1
|
Графикалық және каллиграфиялық қателер, оны түзету жолдарын талдап өтіңіз
Оқушылардың әріпті, сөзді, сөйлемді дұрыс жазу машықтарын жетілдіру үшін жаттығулар орындатылады, бұндай жаттығулар біркелкі көлбеулік пен арақашықтықты және жазу байланысын сақтау сияқты дағдыларын жетілдіреді.
графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор.
Жазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді ұстану қажет:
Қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;
Қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен сызылады, қажетті тыныс белгісі қойылады;
Қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен сызылып тасталады;
1, 2 – сыныптарда сызылып тасталғанның үстіне әріп, сөз, сөйлем жазылады;
3, 4 – сыныптарда дәптер шетіне жазылады ( / ) – емлелік қате, ( V ) – тыныс белгілерінен жіберілген қате;
Баға тапсырманың оң жағына қойылады;
Мадақтау жазуларын жазуға рұқсат; Ескерту, сұраулы ескертулер жазбаған жөн;
2, 3, 4 – сыныптарда мазмұндамаларға , шығармаларға 2 баға қойылады, журналдың 1 тор көзіне екі баға қойылады (4/5);
Жазба жұмыс дәптерлері күнбе- күн тексерілуі керек;
Қатемен жұмыс жасалынады.
|