Байланысты: 1. Сауат ашу кезінде ж ргізілетін тіл дамыту ж мыстары
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары.
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты –сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушыларды екінші жарты жылдықта «Ана тілі»пәнінен оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамында оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл –ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі – мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді.
Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударады.
Сауат ашу кезіңде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалады.Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалин, С.Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйқыбаевсекілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән береді.
Тіл дамыту жұмысы сауат ашу кезеңінде де жүргізіле береді.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан ерекшелігі – оқыту ісіндегі талдау және жинақтау ісінің бірлігінде.
Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады:бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету.
Бастауыщ мектепте тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтиды:
Оқуға үйрету;
Сөздік қорын, оқушылардың логикалық жүйелікті қамтитын байланысын сақтап сөйлеуін дамыту;
Фонетиканы,сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;
Тілдегі дыбыстардың құрамын, жасалу,жүйеленуін игергеннен кейін дауысты дыбыстардың буын құрайтыны жалғасады. Сөзді буынға дұрыс бөлу жазуда да, оқуда да, салауаттылыққа үйретеді. Сөзді буындап үйрену арқылы жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалғанда дұрыс тасымалдауға болады. Сөйлемдегі сөздерді түгел буындап, талдағанда сызықша арқылы бөлінеді. Дауысты дыбысты созып оқыса, буынмен екінші буын араласып, оқуда, жазуда, тасымалдауда қате кетеді. Мысалы:мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, деген сөйлемді алсақ: мен – бір буынды сөз, тасымалданбайды. Жаз – баймын, жазбай-мын, жаз-бай-мын – үш бұынды сөз, екі жолмен тасымалданады;
Ө-леңді, өлең-ді – үш буынды болғанмен, бір жолмен ғана тасымалданады.
Жалпы фонетикалық талдауға дыбыстық, буын құралдарына талдау, буын түрлеріне, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне қарай және екпін қойып талдау кіреді. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыздыбыс астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын айтады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мөлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазылуға төселеді. Фонетикалық тақырыптарды толық игергенде толық талдау жасалып, оқушы білімін бекітуге болады. Толық талдауға білімділік, тәрбие мәні бар тұтас сөйлемдер алынып таладнады. Толық талдау дегеніміз – сол тақырыптан алған білімді жинақтау, жүйелік дәлелдеу. Оқушы толық талдауды жүргізгенде әуелі тұтас сөйлемді буындап оқып, буындап жазады. Тасымалдау үлгісін көрсетеді, астысызылған бір сөзге толық дыбыс құрамына талдау жасайды, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне бағынып және бағынбай тұрған сөздерді дәлелдейді, екпін түсіреді. Оқушы берілген сөзге дыбыстық талдау үшін берілген сөзді жазады, сөзде қанша буын барын анықтайды, сөзге неше дауысты неше дауыссыз дыбыс барын жазады, дыбыстарды түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы: жеміс сөзі. Же-міс екі буын, бес әріп екі дауысты, екі дауыссыз бар, ж – дауыссыз, ұяң; е – дауысты, жіңішке; м – дауыссыз, үнді; і- дауысты, жіңішке; с – дауыссыз, қатаң.
Осы жердегі бастауыш сыныптарда оқылатын пәндер арасындағы байланысқа назар аудара кетейік.Тышқан, жапалақ, қарлығаш, маса, бидай зат аттары, табиғат объектілері. Мұның ішінде балалар түгелдей біле қоймайтын жаңа сөздермен таныс болады. Тышқанның бірнеше түрлерінің бар екендігі түсіндіріледі. Сөйтіп оқушылардың сөз байлығы артады. Зат есімге жататын бұл сөздер кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Ал миллион деген сандар математикалық ұғымдар, ол сандарды жазып көрсету үшін математиканың (арифметиканың) негізі болып табылатын 0 (ноль) және 1-9 арасындағы цифрларды пайдаланамыз. Сөйтіп осы бір сөйлем арқылы ана тілі, қазақ тілі, математика арасындағы байланысты көріп отырмыз.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2050-стратегиялық бағдарламасында 10 түрлі қатерлі сын туралы айтты. Соның біріншісі «тарихи жаһанданудың жеделдеуі». Елбасы бұл жерде алғашқы қауымдық қоғам (жүз мың) жылды, құлдық қоғам 5000 ( бес мың) жылды,феодалдық қоғам 1300 (бір мың үш жүз) жылды бастан кешірсе капиталистік қоғам 700 (жеті жүз) жылды бастан кешіріп отыр. Қоға осы дамуынан жанылыспаса жаңа қоғамның пайда болуы алыс емес екендігін меңзейді. Сол себепті дүние жүзі халықтар санының демографиялық өсуі туралы мысалдар келтірді. ХХ ғасыр басындағы 2 млрд халық саны аяғында яғни, 2000 ж 6 млрд болды. Осы халықты асырау жердің мойнына жүктеле ме? Ол өзінше мәселе. Бұл жерде біздің айтпағымыз математикамен тарихи өзгерістің байланысы.