Сатылханова гульмира алихановна


 Көркемдік детальдың новелла жанрындағы басты қызметі



Pdf көрінісі
бет57/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66
3.3 Көркемдік детальдың новелла жанрындағы басты қызметі 
 
Детальдың  тағы  бір  қызметі  –  шығармаға  шынайылық  дарыту. 
Суреткерлердің бірқатарының осы бағытта аса өнімді қолданған деталь түрі  – 
тілдік  (сөйлеу)  деталь.  Тілдік  деталь  диалог  құру,  ішкі  монологқа  ден  қою 
арқылы  жүзеге  асатыны  түсінікті.  «Көркемдік  интерпретациядан  өтетін  өмір 
шындығының  сенімділігіне  айқын  кепілдердің  бірі  –  кейіпкер  сөздері. 
Қаһарманның тек өзіне хас дара характері оның сөйлеу мәнерінен көрінеді. Бұл, 
әрине, диалогтың эстетикалық мәнін анықтайды. Монолог арқылы да мінездер 
ерекшелігі, ойлау сипаттары, образдың дүниетанымдық арналары өрнектеледі. 
Шығарма  идеясының  небір  нәзік  тұстары,  кейде  автор  мұраттарының  басты 
дәні  көп  ретте  ішкі  сөздер  ағымымен  бейнеленеді»  [55]  дейді  Б.Майтанов. 
Яғни, өмірлік шиеленісті ситуацияларды сенімді, табиғи қалпында, жеке мінез 
ерекшелігін  көрсете  отырып,  тілмен  өрнектеуде  сөйлеу  деталінің  мәні  зор. 
Көркем  шығармадағы  тілдік  детальдар  автордың  сөйлеу  мәнері  және 
кейіпкердің сөйлеу мәнері болып екіге бөлінеді.  
Әдебиеттанушы  ғалымдардың  зерттеу  еңбектеріне  сүйенсек,  тілдік 
детальдің өзі іштей бірнеше түрге бөлініп, төмендегідей қызметтер атқарады: 
1. Психологиялық тілдік деталь. 
2. Характерологиялық тілдік деталь. 
3. Тарихи-мәдени тілдік деталь. 
4. Әлеуметтік-анықтауыштық тілдік деталь. 
5. Бағалауыштық тілдік деталь. 
Қазақ  новеллистері  кейіпкерлерінің  көңіл  күй  иірімдерін  тілдік  детальдар 
арқылы  түрлі  ракурста  –  бірде  жегідей  жеген  ой  құшағында,  бірде  сан  саққа 
тартқан көңіл екпінінде аша білгендігі байқалды. Кейіпкерлердің сөйлеу тілінде 
детальдар  көптеп  кездеседі.  Бір  шолып  өткенде  елеусіз  болып  көрінген 
кейіпкер  сөзінің  өзі  образды  ашып  көрсетуде  аса  маңызды  болуы  мүмкін.  Ал 
тілдік детальдардың мысалдарын біз новелла кейіпкерлерінің диалог, монолог, 
полилогтарынан кездестіреміз. Әрбір көркем прозада диалог үлгісі кездесетіні 


148 
 
белгілі. Сондықтан диалог-детальдар өнімді түрде қолданыс тапқан деп айтуға 
негіз бар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет