Асқазанды шаю Мақсаты: баланың асқазанын улы заттардан тазалау.
Көрсеткіші: баланың улануы.
Кері көрсеткіші: баланың өте ауыр жағдайы, химиялық ерітінділермен улануы.
Керекті құралдар:Асқазан зонды, воронка. Алжапқыш-2. Асқазан шайатын ерітінді 20-220С.
Воронканы асқазан тұсынан төменірек түсіріп су құю.
Воронканы жоғары көтеріп, судың асқазанға өтуін қадағалау. Су деңгейі воронканың мойнына дейін түсуі керек.
Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен асқазан деңгейінен төмен түсіріп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан судың көлемі енгізілген судың көлемінен кем болмауы керек).
Воронкаға сұйықтық құйып бірнеше рет «таза суға» дейін қайталау.
Воронканы ағытып жылдам қимылмен асқазан зондын салфеткамен ұстап асқазаннан шығару.
Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу.