қалпын өзгертпейтін «асыл адам айнымастың» өзіне
айналып, аса бір мәдениетті қалпын сақтап жүретін. Соған
қарап мәдениет – апайдың сүйегіне сіңген ғой деп ойлаймын.
Әлгіндей құда-жекжаттықтың арқасында отырыстарда апай-
дың отағасы, қазақтың үлкен азаматы – Оразай Батырбековпен
де танысып, әңгімелесіп жүрудің сәті түсті. Сырттай қатып
қалған “партократ” секілді көрінгенімен Орекең тарих, әде-
биеттен хабары мол, зиялы дерлік, ішін аздырмаған, жілігінің
майы толық азаматтың бірі екен. Жас азаматтар алдына қарап,
аға, апаларды үлгі тұта жүріп қалыптасады емес пе? Орекең
мен Шәмшия апайдың әдемі жарасымы өз басыма ұдайы ой
салар еді. Ерлі-зайыпты екеуі де бізді баласынбайтын. Қайта
әңгімеге тартып, «ана мақалаңды оқыдым» – деп пікірін айтып,
қолдау жасап қоятын. Бейсекеңнің үйіндегі бір отырыста
жастық желпініспен «Бейсекең Лениннің көзін көрген, Сталин,
Троц кийдің лекциясын тыңдаған» –деп жіберіппін. «Оның рас.
Бірақ, әзір оларды ауызға ала берме» – деді Орекең жәй ғана.
Бағамдап қарасам, менің болашағымды ойлап, сақтандырып
айтқан сөзі екен ағаның. «Лениншіл жас» газетінде Қаныш
Имантайұлына тұтас бір бет арналып, қатталып қойған арнау-
лы бет түнжарымында туралып кетті. Ертеңіне Шәмшия апай-
ға кездесіп қалғанда кінәлі кісідей өкініш білдірдім. «Е, е
қарағым ондай-ондай бола береді» – деді ол кісі. «Дүниедегі
қиыны – өмірден өтіп кеткен адамның әруағымен алысу.
Қалай ел болар екенбіз?» – деді Шәмшиябану апай. Ол
күрсінді. Мен жерге кіріп кетердей болып тұрдым. Сырттай
312
313
сыр бермегенсігенімен іштей апайдың жүрегіне зілмауыр
салмақ түсті-ау деп ойлаймын. Сөз басында архивімнен алып
келтірген мәтінде де сондай көңіл күй аңғарылады. Өмірінің
соңында апайдың жүрегі жиі ауыратын әдет тапты. Ауруха-
наға түсті. Шықты. Қайта түсті. Ауруханадан шығып үйіне
келген бір тұста өзіміз жақсы көретін апайдың көңілін сұрап
кіріп шықтық. Жүзі сынық. Көңілі сұлық. Сыр бермегенсіге-
німен ентігіп иінінен демалып отырды. Жағдай сұрастық.
Әдетінше жастарға қамқор болып сөйлеп отырды. Ғылымға
келген ендігі жасқа жағдай болмайды-ау деп уайымдайды екен.
Ақыры қазақтың ғазиз жүрек қызы жүректен қайтыс болды
ғой.
Шәмшиябану – қазақтың білімдар қызы еді. Ол жасаған
ғылым – қазақ әдебиетінің орыс және шет елдермен байланысын
зерттейтін аса бір ауқымды, аса бір қажетті филологиялық
сала. «Қазақ және европа әдеби байланыстары», «Қазақ және
орыс әдебиеті байланыстары», «Достық дастандары», «Қазақ
әдебиеті және Шығыс» сынды дерегі де, оқырманға берері де
мол бағалы еңбектері бүгінде арналанып ғылыми мектепке
айналып кетті десек артық айтпаспыз. Ш.Сәтбаеваның ғылыми
еңбектері қолға оңай түспейтін ескілікке айналған есті шетін
деректер мен әдеби білімдарлықтың қоспасынан туған қа-
ныңды қыздыратын, қызықты, бағалы дүниелер. Соңына сон-
дай еңбек қалдырған жанды кісі өлдіге санамайды. Ақыл-
парасаты байтақ, жан-дүниесі бай, мінезге мейлінше кең қамқор
адамды өлдіге кісі қимайды. Өкініші – қазақтың осы бір тұла
бойы тұнған мәдениет дерлік білімдар текті қызын еске сирек
аламыз. Осымыз жарасымсыз.Тұлға-ұлға қарап ұланның өсе-
тіні секілді, қырмызыға қарап қыз өседі. Қазақтың тұлым-
шағы желбіреген қыздары еліктеп өсуге лайық қырмызымыз-
дың бірі – Шәмшиябану Сәтбаева!
Мен қазақтың қыздарына қайран қалам!
ТуҒаН ӘпКеМдеЙ БолҒаН жаН...
(Қазақтың жайсаң қызы Алма Қыраубайқызы жөнінде)
Әншейінде ауыз жаппас...
Ойпыр-ай, неден бастасам екен?
Ойлар қаумалайды, өмірлік деректер бастырмалатады.
«Мені айт, мені айт...» – дейді олар. Қимас адам жайында сөз
аларда бастан кешер жайт. Дұрысы бәрін басынан бастаған.
Алма апайды алғаш Бейсекең, профессор Бейсембай Кен-
жебайұлы қасынан көрдік. Екі шәкіртін екі қапталына алып
жүрер еді. Бірі сорайған ұзын. Есімі – Арап. Екіншісі – қара-
торы әдемі қыз. Сәл толықшалау. Аты – Алма. Бейсекең шәкірт-
терін өз перзентіндей көретін жан. Адам ретінде мейлінше
бауырмал, ұстаз райында – өте талапшыл. Екі шәкірті де қарт
профессордың баласындай болғаны хақ. Әсіресе Алма Қырау-
байқызына Бейсекең зор үмітпен қарайтын. Ол жылдары «Қа-
зақ университеті» аталатын екі тілді газет шығады ҚазМУ-да.
Газет бетінде профессор Бейсембай Кенжебайұлының «Ат
тұяғын тай басар...» аталатын сұхбаты жарияланды. Онда
шынайы ұстаз М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдиықұлы,
А.Қыраубаева есімін қадап айтып ерекше үміт күтетінін
білдірген. Ол кезде Алма апай бесінші курстың студенті...Демек
Алма апайдан Бейсекең кемел келешек күткен.
Кейін білдім, Алма апай университетке оқуға түскенге де-
йін «Қазақстан әйелдері» жорналында, ағымдағы газеттерде
бірнеше әңгімесін жариялап, көркем шығармашылыққа талап
еткен, жазушы болсам деген арман жетегіндегі жан екен.
Білімділігіне, зейінділігіне ден қойған Бейсекең «Алма, бізде
жазушы көп. Сенің ғылымға бейімің бар. Жазушылық ешқай-
да қашпайды. Ғылымға барсаң, онда да көне әдебиетпен шұ-
ғылдансаң қайтеді?» – деп үміт артып, талантты жастың ар-
манының арнасын бұрып жіберіпті. Оған Алма апай қуанбаса,
ренжімейтін.
Жетпісінші жылдары Бейсекең шау тартқан кексе ғалым.
Көбіне дәрісті өзі оқиды да, практикалық сабақтарын шәкіртте-
рі жүргізеді. Тіпті емтиханын да шәкірттеріне сеніп тапсырған.
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» Бейсекеңнің бәсіре
пәні. Өмір сүріп, өтіп кеткен ақын-жазущылардың бірін айтуға
болады, бірінің атын да атауға болмайды. Түрлі әдеби ағымдар
мидай араласып жатқан қос ғасыр тоғысында жасалған күрделі
314
315
кезең әдебиеті. Алма мен Арап – Бейсекең жүргізген пәннен
емтиханын алатын – қадірмен профессордың көкөрім балаусан
шәкірттері!. Тіпті Бейсекең «Мен қартайдым. Әдебиет тари-
хымен айналысатын дарынды балаларды университетке алып
қала алмаймыз. Мен зейнеткерлікке шығайын Өмірбек. Орныма
қызметке Алманы қабылдашы!» – депті ректорға қиылып. Рек-
тор Жолдасбеков Бейсекеңдей ұлт мүддесін, шәкірт мүддесін
өзінен жоғары қоя білген азамат тұлға алдында қысылып қа-
лыпты деседі білетіндер. Ағаға ризашылығы болар, әйтеуір
шәкірті – Алма Қыраубайқызына заматында қызметке қа был-
дау жөнінде бұйрық беріпті. Болар, болар, өзі қырық жыл
бас қарған «Қазақ әдебиеті» кафедрасын да шәкіртіне берген.
Зейнеткерлікке шығып, орнын Алмадайын қызына ұсыну сол
қатарлы бір ісі дә Бейсекеңнің. «Естіген құлақта жазық жоқ...»
– деп қана жүр генбіз. Кейін шәкірті Тұрсекең – Тұрсынбек
Кәкішұлы жа зуынан мәселенің анық-қанығын білдік. Уни вер-
ситет ұжымы арасында, студенттер арасында аңызға айналып
айтылар әңгіме тұп-тура шындық екен. Біз Бейсекеңді сол жо-
лы одан әрмен жақсы көріп кетіп едік. Біз Алма апайға қызы-
ғып қарап едік сол жолы. Ол кезде жастар тағдырына аға буын
тарапынан қамқорлық, мемлекет тарапынан жоспарлы түрде
жағдай жасау дегеніңіз мейлінше мейірлі екен – ау!
Сөйтіп Алма апай бізге сабақ бере бастады. Пәні – «ХХ ға-
сыр басындағы қазақ әдебиеті»! Бейсекең лекциясын оқиды,
семинарын қызы Алма жүргізеді. Жазға салым еді-ау. Ұзамай
емтиханға кірдік. Емтихан қабылдаушылар – Алма мен Арап!
Өзгені қайдан білейін, өзім ХХ ғасыр басындағы қазақ
әде биеті пәнінен борша-борша терледім. Өзі де бір түрлі әде-
би ағымдар мен алуан тағдырлар тоғысқан, тұлғаларының жа-
рымы ашық, енді бір жарымы жабық жатқан айқабақ күрделі
кезең, қиын пән. Алма апай байсалды сұрақ қояды. Байсалды
жауап күтеді. Бағаға аса жомарт кісі болмайтын, жарықтық.
Бағаны – білгеніңе қоятын, білгеніңді ғана емес, тұтас біліміңді
әдемі тексеретін, әділ қарайтын таразы адам. Жап-жас болып.
Билет номері есімде жоқ. Білмегенім – есімде. Тым құралақан
емеспін. Онан-мұнан құрастырып бірдеңелерді шатып-бұтып
айтып отырмын. Апайым қанағаттанбайды. Арап жетелейді.
Мен жетекке жүріп оңдырмай отырмын-ау. Ондай да болады
екен шәкірт шақта. Алма апай «4-тік» қоюға оңтайланды. Арап
«5-тік» сұрап қиылады. «Бейсекеңнің баласы ғой» деген лепес
те сөз арасында сыпайы түрде айтылып кетті ме қайдам?!
Әйтеуір, Алма апам маған «Өзі білмейтін, білмегенімен тұрмай
жоғары баға сұрайтын сұрамсақ студентке» қарайтын жаман
көзімен жақтырмай қарап отыр. «Бейсекеңнің баласы болса,
ағайдың пәнін жақсы білуі керек емес пе?» – деп те жіберді
сөз арасында. Сөзді көбейтіп қайтейін, Арап Еспембетовтің
демеуімен өлгелі тұрған арық-тұрақ «5-тік» алдым-ау әйтеуір.
Алды-артыма қарамай зытып отырдым. «Қанша? Қанша?» –
деген достар сұрағын да желкеммен ғана естідім...
Кейін осы әңгімені Алма апайға айтып бергенім бар. Мен
үшін апайым қысылып: «Шын ба, қойшы?!» – дегенін қайтерсің
аяулы жанның.
Алма апай ғылым қуып жүріп жатты. Оқу бітіріп біз
жайымызға кеттік. Алма апаймен қайта жүздесуіміз тағы да
Бейсекеңнің айналасында.
Біз бала болып Бейсекең қолына кірдік. Алма, Арап, Зинол,
Жанғара, Жақа, Зина, Кеңес, Катя...дегендей жастар қарияны
қаумалады. Бейсекең тәлімін алсын деп біз оларға есікті еркін
ашып қойдық. Мұхтар, Рымғали сынды төл шәкірттері өз
алдына, Жарасхан мен Шөмішбай еркелеп шалдың көңілін
сұрай келіп, шарап ішіп аттанады...
Алма апай бір күні үйге дәу қара шалды ерте келді. Баланың
көзімен қараппыз. Әйтпесе елудің ішіндегі кісі болса керек.
Алма апайдың әкесі екен.Мүтәліп Қыраубаев! Көңілді кісі.
Халық ақыны. Домбырамен жыр толғады. Әңгіме айтты. Қарық
қылды. Елден келген кісі. Қазақша сұрасты. Менің ағам болып
шықты. Қыз алысып, қыз беріспейтін ағайын. Әу бастағы келісі
– қызына кандидаттық диссертация қорғатқаны, тәрбиелегні
үшін алғыс айту секілді. Бірақ, Мүтәліп қария сөзінің әуені –
«Әуел баста Құдай алдында сұраусыз – Сіздің қызыңыз дегем.
Сол сөзім – сөз! Қыз – Сіздікі, мен әншейін ағасы ретінде
қолыңызды алып, алғыс айтып шығайын дегенім ғой...»
Алма апай Бейсекеңнің халін білуге кемі аптасына бір рет
келіп кетеді. Әйел адам. Балалы-шағалы. Дұшпаныңа тіле-
мей тін, мінезі біртүрлілеу ері бар. Өлең жазады. Өлең дұрыс
қонбаса кісіні қияли етіп жібереді деуші еді. Сол рас болмағай
деп ойлап қоямын Алма апайдың елірме мінез еріне қарап.
Адамға Алла-тағала бар бақытты бірдей бере бермейді екен-
ау деймін тағы да іштей. Аттылы кісі дерлік аяулы Алманың
күйеуі жаяудан жаман. Тіпті қай жағынан да. От басында
толып жатқан осындай қиындықтары бар Алма апай әкесіндей
316
317
болған ұстаздың халін білуге аптасына уақыт тауып жатады.
Адалдығы. Шынында Алма – боямасы жоқ, болмысы таза
шынайы жан еді. Баян екеуміз Алма апайдың үйіне сирек те
болса барып тұрамыз. Апайдың көңіліне қараймыз. Үйді ұстап
отырған – Алма. Әйтпесе, күйеуі – құдай аманат жан! Сөйтіп
жүріп ҚазМУ-да сабақ береді. Сөйтіп жүріп үш қарғасына қа-
райды. Сөйтіп жүріп ғылым жасайды. Сөйтіп жүріп қазақ қыз-
дарын ұлттық дәстүрде тәрбиелейтін тұрпаты – ұлттық, бол-
мысы бөлек мектеп пе, лицей ме, әйтеуір бір кіші оқу орнын
ашты. Сөйтіп жүріп көгілдір экраннан ән салады тамылжытып.
Жамбылдың жыраулық әуенін тірілтетінін қайтерсің?! Абысын-
ажындарының атын атап, түсін түстеп тамаша очерктер жазып
жатады. Не айтса ұлттық дәстүрден туындата айтады. Не нәр-
се жазса – ұлттық болмыстан туындатып тамылжытып тамаша
жазады.Табанды табиғат, мақсатты адам. Әйел басымен
осындай ерге бергісіз ірі істердің басы-қасында жүреді. Басы-
қасында жүреді емес-ау, зіл-батпан міндетті мойнына артып бір
өзі арқалайды. Туған елі үшін тау көтерген бейне бір Толағай
қыз...
Арманы асқақ еді Алма апайдың.
Кейде көзіне жас ала ойға алған армандарын айтып оты ра-
тын. Арман жеткен жерге ғұмыр жетпесін білді ме?! Кейде өзі
бастаған істері алға жүрмей, көзіне дүние шер болып байлан-
ған пенделер жүргізбей қиын қылғанда дықарт болып жасып
отыратын. Жасындай жарқылдап ғұмыр кешуге тиісті үлкен
ойлы, жұпар жүректі әзиз жанның жасып отырғанын көргенде
бірге жасып қалушы едік.
Өнерлі, ойлы жанның бар арман-мұратын тізбелеп отыру
орынды бола қоймас. Арман тұтып, алға межелеп қойып жүзе-
ге асырған, асыра бастаған істерін атап-атап өтсек те аз болмас
бізге. Тұрмыс ауыртпалығымен тайталаса жүріп тындырған
ісінің салмағы қандай Алма апайдың?
Әкесі Бейсекең белгілеп берген кандидаттық диссертация-
сының тақырыбы – Алтын Орда дәуірінің әдебиеті болатын.
Одан да нақтылай түссек «Хисса – сүл– әнбия» мен «Мұхаббат
нама» аталатын туындыларды талдап, таразылап қазақ әдебие-
ті тарихына енгізу болатын міндеті. Мәскеулік үлкен түрікта-
нушы Әмір Нәжіп бастаған ғалымдар мәтін жариялатқан, азды-
кем зерттеген. Бірақ, қазақ әдебиетіне қатыстыра, әдеби ас-
пектіде зерттеген емес. Алма апайдың міндеті Сыр бойында
туған осы шығарманың қазақ әдебиетіне қатысын айқындау,
поэтикалық пішім, поэзиялық қадыр-қасиетін талдай анықтау.
Бейсекеңдей ғұлама ұстаз бағыттады, Алмадай дарынды шә-
кірт орындады. Алматыға әлденеше әңгіме жариялатып жазу-
шы болсам деген арманмен келген Алма сөйтіп түріктанушы
ғалым атанды. М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдиықұлы,
Н.Келімбетов соңы нан топ жара шығып, Бейсембай Кенже-
байұлы ұстанымының дұрыстығын дәлелдей түсті. Өзінің
зерттеулерімен бірге шә кірттерінің табанды, талантты еңбек-
терінің арқасында Бей сембай Кенжебайұлының қазақ әдебиеті
тарихын зерттеу мек тебі қалыптаса түсті. Алма Қыраубай-
қызы – Б.Кенжебайұлы мектебінің аса дарынды бір тұлғасы.
Бейсекеңді Алма әкедей көріп, әзіз қадірлеп өтті. Сол секілді
Бейсекең де Алмадай абзал адамды туған қызындай қадірлеп,
ғылымдағы жетістігіне жантарта сүйсініп өтті өмірден.
Ұстазы ұсынған тақырып дарынды шәкірт үшін ауыр бей-
нет болумен бірге абыроймен атқарған міндет те болып шықты
ақыр көгентүпте. Алма тақырыпты арналандыра еңбек етті.
«Ға сырлар мұрасы», «Ежелгі әдебиет», «Хисса-дастандар»
монографиясы, оқулығы, ақын Төрегелді Тұяқбаевпен мойын-
серікте тәржімалаған «Махаббат наме» – Алма Қыраубай қы-
зының түріктану саласындағы тындырымды ұзақ жасайтын
баянды еңбектері. «Жаным садаға» – педагогикалыық ой ларға
тұнып тұрған оқу-тәрбиелік тамаша публицистика. Н.И.Кон-
радтың шығыстанушы арабист Крачковский туралы айтатын
әдемі бағалауы бар еді. Шығыстанушы болу – әм тілші, әм
әдебиетші, әм тарихшы болуды қажет етеді деген. Алма апай
өзінің жоғарыда аталған еңбекетрінде шығыстанушыға қажет ті
әлгі қасиеттерді тал бойына табиғи жинақтаған ірі ғалым еке-
нін көрсетті. Алманың бұл саладағы еңбектерін М.Мағауин-
нің, М.Жолдасбековтің қадіріне жете бағалағанын білеміз.
Тақырыптас адамдар – тағдырлас адамдар. Олардың арасында
бірінің еңбегін екіншісінің қадіріне жете бағалауы да, бағасын
біле тұра қызғанып, әділ сөзін айтпаушылық та кездеседі.
Бейсекең шәкірттері бір үйдің үйелмен-сүйелмендері секілді
ғой. Аты аталған ғалымдардың өзара ынтымағына сүйсінеміз.
Әрқайсысының еңбегін дербес бағалап мерейленеміз.Бір
өкініші – соңғы жылдары алғаш Бейсекең бағыттаған, шәкірт-
тері тындырымды іс тындырған ежелгі әдебиетке қазіргі жастар
ниет етпейтін, бармайтын болды.
318
319
Он алты ақынның айтысын көлемді алғысөзбен кітап
етіп бастырған Алма апай «Хисса-дастандар» тақырыбында
докторлық диссертация қорғады. Түрлі себеппен кешіктіріп
қорғағаны болмаса сәтті ғылыми еңбек жасады.
Түрік халықтарына ортақ ежелгі әдебиетті зерттегеннің
бір пайдасы – Түрік қағанаты тарихынан жекелеген әңгімелер
жазып, жариялай бастаған еді. Тарихты деректі баяндап әңгіме
жазу – орыс әдебиетінде С.П.Алексеевтің тынбай атқарған, бар
өмірін бағыштаған сүйікті ісі. Бұрын азаматтық тарихымыз-
да айтылмай келген, айттырмай, ұмыттырып жібере жаздаған
қымбат тақырыпта балалар психологиясын ескеріп, олардың
қабылдау мүмкіндігіне орайластырып деректі әңгіме дерлік
дәйекті дүниелер жазу – Алма апайдың ғалымдығымен бірге
шынайы ұстаздығынан да туындап жатқан міндет болатын.
( Алмадай курстасының деректі әңгімелерін әдемі кітап етіп
шығарып берген Әшірбек Көпішевке өз басым ризашылығымды
айта-айта отырамын). Ол шынайы ұстаз болатын.
Жан Жак Руссоның «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өз
уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» (З.Қабдол аударма-
сы) деген ұлағатын Алма Мүтәліпқызына арнайы айтсаң әбден
жарасатын еді. Шәкірттері жанына жақын жүретін. Шәкірттері
сенісіп әңгімесін айтып, ашық сырласар еді Алма апаймен.
Тіпті тұлымшағы желбіреген қыздар, бұрымды бойжеткендер
мен бозбалалар Анасындай көрер еді Алма апайды. Алма апай
да шәкірттерін бауырынан тараған баласынан кем көрмес еді.
Олардың көңіл-күй құбылыстарын бақылап, күнделіктерін
жүргізетін. Ақыл-кеңесін аямай сырласа отырып жүректеріне
құйып беретін. Тұрмыста бақытты бола алмаған мұңдық
шәкірт-қыздарының бақытты болуын бар жан-тәнімен тілеуші
еді ана-бейіл Алма! Кісі «Жаным садаға!» – деп зарығып
көрген, Қорасанға қой айтып жүріп, мойнына моншақ тілеп
Құдайдан сұрап алған туған баласына ғана айтар болар. Шә-
кірттерінің бақытын аялаумен өткен Алма ұстаз олардың
өмірінен алынған түрлі штрих, детальдерді пайдалана отырып
жазған публицистикалық кітабын «Жаным садаға!» атап еді-
ау! Жаным садағаң... Алманың осылай аталатын еңбегі қазақ
тәрбие мектебінде сирек кездесер тәлім-тәрбиелік өнегесі
бойында тұнып тұрған аса қызғылықты, аса бір тағлымды
еңбек. Бірде төрімізде мұңданып отырып: «Ұстаз болып са-
бақ берген соң балалар білімді, бақытты болса деген ой мен
барыңды бересің. Кейде олар ақыл сұрап алаңдайды. Тап-
қа ныңды айтасың. Кейде ойлаймын: «Осы мен балаларға
кітаби тәрбие беріп жүргенім жоқ па? Мен айтар ақыл-кеңес
мына құбылған заманаға жарар ма? Адал тәрбиеленгендіктен
олар мына теңгенің сылдырына ден қойған зырылдақ қоғам
үдерісіне ілесе алмай қалып қойып жүрмей ме? – деп пұшайман
боламын» дегені бар. Көрдіңіз бе, шәкірттері тағдырына қалай
алаңдайды, Алма апай?! Кейде «ағылшын мектебінде тәрбие
жолы былай», «француз мектебінде дәріс ыңғайы мынадай» –
деп әлемдік алғы мектептер тәжірибесін әңгімелеп отырушы еді.
Оқығаны-тоқығаны бар, өз тәжірибесінен түйгені бар, соларды
жүзеге асырмақ болып Қаскелеңнен жер алып, мектеп ашты.
Жұмысы жүріп кеп берді. Балалар ықыласты. Балалармен бірге
олардың ата-анасы ықыласты болды Алма ашқан мектепке.
Бұрын ашылған, әбден қалыптасқан мектептер жабылып қалып
жатқанда жаңа мектептің – жаңа типті мектептің аяғынан
тұрып, жұмыс істеп кетуі екіталай уақыттар келді дүниені
аударып-төңкеріп. Сатымпаздық әрекет, пайдакүнемдік пси-
хология иектеді әкім-қараларды. Ақыры Алма апай ашқан
ұлттық моделді мектеп жабылып тынды. Үйін еріне қалдырып,
балаларын жетектеп шығып кетіп, пәтер жалдап күн кешкенде
қабағын мұң шалмаған, ренішке бой алдырмаған Алма апай
мектебі жабылғанда күйіп кетті. Кісісі өлгендей күйіккешті
тіршілік кешті...
Алма апай 1997 жылы болар, елу жасқа толды. Алматыда
«Ғалымдар үйінде» әдемі кездесу болды. Үй ханшайымы
Ғайнекен Бибатрова туған апасына айналып, бауырмалдықпен
қызмет етті Алма апай тойына. Төрде Тұрсекең – профессор
Тұрсынбек Кәкішұлы отырды. Кешті мен жүргіздім. Шәкірттері
Алма апайдың құрметіне көгершін ұшырды. Ақшамда той
«Пионерлер үйінде» жалғасты. Тойды Өмірхан Әбдіманов
жалғады. Тойға анасы қатысты. Курстастары бір үйдің
баласындай үйіріліп отырды, иіріліп биледі. Ой, бір тамаша той
болып еді. «Бір тойым болары сөзсіз менің...» Қыршын Төлеген
ғой. Алманың да бір тойы өтті солай!
Тұрымтай тұсымен, біз Түркістан – Шымкентке көшіп
кеттік. Ш.Ыбыраев үшеуміз мектепке арнап оқулық жазбақ
едік. Сол ой аяқсыз қалды. Жаңа ашылған университетке оқу
орнын бітірушілердің емтихан төрағалығына шақырдық. Келді.
Алақанға салып аялай күттік. Түркістан жерінде Алма апай сол
320
321
жолы көп шәкірт тапты. Кісіні табиғи баурап ала жөнелетін
білімдар, өнерлі жан еді ғой Алма апай. Аудиторияда дәріс
те оқыды, Мәдениет сарайында кездесу-сырласу ән-кешін де
өткізді Алма апай! Жұрт тәнті. Алма апамыздың өмірге құштар
көңіліне дән риза болыстық. Өмірдегі қиындықтарды жеңіп,
өмірді құштарлана сүйіп өтіп келеді екен-ау деп ойладым өз
басым. Алмадайын ғазиз жүректі асыл адамның текті ұстаным,
тебіреністі тіршілік кешуіне соншама қуандым. Бір ай шамасы
Түркістанда болып Алма апай Алматыға қайтты.
Әріптес ағасы Мырзекең – Мырзатай Жолдасбеков шақы-
рып, Алма апай жаңа оқу жылынан Еуразия университетіне
профессорлық қызметке ауысты. Көп ұзамай сырқатқа ұшы-
рады. Айықпас дерт. Арнайы барып көңілін сұрадым. Әруаққа
айналған кейпін көріп жылап қоштастым. Ұлын үйлендірді.
Тойына бара алмадым. Ұзамай туған әпкемдей болған аяулы
жан дүниемен біржолата хоштасты. Сонда ойлаймын-ау, Түр-
кістанға төркіндей келгендей болған екен-ау деп. Сонда ой-
лаймын, Түркістанға төркіндеуге ғана емес, бой жасауға да
келгендей екен-ау деп. Алма апайдың дертті екенін естіген інім
Сапарбек Ергөбек айтады (Көбіне сол үйде болған еді): «Алма
апайға «тамақ ішсеңізші, деп тамақ ішкізе алмайтын едік.
Жұрт көзінше көңілді отырғанына қарамастан оңашада мұңды
жүр ді» – деп. Болса, болар! Алдымен жасырып, білінбей ке-
летін сыр қат біртіндеп ұзамай-ақ белгі бере бастады. Ақырын
бастал ған сырқат біртіндеп дүлей мінезге көшіп алып ұрды,
тұрмыстың бар қиындығын, бар ауыртпалығын жеңіп, енді
құлашын кең жазып шығармашылықпен айналысар дер ша-
ғында тұрған сәтте, жұмырбасты пенде ретінде жазылып, тір-
шілік кешер сәтте тағдырдың кермесін тоса қойғанын көрмей-
сің бе?
Қазақта әпке деген әдемі ұғым бар.
Аса дарынды әдебиетші ғалым, дарынды әнші Алма Қы-
раубайқызы туған әпкемдей болған ғазиз жүрек жан еді.
«Ақынның тойы тарқамайды...» Кім айтқаны есімде жоқ. Өмір-
де күрсінісі көптеу ғұмыр кешіп, жастау кеткен Алма апай да
тойы тарқамас қазақтың ақынжанды ғалым қызы еді, шіркін!
Достарыңызбен бөлісу: |