Сарсембаева Жанерке Пәні: Академиялық грамматика Силабус бойынша барлығы 7 моөЖ берілген, барлығын орындадым



бет9/37
Дата06.01.2022
өлшемі215,16 Kb.
#11869
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
1859 жылы Н.И. Ильминский Ы. Алтынсаринмен танысады. Ыбырай Алтынсарин зерттеушінің миссионерлік идеяларын құптамайды, алайда екеуінің арасында достық қарым-қатынас берік орнайды. Ы. Алтынсарин қайтыс болған соң, Н.И. Ильминский оның хаттарын, іскери құжаттарын және ағартушы туралы өз естеліктерін шығарады (1891). Ғалымның Алтынсарин туралы жазған материалдары қазіргі кезеңде де ғылыми маңызға ие болып табылады.

Ал оның қазақ тілі грамматикасы мен фонетикасы туралы жазған «Материалы к изучению киргизского (казахского) наречия» еңбегі үш бөлімнен: фонетика (часть звуковая), грамматика, сөздіктен тұрады. Барлық фонетика-грамматикалық бөлім бар-жоғы 30 беттен (110-140 б.) аспайды. 140-159 беттер және еңбектің 152 беті сөздікке арналған. Грамматика бөлімінде тек татар тілінен ерекшеленетін формаларды ғана қарастырған.

Н.И. Ильминскийдің түркітану ғылымына қалдырған «баға жетпес байлығы» – Рабғузидің «Бабыр-наме» мен «Қысас-әл-анбияны» жарыққа шығаруы. Мұнан кейін ғалымның В.И. Вербицкиймен және Алтай діни миссионерлерімен (М. Невский) бірлесіп, 1869 жылы Қазанда құрастырған «Алтай тілінің грамматикасы» атты еңбегі басқа түркі тілдерінің грамматикасын жазуға себепші болды. «Сонымен қатар оның қазақ тілі үшін де орны ерекше.

Өйткені бұл «Грамматиканың» негізгі объектілері болған телеут, алтай, шор, тува тілдерінің фактілері кітаптың өн бойында қазақ тілі материалдарымен салыстырылып отырылады» [9, 11].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет