Сарсембаева Жанерке Пәні: Академиялық грамматика Силабус бойынша барлығы 7 моөЖ берілген, барлығын орындадым


Осыған дейін Николай Иванович Ильминскиийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» [8] деп аталатын практикалық мақсатта жазылған еңбегі жарық көрді



бет8/37
Дата06.01.2022
өлшемі215,16 Kb.
#11869
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Осыған дейін Николай Иванович Ильминскиийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» [8] деп аталатын практикалық мақсатта жазылған еңбегі жарық көрді. Николай Иванович Ильминский (1822-1891) – Қазан діни академиясының ірі өкілдерінің бірі, тілші-түрколог М.А. Казембек пен М.Г. Махмудовтың шәкірті. Мұсылмандарға қарсы арнайы миссионерлік курс діни академиясын тамамдаған соң, араб елінде екі жарым жыл жұмыс істеп қайтады. 1854 жылы Қазан қаласына келіп, діни академия мен университетте шығыс тілдерінен сабақ береді. 1858 жылы Орынборға келеді де, Орынбор шекаралық комиссиясында аудармашы қызметін атқарады. Мұнда зерттеуші-ғалым В.В. Григорьевтің қолдауына сүйене отырып, қазақ тілін жетік меңгеруді мақсат етіп қояды. Оның өтініші бойынша В.В. Григорьев Шекаралық комиссия жанындағы қазақ балаларына арналған мектепті бітірген, қазақ тілін жетік білетін үш қазақ жігітін жанына қосып береді. Солармен бірге Н.И. Ильминский татар тілінде жазылатын ресми хаттарды қазақ тіліне аударады. Н.И. Ильминский қазақ ауылдарына барып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен танысады. Ел арасындағы сауатты адамдардан қазақтың тілі мен әдебиетіне, этнографиясына қатысты материалдар жинайды. Атап айтқанда, 1859 жылы Маңғышлақта, 1860 жылы Бөкей хандығында болып көптеген лингвистикалық деректер жинаған. Ертегіші Марабайдан «Ер Тарғын» ертегісін жазып алып, 1861 жылы жарыққа шығарады. Ел аралау кезінде ғалым қазақ интеллигенциясының ірі өкілдерінің бірі Ш. Уәлихановпен де таныс болып, оны жоғары бағалаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет