келтірмей әдейі кердеңдейді. Оның оң иығын ала қона қалған келіншегі де
керемет сөздерге кеңірдектеп қалады. Ал жігіт Қалқаш екеуміздің жарасқан
жайымызға әлденеше рет көз-қырымен қарап өткен» [140,294]. Осы тұста
автордың жас ғалымды ғана емес, банкетке келген ғалымдарды сынға алып
отырғаны «жігітке бағышталған небір сүбе майы кере қарыс сөздер әркімнің
аузынан кертіліп-кертіліп шығып, жас ғалымның санасын кептеп-ақ жатыр»
деуінен анық байқалады. Оның мұндай майлы сөздерге лайық еместігін
байқатады. Тіпті, Қалқаштың өзін көзінен таса қылмай, қызғанып, журналист
жігітпен қатар отырғанын жақтырмай, кетіп бара жатқанда «қасқырға жегізбей
үйіне алып барарсың... Ар жағын өздерің білерсіңдер» деп кекетіп, мысқылдап
айтқан арсыздығы да бездіріп жібереді. Ал хат иесі Есен қиқы-шойқы әріптерін
өз әлінше әдемі жазуға талпынатын, тілдесуге батылы жетпей, сыртынан ғашық
боп жүрген еңбек пен адал махаббаттың жас жауынгері. Ол барынша ашық,
141
қыздан ештеңе жасырмайды: би билеу білмейтінін де, ауылдың қыздары
тартпайтынын да; өзінше қызға «сені Алматыдан ақ шанамен алып қашсам»
деп арманын да жазып қояды, өзінің тракторшылар курсында оқып жүргенін,
жақын арада трактор айдайтынын мақтана жазуының өзі оның ешқандай
еңбектен қашпайтын еңбекторысы екенін білдіреді. Ол Қан секілді өмірін
есепке құрған жан емес, оған ақша, абырой, атақ емес, адал, таза махаббат
керек. Қалқаштың кім екенін білмесе де оған көмек қолын созады, ақша керек
болса айт, жерден шұқысам да тауып берем деп қояды. Оқырман өмірдің
әділетсіздігін танып, налиды. Қан жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп,
шалқып, қалқып өмір сүрсе, Есен қандай қызық көрді? Күн-түн демей,
тынымсыз еңбек етіп, шаршаған сәтінде терезеден қарлы адырларға қарап
отырып қана демалатын жігіт ғұмыры келте болды, бригадирдің орынсыз
бұйрығын орындаймын деп пәленбай тонналық «ДТ» -ның астында мыжылып
қалды. Мыжылмай аман қалған – кеуде қалтасында сақтап жүрген Қалқашқа
жазған соңғы хаты ғана. Сонда автордың айтпағы не? Қалқаш сынды не ішем,
не кием демей, үлде мен бүлдеге оранып өскен қаланың ерке қызына ой салу,
соны тәубесіне келтіру ғана ма? Жоқ, олай емес екен. Бұл хаттың маңызы біз
ойлағаннан да мәндірек екен. Есеннің көзі жоқ болса да, жазған хатының өзі
журналистің қыз үйінің табалдырығын аттағанда бойында оянған жеңіл сезімін
азғырып өткен ұятсыз ойларын жым қылды, тіпті жерге қаратып ұялтты.
Әдебиеттің тәрбиелеушілік мақсатын да автор дәл керек жерінде пайдалана
білген деуге болады.
Қосжан Мүсіреповтің «Қызғаныш» новелласында да сюжеттік деталь Есжан
есімді жігіттің жары Айнұрға ауруханада жазған – аманат хаты. Бұл хат
новелланың идеясын ашуға да септігін тигізеді. Оқырманға новелланың
жұлынындай әсер етеді. «Сонау соғыс жылдарындағы ақ шымылдығын
былғамаған жесір келіншектей күн кеш» [156] деген хаттағы аманат сөздердің
өзі авторлық идеядан хабар береді. Сүйген жарының соңғы демі бітердегі жан
сөзі, жан сыры, ғұмырлық тілегі, өмірлік өтініші Айнұрға бір жағынан
жолдасының арқалатқан жүгі мен артқан парызындай, екінші жағынан
тіршіліктің тарау-тарау жолдарын нұсқайтын, бағыт-бағдар танытатын даналық
өсиеттей әсер ететін. Айнұрдың жарының көңіліне кірбің салған, кеудесіне
күйік түсірген кездері болмаған еді, өйткені ол оның аппақ ары, аяулы арманы,
адал абыройы еді. Соны бар жан-дүниесімен ұғынып, сезінген Айнұр өле-
өлгенше Есжанның аманатын аманаттай ақтауға өз-өзіне ант берді. Бұл шағын
дүние арқылы тағы бір арды ойлаған қазақ әйелінің асқақ образымен таныс
боламыз. Қ.Мүсіреповтің «Сағынтсаң да сарғайтпа» келесі бір лирикалық
новелласында да шығарманың лейтомотиві хат болып келеді. Мұнда үй ішінен
сағына хат күтіп жүрген санаторийге демалуға келгендердің ішіндегі
байсалдысы да, жасы жағынан үлкені де Кәкең болатын. Ол да үйіндегі
көгершіндерінен хат алғанда қатты қуанатыны: «байсалды қалпынан көріне-
көзге айрылып, көңілденіп кетеді. Көзілдірігін бір киіп, бір шешіп» әдеттегі
дағдысынан жаңылатындығы, оқып болған соң: «көзінен жас моншақтары
тырс-тырс тамды» [157] детальдары арқылы ішкі толқынысы беріледі.
142
Жанындағылардың өзі не күлерін, не жыларын білмей, балдырғанның ыстық
сағынышқа толы сөздерінен сонау сұрапыл соғыс жылдары есіне түсіп, жүрек
толқынысын басынан кешіреді.
Бірқатар қазақ новеллаларының сюжетіне арқау болатын ерекше бір деталь
бар. Ол – терек. Фольклорда бар шоқтерек мотиві. Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
жырында кездесетін кезінде Ә.Марғұлан сипаттаған шоқтерек өзінің
символдық мәнін қазіргі прозамызда да жоғалтпаған. Қай уақытта да жазықсыз
жандарға сая болған, қанатының астына алып, пана болған теректің жөні бөлек.
Прозамыздағы терек сипатына көңіл қойып қарасақ, авторлар үнемі теректі –
айрылысудың, адам басына түскен ауыр қайғы мен мұңның белгісіндей етіп
береді.
Б. Бұлқышевтің «Жауыздық пен махаббат» немесе «Бір құрдас туралы хат»
деп аталатын новелласы бір Отанның, бір тілекті жұршылықтың тағдыры үшін
оқ атып, тізерлесе қатар соғысып жүрген дос жайында сыр шертіледі.
Шығармадағы көзге түсетін ерекше деталь – қарт терек. Бұл жай терек емес,
шығарма атауында беріліп тұрған жауыздық пен махаббаттың тірі куәсі.
Жастар махаббатының, бақытының, лапылдаған жастығының, бір-біріне деген
ыстық сезімінің куәсіндей болған теректің ортасынан қақ бөлінуі арқылы автор
қос ғашықтың бір-бірінен айрылғанын меңзейді. Новелла басында суреттелген
деталь – жансыз терек арқылы автор құрдас махаббатының да өртке
шарпылғанын ұғындырады. Соғыс өрті кешегі сұлу село, бұтағын жайған терек,
сүйгенін көріп күлімдеген арудың өмірін күл-талқан етті. Ғасырлар бойы өмір
сүрген автор құрдасының махаббаты мен уәдесінің куәсі болған қарт терек те
жансыз қалды. Сұлуға өлім, қартқа қайғы, махаббатқа оқ атылғанын ерекше
әсерде көрсететін екі заттық деталь – бірі қарт терек, екіншісі – скрипка.
Фашистер келіп, жапырып, жоқ қып кеткен село халқынан тірі қалған жалғыз
жан, көзі көруден қала бастаған, аяғын сылтып басқан, алты жыл бойы
қартаймай, алты ай немістердің тепкісінде қартайған, өмірінде қолына скрипка
ұстап көрмеген қарт қайғы-қасіреттен музыканы өзіне дос етті, скрипка арқылы
кеудесін кернеп, өртеп бара жатқан қайғы шерін тарқатты. Автор жаны жаралы,
үміті үзілген қарияның жан жарасын жеңілдету үшін заттық деталь –
скрипканы да сәтті енгізген. Өйткені бүкіл селоның трагедиясы скрипканың
қылында, содан төгілген зарында. Автор соғыстан кейінгі село көрінісін
қынжыла, қамыға суреттейді.
Сырбай Мәуленовтың «Туған жердің терегі» новелласындағы діңгек
туынды тақырыбы айтып тұрғандай – терек, туған жердің терегі. Новелла
кейіпкерлері – аналары жастай өліп, әкелері тастап кеткен тастанды балалар
Алмас пен Балғыйшын. Екеуі балалар үйінде ер жетіп, ат жалын тартып мініп,
еңбекке, ел қатарына қосылғанына аз уақыт өтпей соғыс басталып, Алмас
майдан даласында ерлікпен қаза табады. Соғыс біткен соң да «қара қағазға»
сенбей үмітті болып жүрген Балғыйшын досы Жошы арқылы оның баянсыз
тағыдырына қанық болған соң, іздеп қабірінің басына келеді. Жай келмейді,
өздері бала күнінде талай көлеңкесін саялаған қос теректің тұқымын әкеп
отырғызды. Бірер айдан соң қабір басында жас терек желмен бірге күбірлеп
143
сөйлескендей желбіреп тұрды. Туған жердің терегі теңселмей, бұлтты да,
жаңбырды да елемей, тереңге тамыр жайып, биіктеп өсе бермек [162].
Жазушы Хамит Ерғалиевтің «Жалғыз терек» новелласында да сюжетке
арқау болған – терек. Терек қана емес, хат-деталь да сюжет құруға негіз болған.
Новелланың басынан аяғына дейін сымша тартылған терек тұлғасы оқырман
көз алдында біртіндеп биіктей береді. Үш жыл майдан даласында болып, ауыр
жараланған Сәлім елге оралғанда анасының айықпас дерттен о дүниелік болып,
өз еркімен соғысқа аттанған дәрігер жары Зәуренің соғыс даласында мерт
болғанын біледі. Сюжет құруға негіз болған, шындап келгенде жазушының
қолына қалам алғызған бұл саялы теректің мәні зор: Сәлім үшін сырлас
досындай болған бұл кәрі терек оның бала кезінде мұны күтушідей иығынан
түсірмей, талай жаялығын күнге кептіріп, ол аз болғандай жігіт болып бой
түзеген шағында сүйген жарымен екеуі талай рет сүйенген терек бұл. Жазғы
кеште екі жастың сыбдырына сыбдырын қосып, нелер тамаша таңды бірге
күзеткен терек. Адам баласына ғана емес, тірі дүниенің бәріне қайырлы
теректің жоғарғы бұтағындағы құстың ұясы да талай түлекті қанаты қатқанша
тербетіп, жаздың бір әсем күндерінде шырқау биікке ұшырып жіберетін. Ойын
қуған балаға да, жар сүйген жасқа да, ұшқан құсқа да рахымы мол терек
болатын. Соғыс басталғанда Сәлім дәл осы терек түбінен соғысқа аттанып,
« кірпігінің әр талында бір тамшы дірілдеп-қалтырап, бір түрлі жалынышпен
Достарыңызбен бөлісу: |