Сарсембаева Жанерке Пәні: Академиялық грамматика Силабус бойынша барлығы 7 моөЖ берілген, барлығын орындадым


Синтаксистік тіркесімділіктің өзіндік ерекшеліктері



бет33/37
Дата06.01.2022
өлшемі215,16 Kb.
#11869
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Синтаксистік тіркесімділіктің өзіндік ерекшеліктері

Ғалым С. Исаев: «Тіркесімділік – сөздердің тек грамматикалық

(синтаксистік) қызметі ғана емес, лексикамен, сөздердің ішкі мағына

сыйымдылығымен, семасиологиямен тығыз байланысты. Сөздердің ішкі

мағына сыйымдылығына қарай олардың тіркесімділігі артып, я кеміп

отырады. Тегінде, сөздердің ішкі мағыналық шеңбері, көлемі тіркес арқылы

ашылып, содан көрінеді. Осы жағынан сөздердің тіркесімділігі лексикаграмматикалық категория тұрғысынан зерттелуі тиіс. Синтаксистік (грамматикалық) өрісі мен семантикалық сыйымдылығын салыстыра отырып, соған

сәйкес қарағанда ғана сөздердің тіркесімділік сыры толық ашылмақ» [5,140]

дей келе, жалпы тіркесімділікке үлкен маңыз беріп, бұл мәселенің зерттелуі

тек грамматикалық қана емес, сондай-ақ семантикалық жақтан да қажет

екенін айтады.

Сөздерді жеке сөз таптарына қарай топтастырғанда олардың бірыңғай

грамматикалық мағынасы негізге алынады. Ал грамматикалық мағынаның өзі

сөздердің бір-бірімен байланысып, тіркеске түсуі нәтижесінде қалыптасады.

Соның негізінде белгілі бір сөз табындағы сөздер екінші бір сөз табын

құраушы сөздермен тіркеседі. Әрине, жоғарыда аталып өткендей, барлық

сөз таптарының бір-бірімен тіркесімділік қасиетін бірдей деуге болмайды.

Мәселен, сөз таптарының ішінен етістіктің тіркесімділік қасиеті өте күшті,

өйткені етістік барлық сөз таптарымен тіркесе береді (қалам берді, ызалана

күлді, ертең келеді, жақсы айтты т.б.). Ал үстеу сөз табының тіркесімділік

сипаты етістікке қарағанда әлдеқайда әлсіз, себебі ол барлық сөз табымен

емес, олардың ішінде сын есім, етістіктермен ғана тіркесе алады. Сондай-ақ

зат есім мен зат есім, сын есім мен зат есім, үстеу мен сын есімдер де бірбірімен тіркеседі. Бұл олардың грамматикалық қасиеті болып табылады.

Алайда сөздердің бір-бірімен тіркеске түсуінде оның грамматикалық қасиеті

ғана негізге алынбайды, сондай-ақ лексикалық қасиеті де ескерілуі керек.

Себебі бір-бірімен тіркесімге түсетін сөз таптарының ішіндегі барлық сөздер

өзара тіркес құрай бермейді, олардың арасында тіркесімге түспейтін сөздер де

бар. Мәселен, зат есім мен етістік сөз табы ретінде бір-бірімен жиі тіркесімге

түседі. Бұл – олардың грамматикалық сипаты. Бірақ зат есім тобындағы кез

келген сөз етістік тобындағы кез келген сөзбен тіркесімге түспейді. Мысалы,

ойна етістігімен бала,доп (доп ойнады,бала ойнады) сөздері тіркеседі, ал

кітап, гүл (кітап ойнады, гүл ойнады) сөздері тіркеспейді. Грамматикалық

жағынан аталған сөздердің бәрі бірдей зат есімге жатады. Алдыңғы екі

сөздің етістікпен тіркесімге түсуі олардың (бала ойнады, доп ойнады)

грамматикалық және лексикалық жағынан да сәйкестігіне байланысты. Ал

кітап, гүл сөздері ойна етістігімен грамматикалық жағынан байланысқанымен

(зат есім ~ етістік), лексикалық жағынан бұл сөздердің арасында ешқандай

мағыналық байланыс жоқ. Сондай-ақ сын есім мен зат есімдер туралы да

осыны айтуға болады. Мысалы, жалпақ бет, жалпақ мұрын, жалпақ табан

дегендегі жалпақ сын есімі мен бет, мұрын, табан т.с.с. зат есімдері тіркеседі,

ал осы сын есіммен шаш (жалпақ шаш), көз (жалпақ көз) тәрізді зат есімдер

тіркеспейді. Оған жалпақ сын есімі мен көз, шаш зат есімдерінің мағыналық

жағынан байланыспауы негіз болады. Сөздердің бір-бірімен тіркесуінде

олардың грамматикалық жағынан байланысының жеткіліксіздігі осында.

Белгілі бір сөз табындағы сөздер өзара тіркесімге түсіп, сөз тіркесі қатарында

қолданылуында олардың грамматикалық жағының сәйкес келуімен бірге,

лексикалық жағынан үйлесімділігі де маңызды болып табылады. Сөздер

грамматикалық жағынан байланысқанымен, лексикалық мағыналарының

арасында ешбір байланыстың болмауы олардың тіркесім жасауына мүмкіндік

бермейді. Бұл жөнінде ғалымдар Ә. Аблақов, С. Исаев: «Сөздердің бірбірімен тіркеске түсуінде, сөз тіркесімділігінің жүзеге асуында сөздердің

лексикалық мағынасы жағынан да сәйкестігінің атқаратын қызметі орасан

зор» деп көрсетеді [4,22].

Сөздердің тіркесімділігі тілдік категория ретінде сөз семантикасымен

тікелей байланысты. Жалпы сөздің тіркесімділік қасиеті өзі белгілейтін

зат пен ұғымның арасындағы байланыс пен қарым-қатынас негізінде

қалыптасады. Сөз семантикасы мен оның тіркесімділігі өзара қарымқатынаста болады. Олардың арасындағы байланыс жөнінде В.Н. Телия былай

дейді: «Когда семантика слов определяется на основе их значения в системе

- как единиц лексико-семантической организации языка, а сочетаемостные

свойства на основе синтагматического соположения слов, безотносительно

к коммуникативному компоненту языка (лексический аспект); изучение в

составе предложения - высказывания, когда семантика слов определяется

относительно их выбора для наименования определенного элемента ситуации,

обо значаемой в данном высказывании, а сочетаемостъ - через определение

зависимости одной номинации от другой номинации окружения, отражающего

предметно-логические связи, вычленяемые в структуре ситуации

(ситуативно-синтаксический аспект); когда значения слов рассматриваются с

коммуникативно - релевантными признаками их семантического содержания,

а сочетаемость - на основе семантико-синтаксической связи между словами

как элементами определенной пропозиции» [6,246].

Зерттеушінің сөз семантикасы мен тіркесімділігі арасындағы қарымқатынас туралы пікірінен тіркесімділік мәселесін тек лексикалық тұрғыдан

ғана емес, грамматикалық тұрғыдан да қарастыру қажеттілігі байқалады.

Ғалым Н.Д. Арутюнова сөздердің тіркесімділігін лексикалық тұрғыдан

қарастыруда сөздердің сөйлемдегі байланысын негізге алады, ал лексикалық

бірлік ретіндегі ерекшеліктерін анықтауды олардың мағынасына тәуелсіз

түрде қарайды [6,249].

Жалпы сөздерге тән синтагмалық байланыс, яғни олардың арасындағы

қатынас сөз семантикасына байланысты екендігі белгілі. Сөздің басқа

сөздермен тіркесу мүмкіндігі және бұл мүмкіндіктің жүзеге асу жолдары сөздің

белгілі бір сөз табына тән болуымен ғана емес, оның лексикалық мағынасына

да қатысты. Сондықтан сөз мағынасы мен оның тіркесімділігін бір-бірінен

серия бөліп қарауға болмайды. Сөз семантикасының оның тіркесімділігіне

негізделуі, сондай-ақ тіркесімділік сипатының өзгеруі оның мағынасының

да өзгеруіне әсер етеді.

Сөз мағынасы мен тіркесімділігінің арақатынасында сөз тіркесімділігі мен

сөз тіркесі ұғымдарының арасындағы ерекшеліктер де ескеріледі. «Сөз тіркесі

- контекст, тілдік факт, конструкция, орам, ал сөз тіркесімділігі – жалпы тіркес

атаулыны тудыратын фактор, себебі сөз тіркесі сөз тіркесімділігіне сүйеніп

барып туады. Сөз тіркесі белгілі бір тілдік элементтер үшін контекст болса,

екінші жағынан тілдік (синтаксистік) единица болып есептеледі. Сөздердің

тіркесімділік қасиеті әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық

сыйымдылығы мен грамматикалық сипатына негізделеді» [4,23].

Сөз тіркесімділігі сияқты, сөз тіркесі үлгілерінің қалыптасуына

семантикалық факторлар ерекше әсер етеді. Себебі сөз тіркесі құрамындағы

сөздер бір-бірімен грамматикалық және мағыналық жағынан өзара ыңғайлас

болып келуі сөз тіркесі үшін де басты шарт. Сөз тіркесін жасаудағы бұл

факторлардың (лексикалық, грамматикалық) байланысы мен қарым-қатынасы

тіл білімінің лексика және грамматика салаларының арасындағы жан-жақты

әрі тұрақты байланысты көрсетеді.

Сөздің грамматикалық жағынан өзіне бағынышты сөздермен тіркесу

қабілеті өте маңызды. Ең алдымен бұл қабілеттіліктің бір жағы грамматикаға,

яғни оның синтагматика аясына, сөздердің тіркесуіне негізделеді. Екінші

жағынан, семантикаға бағытталып, тілдегі лексика-семантикалық

құбылыстармен тығыз байланыста болады.

Мысалы: Өзгеше өмір әркімді де қызықтырады (Б. Нұржекеев) деген

сөйлемде бірнеше тіркестер бар, соның ішінен өзгеше өмір тіркесіндегі

өмір сөзіне өзгеше сөзі грамматикалық жағынан тәуелді: бірі анықталушы,

енді бірі анықтаушы (зат пен сын). Ал лексика-семантикалық жағынан

сындық ұғым мен заттық ұғымды білдіретін сөздер бір-бірімен мағыналық

қарым-қатынаста болады.

Ал Э.М. Медникова сөздің түрлі мағыналық реңктерін зерттеп,

сөз тіркесі құрамындағы сөздер арасындағы қарым-қатынасты талдай

отырып, синтагматикалық байланыстың лексика-фразеологиялық шартты

тіркесімділік және синтаксистік шартты тіркесімділік деген екі түрін бөліп

көрсетіп, біріншісін коллокация, екіншісін коллигация ұғымдарымен атайды

[7,89]. Коллигация жалпы, абстрактілі болса, коллокация нақты, жеке

түрде болады. Араларындағы осындай қарама-қарсылыққа қарамастан,

тіркесімділіктің бұл түрлері тығыз байланысты. Алдыңғы екі пікірден

ерекшелігі, Э.М. Медникова лексикалық тіркесімділікті «коллокация»,

синтаксистік тіркесімділікті «коллигация» деп, оларға терминдік атау береді.

Ал ғылыми тұжырымдарға ортақ белгі: лексикалық тіркесімділік тіркесімдегі

сөздердің негізгі бастапқы мағыналарының үйлесімділігіне, синтаксистік

тіркесімділік ол сөздердің грамматикалық мағынасына, яғни белгілі бір сөз

табы құрамындағы сөз топтарының грамматикалық байланысына негізделеді.

Сондықтан сөз мағынасы мен тіркесімділігінің арасындағы қарым-қатынас

тіл жүйесінде олардың қолданысымен сипатталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет