Судың көмегімен физикалық салқындату алгоритмі Мақсаты: дене қызуын түсіру.
Көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:
Су 20-220С.
Губка
Сағат.
Лоток.
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
Суға малынған губк ірі қан тамырлары орналасқан жерлерді сүрту: самай, ұйқы артериясының маңы, қолтық асты, тізе асты және шат қыртыстары.
Губканы лотокқа тастау.
Қолды жуу және құрғату.
20-30 минуттан кейін дене температурасын өлшеу.
Нәтижені бағалау: өткізіліп жатқан әрекеттерден соң 20-30мин кейін дене қызуы.0,2-0,3градусқа түсуі керек
Ескерту: 1. Сүртуді әр 10-15 минут сайын қайталап отыру қажет.
2. Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдістеріне көшу керек.
Стенозды ларингит (жалған круп) Стенозды ларингит-көмей тұсындағы тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс алу жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатын жедел ауру.
Даму механизмі: Дыбыс тесігі маңының тарылуы.
Байланыс асты аймақтың ісінуі.
Көмей қуысында қақырықтың жиналуы.
Клиникалық белгілері:
Дауыстың қарлығуы.
«ит үрген» тәріздес жөтел.
Тыныс тапшылық белгілері.
Бала мазасыз, төсекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, диафрагма т.б.).