«Әліппе» оқулығының құрылысы мен мазмұнын талдаңыз Оқулықтың авторы: Ә.Е. Жұмабаева, Н.Ж.Құрман, Б.А.Сабденова
Алматы, Атамұра баспасы 2021ж-112 бет
Оқулықтың ең 1-ші бетінде қазақ әліпбиі беріліп, содан тапсырманы қалай орындау керек екендігіне нұсқау беретін 20 түрлі шартты белгілер берілген
Оқулықтың 3 бетінен бастап Тұңғыш әліппені жазған А.Байтұрсынұлының оқушыға жолдау сөздерден басталады.
Оқулықта әліппеге дейінгі кезең 15-ші бетке дейін келесі тақырыптан құралады:
сөйлеу, сөйлем
Сөз
Буын
Дыбыс.сөз
Әліппе кезеңі 16 беттен басталып, 84 сабақты қамтиды.
Редакторы Р.Райбаева
Суретшісі Б.Ералиева
Көркемдеуші редактор А.Бекқожанова, А.Лукманов, А.Айдархан
Техн.редактор Ұ.Рысалиева
Корректоры Е.Амангелді
Компьютерде беттеген С.Төлегенова
Әріптер келесі ретпен меңгеріледі:
А, р л у н с о т қ ы з м ед ш ұ б й к і ң ғ ж ә п ү ө г и я ю х һ щ в э ё ц ф ч ь ъ
Бірінші 5 әріптен кейін Не үйрендім? Не білдім тақырыбын өтеді. Келесі 11 және 10 әріптен кейін де сол тақырып арқылы үйренгендерін нәтежелейді.
Әліппе оқулығының бетінде оқу материалдары қазіргі қоғам талаптарына сәйкес ұсынылған. Әрбір дыбыс пен әріпке арналған тақырыптың соңында сөзтаным материалдары берілген. Онда оқушылар қазақ фольклорындағы жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер мен түрлі танымдық тақпақтар QR-код арқылы тыңдай алады.
Әр жаңа әріппен танысқан кезде оның баспа және жазба түрімен танысып, жазба түрін жазып, қысқа сөздерді оқып, текшелермен жұмыс жасайды..
3
А.Байтұрсынұлының әліпбиіне талдау жасаңыз.
Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, ыңғайластыруды қолға алынып, 1912 жылдардан бастап қолданысқа енді. Сол әліпби негізінде тұңғыш «Әліппе» оқулығы жарыққа шықты.
А.Байтұрсынұлы «Әліппесі» араб жазуының құрылымы мен ерекшелігіне негізделген. әліпби 24 таңбадан және дәйекшеден тұрады.
Ол дыбыстық әдіспен оқытуға негізделген. “Әліпби” жаңа құрал оқулығын жазғанда көрнекілік,түсініктілік, өмірмен байланыстылық, дасыиа оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық көрінеді. Себебі автор бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен берілуін ескерді. Бұл жаңа құралда сөйлем әрекеттерінің жазылым, айтылым, оқылым түрлеріне әртүрлі тапсырмалар берілген, тыңдалым әрекеті “Дыбыстық әрекетке” негізделген.
А.Байтұрсынұлы «Әліппені» әр басылымында жетілдіріп, толықтырып отырған. Мәселен 4-ші басылымында қазақтың 28 дыбысына арналған 24 таңбаны үйретіп біткеннен кейін «Өзге тілдердегі дыбыстардың таңбалары» деген тарау беріліп, онда араб әліпбиінен шығарып тастаған 12 таңба мен араб тіліне тән харакат, сукун, тануин, хамза белгілері үйретілген.
«Әліппенің» 4-ші басылымында үйретілетін 11-ші әріп ретінде ұ таңбасы алынған, ал 7-ші басылымында 11-ші әріп ретінде у таңбасы берілге
Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынұлы ұзақ ғасырлар бойы орта түркі жазу дәстүрін сақтап келген қазақ жазуын қазақтың ауызша тіліне лайықтаған алғашқы реформатор.