Сарсембаева Жанерке Пәні: Академиялық грамматика Силабус бойынша барлығы 7 моөЖ берілген, барлығын орындадым


Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер



бет31/37
Дата06.01.2022
өлшемі215,16 Kb.
#11869
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
МОӨЖ тапсырмалары

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеулер

Үстеудің сөзжасамы деп үстеудің сөзжасамдық бірліктерінің белгілі сөзжасамдық тәсілдер арқылы туынды үстеулер жасауы аталады. Мысалы, балаша қуанды, қыстай оқуда болды, ілгері басқан жас, тырым-тырақай қаша жөнелді, алдын-ала ескерту керек, ала жаздай не бітірдің? дегенде түрлі туынды үстеулер келтірілді.

Үстеудің басқа сөз таптарындай күрделі сөзжасамдық жүйесі болмаса да, өзіндік ерекшелігі бар, белгілі зандылықтары мен шағын сөзжасамдық бірліктері бар, тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі дерлік қызмет ететін сөзжасамдық жүйесі бар.

Үстеудің сөзжасамдық жүйесінің басқа сөз таптарынан ерекшелігі - олардың жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеруі арқылы туынды үстеудің жасалуы. Мысалы, алға, бірге, әзірге, баяғыда, күнде, лезде, төтеден, етпетінен, әуелден, жайымен, ретімен, түйдегімен сияқты үстеулер түбір сөздерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауының кірігіп көнеруінен жасалған. Бұл тілдік құбылыс басқа ірі сөз таптарында жоқтың қасы. Тек сын есімде өзге, басқа сияқты жекелеген сөздер ғана осы жолмен қалыптасқан. Үстеудің сөзжасам жүйесінде бұл тәсіл арқылы аумақты бір топ туынды үстеулер жасаған. Сондықтан оны үстеу сөзжасамының өзіндік ерекшелігі деп тану керек.

Үстеу де - өзінің құрамын басқа сөз таптары арқылы толықтыратын сөз табы. Анық айтқанда, үстеудің жасалуында басқа сөз таптарының лексикалық бірліктері негіз сөз қызметін атқарады, өзі де ол қызметке қатысады. Олардан үстеудің өзінен басқа мына сөз таптарын атауға болады: зат есім, сын есім, сан ,есім сөздер мен есімдіктер. Мысалы, әдейілеп келдім, бүтіндей жұтады, екіншілей айтпа, назарын бүкілдей аударды дегендегі әдейілеп-үстеуден, қыстай-зат есімнен, бүтіндей-сын есімнен, екіншілей сан есімнен, бүкілдей есімдіктен жасалған.

Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары шағын, алайда олар арқылы тілде бірсыпыра туынды үстеулер жасалған.

Тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің бәрі дерлік туынды үстеу жасауға қатысады.

Туынды үстеу жасауда синтетикалық тәсіл бірсыпыра қызмет атқарады. Ғалым Қ.Есенов үстеудің 27 сөзжасамдық жұрнағын көрсеткен . Рас, оқулықтарда олардың саны аз көрсетіліп жүр. Туынды үстеу жасауда аналитикалық тәсіл де елеулі қызмет атқарады, ол арқылы жасалған күрделі үстеулер бірсыпыра: бұратала (бір жолата), биыл, бүгін, жайбарақат, жаздыгүні, аққұла (қыдыру), алатөбеде, бірқыдыру, біржола, бірсыпыра, алмағайып, жеделғабыл, әр заманда, бір жақты (шешті),күн бұрын, түн ауа, алдын ала, бер жақ, соңғы рет, елең-аланда, күні кеше, ертеден кешке дейін, күндерде бір күн т.б.

Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары

Үстеу сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалып, туынды түбір үстеу сөздер жасалады. Мысалы, меніңше, осынша, онша, жыланша (иіріліп), ағашша (иіліп), жаңаша (қарау), былайша, саудырлатып, жаяулата, кешең (шықтым), күнгейлеу (жатыр), байқаусызда т.б. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары да өнімді, өнімсіз болып бөлінеді. Өнімді жұрнақтар ішінен -ша, -ше жұрнағын ерекше атауға болады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір үстеулер үлкен бір топ құрады.

Ал өнімсіз жүрнақ үстеуде көп. Мысалы, Екі жас, жаңа өспірім, Паркте жүрді кешкірім (Ж.Молдағалиев). Есеней тапсырған ту бие кешқұрым сойылды (С.Мүқанов). Осы мысалдардағы -кірім, -құрым жұрнағы басқа туынды сөз жасамаған. Сол сияқты -ғаш (алғаш), -дік (әредік), -еу (көрнеу, кешеу),қар, -кері (тысқары, ішкері, сыртқары), -ы (арнайы) сияқты жұрнақтар жекелеген, бірді-екілі ғана туынды түбір үстеулер жасаған.

Үстеудің сөзжасамдық жүрнақгары да жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар: -ша, -ше, -ы, -ай, -лық, -са, -се, құранды жүрнақгар: -лата, -лете, -кірім, -қүрым, -ыртын, -іртін т.б.

Синтетикалық тәсілге жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеріп, бір түбір сөз жасауын да жатқызуға болады: алға, артта, жүресінен, түнімен, зорга, демде, бірден, кенеттен т.б. Бүл туынды үстеулердегі жалғаулар лексикалық жағынан біртүтас түбір, біртүтас мағына жасағанымен, ондағы түбір мен қосымшаның жігі анық көрінеді, тек мүнда жалғаулар сөзжасамдық қызмет атқарады. Сондықтан оларды туынды көнерген түбірлер деп атаған дұрыс. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары мағынасы жағынан алуан түрлі, соған қарап, оларды үстеудің түрлі мағыналық топтарын жасайды деп саналады. Бірақ ол үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасын толық аша алмайды. Сондықтан үстеу жұрнақтарының мағынасын толық ашу үшін, оларды мағынасына қарай көрсету дұрыс.

Мезгіл мағыналы жұрнақтар

-тай, -дай, -дей жұрнағы мезгіл мәнді зат есім сөзге жалғанып, одан туынды түбір мезгіл үстеулерін жасайды. Мысалы, Жаздай тарының басында жүруден жалықпайды (Ғ.Мүстафин).

-ша, -ше жұрнағы үстеу сөздерден мезгіл мәнді туынды түбір үстеу жасайды: қазірше, бүгінше, ғұмырынша, биылша т.б. Мысалы, Дүние-дүние деуменен кейбіреулер, Жүреді ғүмырынша рақатсыз (айтыстан). Бүгінше Сағираның үйіне қонып шығайын (Ж.Тілеков).

-сын, -сін жұрнағы үстеуден мезгіл мәнді туынды түбір үстеу жасайды: ертеңгісін, таңғысын, кешкісін, биылғысын, түскісін. Мысалы, Ішкі запыранды төгіп-төгіп алып, едәуірдесін барып басымды көтердім (Ө.Қанахин). Мұрат кеше ертеңгісін полкты қабылдады (Т.Ахтанов).

-ын, -ін жұрнағы да зат есімдерден мезгіл мәнді туынды түбір үстеулер жасайды: қысын, жазын, күзін, күндізін. Мысалы, Қысын, жазын сабылып келеді де жатады (С.Мұқанов).

-ең: кешең. Мысалы, Алматыға бірнеше сағат кешең ұштым (Т. Бигельдинов).

Сонымен бірге септік жалғауларының көнеруі де мезгіл мәнді туынды үстеулер жасайды:

1) барыс септігі: кешке, ертеңіне, әзірге, алғашқыда, күніге, жетісіне, қазірге. Мысалы, Кешке уәделі жерге бір сағат бұрын келдім (СЖүнісов).

2 жатыс септігі: капыда, баяғыда, ертеңінде, алғашқыда, ертеректе, қазірде, әлгінде, ақырында, бертінде, түбінде, әлгіде, жаңада, демде, күнде, түнде. Мысалы, Ертеңінде ол жұмысқа шықпады (газеттен). Әдепкіде ағамнан айбындым, айта алмай біраз жүрдім (Н.Серәлиев).

3) шығыс септігі: әуелден, ежелден, баяғыдан, бастан, көптен, ертеден, кішкентайынан, басынан, кенеттен. Мысалы, Ақан Райханды көптен көрген жоқ (З.Шашкин).

4) көмектес септік: күнімен, түнімен, ертемен. Мысалы, Күнімен жұмыста болдым (газеттен).

Мекен мәнді жұрнақтар

Мекен мәнді туынды түбір үстеулер төмендегі жұрнақтар арқылы жасалады:

-кары, -кері: ішкері, тыскары, сыртқары, шеткері: Мысалы, Қақпадан басып кірді ішкері қадам басып, Бір үйінен өтеді, бір үйге асып (Абай).

-рақ, -рек: жоғарырақ, төменірек, әрірек, берірек, кейінірек. Мысалы, Мұрат басқалардан артқарақ оқшау отыр (Б.Соқпақбаев). Әскерлердің бірі қалжыңдап тіл қатып еді, Айша бұрылып, әрірек кетті (Т.Ахтанов).

-ай: жолай. Мысалы, Мектепке бара жатып жолай дүкенге кірдім (Ә.Қалдыбаев).

