Жазылым прродуктивті дағдылар қатарына жатады. Жазылымды үйретудің продуктивті және процесті жазылым жолдары бар.
Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, ол продуктивті жазылым деп аталады. Яғни оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, оны талдайды.
Егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады.
Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Қызығушылықты ояту кезеңінде «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.
Мағынаны тану кезеңінде «Кейіпкерге хат жазу», «ДЖИГСО», «Талдау картасы» тәсілдерін қолдану тиімді деп ойлаймын.
жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) ақпаратты сурет, пиктограммалар арқылы беру;
2) сөздердің дұрыс жазылуын меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
3) мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жазу;
4) сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрап жазу;
5) шағын хат жазу;
6) есте сақтау арқылы жазу;
7) сурет бойынша жазу;
8) өзі құраған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.