-ын: жырын. Мысалы, Ел ішінен жырын кеткен шіріген жұмыртқа десті (А.Байтанаев).

Сонымен бірге көнерген жалғаулар да мекен мәнді үстеу жасайды:

1) барыс септік: алға, артқа, сыртқа, төменге т.б.

2) жатыс септік: ілгеріде, төменде, жоғарыда, алшақта, өріде, алда, артта, сыртта. Мысалы, Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина мен Бәкір молда да келіп, батаның басында болды (С.Сейфуллин).

3) шығыс септік: шетінен, алдынан, артынан, сыртынан. Мысалы, Менен әзір сырыңды жасыра тұр, түбінде ең пайдалы кісің мен болам (С.Мұқанов). Шетінен өнерпаз жастар (газеттен).

4) көмектес септік: бермен, әрмен. Мысалы, Әрмен жүр, қырсығың тиеді (С.Мұқанов).

Сын-бейне мәнді жұрнақтар

Сын-бейне мәнді туынды үстеу жасайтын тілде біраз жұрнақтар бар. Олар төмендегідей:

-ша, -ше: балаша, адамша, әлдекімше, қалпынша, қазақша, әлімше, бұрынғыша т.б. Мысалы, Жастарды жаңаша тәрбиелеу керек (Ә.Нәрібаев). Батиханы өлерше ұрып тастапты (Ә.Тарази).

-дай, -дей, -лай, -лей: осылай, былай, солай, анадай, тікелей, бүгіндегідей, бұрынғысындай, ойдағыдай, кәдімгідей, мынадағыдай. Мысалы, Жүрек оты. Жүрек қызметі осылай болады (Ү.Бағаев). Мүғалімдік қызметіңді ойдағыдай атқардың (С.Омарбв).

-тіндеп: біртіндеп. Мысалы, Адамдар біртіндеп жинала бастады (С.Мұқанов).

-лықты: оншалықты, соншалықты. Мысалы, Соншалықты ренжігенің дұрыс емес (С.Мұқанов).

-лып: біреулеп, бірлеп, екілеп. Мысалы, Бірлеп, екілеп келіп жатыр (М.Әуезов).

-латып, -летіп: түнделетіп, күндіздетіп, борандатып, жауындатып. Мысалы, -Борандатып, түнделетіп келемін - деді ол, қабағы түйіліп (С.Мәуленов).

-ата, -лата, -лете: біржолата, жаяулата, түнделете, үймелете. Мысалы, Жаяулата соққан жел бойын жазып ызыңдайды (С. Мыңжасарова).

-ыртын, -іртін: астыртын, үстіртін. Мысалы, Олардың кейбір қазақ байларымен астыртын жақындасып жүргендері байқалды (С.Сейфуллин).

Көнерген жалғаулар да сын-бейне үстеулерін жасайды:

1) барыс септік: зорға, босқа, бірге, текке, бекерге, жатқа, әзерге. Мысалы, Осында зорға келдім (газеттен).

2) жатыс септік: қапыда (қапыда қалдым).

3)шығыс септік: етпетінен, шалқасынан, бірден, келтесінен. Мысалы, Ғабдолла етпетінен жатып, калың кітапты қақ жарып ашып, әндете оқыды (М.Дүйсенов).

4) көмектес септік: жайымен, женімен, шынымен, ретімен, қалпымен. Мысалы, Екеуі терезені жайымен аша бастады (М.Дүйсенов).

Күшейту мәнді жұрнақтар

Күшейту мәнді жұрнақтар күшейту мәнді туынды үстеулер жасайды.

-ша, -ше: онша, сонша, осынша, мұнша. Мысалы, Сен неге осынша жыладың? (С.Мұқанов).

-ма: осыншама, соншама, мүншама, оншама. Мысалы, Соншама иіліп, не болды? (М.Дүйсенов).

-лық: соншалық, осыншалық, оншалық, мұншалық. Мысалы, Ағаш дегенің осыншалық таптырмайтын нәрсе деп Рақым бұған дейін ойлаған жоқ еді (Б.Тілегенов).

-ты жұрнағы -лық жұрнақты сөзге тіркесіп, мөлшер мәнін береді: оншалықты, мұншалықты, соншалықты, осыншалықты. Мысалы, Осыншалықты күлдірермісің! (С.Омаров).

-лап, -леп: ондап келіп жатыр.

Мақсат мәнді жұрнақтар

-леп: әдейілеп. Мысалы, Мүрат сізді әдейілеп іздеп келдім (М.Дүйсенов).

-акдна: қасакдна. Мысалы, Әзіл үшін касақана айтылған сөз ғой (С.Мұқанов).

-а: жорта. Мысалы, Досым, бұл істі мен жорта істеп едім (С.Омаров).

Біріктіру арқылы үстеудің жасалуы

Бұл тәсілмен жасалған үстеулер біраз топ құрайды. Олар темендегі үлгілер бойынша жасалады:

1) зат есім+зат есім: енжар, жайбарақат. Мысалы, Бізде шаруаға әлі де немкүрайды, енжар карау бар (З.Шашкин). Поселке сырт карағанда, тып-тыныш, жайбарақат жатқан тәрізді (І.Есенберлин).

2) зат есім+сын есім: басыбүтін, әжептәуір. Мысалы, Осыны саған басыбүтін бердім (С.Мүканов).

3) зат есім+сан есім: ауызекі. Мысалы, Олар қолжазба күнінде қолдан-қолға көшіп, жатталып, біреуден-біреуге ауызекі ауысып жүрді (М.Кэратаев).

4) зат есім+үстеу: таңертең. Мысалы, Таңертең Абайды ертіп кеткен Жиреншенің кдйда екенін Үлжан білмеп еді (М.Әуезов).

Кіріккен үстеулер

1) есімдік+зат есім: биыл, бүгін, былтыр. Мысалы, Бүгін жұмысқа шықпаушы ма еді? (З.Шашкин).

2) зат есім+зат есім: жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні. Мысалы, Жаздыгүні кұлпырар масатыдай.

3) сын есім+зат есім: қоңыртаяқ, алатөбе. Мысалы, Хакім етігін қоңыртаяқ киіп, есік алдына шықты (Х.Есенжанов). Таңертеңгі алатөбеден тұрып, кешегі орнына келіп отырды (газеттен).

4) сан есім+үстеу: екіншәрі. Мысалы, Екіншәрі маңыма жолама (ауызекі тілден).

5)үстеу+етістік: бүйтіп, сөйтіп, өйтіп. Мысалы, Сенімен бүйтіп ешкім сөйлескен емес (З.Шашкин).

Қосарлау арқылы үстеудің жасалуы

Үстеудің жасалымында бүл - өте өнімді тәсіл. Олар төмендегі үлгілер арқылы жасалады:

1) негізгі түбір үстеу+негізгі түбір үстеу: енді-енді, ерте-кеш, әрең-әрең, әрі-сәрі. Мысалы, Ол әрең-әрең сөйлеп отыр (З.Шашкин).

2) негізгі түбір үстеу+кіріккен үстеу: кеше-бүгін. Мысалы, Ол кеше-бүгін келер еді (газеттен).

3) кіріккен үстеу+негізгі түбір үстеу: бүгін-ертең. Мысалы, Ол бүгін-ертең келіп қалар (С.Мүканов).

4) туынды үстеу+туынды үстеу: кешелі-бүгінді, ілгері-кейінді-Мысалы, Кешелі-бүгінді келер деген хабар тосудамыз (С.Мұқанов).

5) негізгі түбір+туынды түбір: жол-жөнекей, көш-жөнекей. Мысалы, Болған жайды жол-жөнекей естіген Бәдігүл солай қарай тартты (Ш.Құмарова).

6) қайталау арқылы жасалу: леп-лезде, оп-оңай, іп-ілезде, әп-өзір, еп-ерте т.б. Мысалы, Роза тұрғанша, бәрі де әп-әзір боп қалды (Н.Ғабдуллин).

Тіркестіру арқылы үстеу жасау

Тіркестіру тәсілі үстеу жасауда өте өнімді қызмет атқарады, сондықтан тіркескен күрделі үстеулер бірсыпыра. Күні ертең ел-жұртым екеуімізді екі айырып жібереді (С.Торайғыров). Мұны күні бұрын болжау қиын (М.Тиесов). Бұл - бір қожаның ерте кезде салдырған мешіті (С.Бегалин).

Тіркескен күрделі үстеулер құрамына қарай түрліше:

1) екі мүшелі тіркесті күрделі үстеулер: күні ертең, күні кеше, күні бүгін, әр жақта, әр кезде, әр уақытта, бір заманда, көш ілгері, күні бойы, жазға салым, алдын ала, бер жақ, ақырғы рет, бұрнағы күн, алдыңғы жылы, бесін мезгілінде, әуел бастан, ерте кезде, сәлден соң т.б.

2) үш мүшелі тіркесті үстеулер: күндерде бір күн, ертеден қара кешке.

3) идиомаланған үстеулер: кас пен көздің арасында, бетегеден биік, жусаннан аласа (бола калды), акай жоқ, токай жоқ, апысы кіріп, күпісі шығып, елден ала бөтен, аяқ астынан, түн баласында, қаннен каперсіз, томаға түйық, қүлан таза т.б.


6 МОӨЖ тақырыбы: Морфология



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет