Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі



бет50/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Әліппеден кейінгі кезең
Бұл кезеңде оқушылардың оқу және жазу машықтары жетіле түседі. «Әліппе» соңында бірілген материалдардың білімдік, тәрбиелік жағына мән беріліп, «Әліппемен» қоштасуға арналған өлең, тақпақтарды оқып үйренеді. Бұл кезеңнің ерекшілігін, маңызын жете көрсету үшін, «Әліппе серігін» түрлі суретті кітапшаларды кеңінен пайдалану да ескеріледі.
Оқуда: әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді
байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу; 
байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда: мәтінмен жұмыс; алғашқы 
грамматикалық мағлұматтарды меңгертуде: сөйлеу, сөйлем, дыбыстар мен 
әріптер, сөз, орфография, мәтін;
жазуда: көшіріп жазу, есту арқылы жазу, есте сақтап жатқа жазу, көркем жазу, 
шығармашылықпен жазу, сөз, сөйлем, шағын мәтіндерді жазу. 
Бастауыш мектепте оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың 
жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік 
дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты 
ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу 
және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді. Сауат ашу оқу 
пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің ұстанымдарына сауат ашудың мақсат-
міндеттеріне сәйкес болу, алты жастағы балалардың жас ерекшеліктерін 
ескеру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру ұстанымдары жатады. 
Бұл ұстанымдар ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыратын 
тілдің графикалық, дыбыстық-әріптік жүйесін тұтастай қабылдауға, 
оқушылардың оқу қызметінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Сауат ашу» пәні 
аптасына 7сағаттан оқытылады. Барлық сағат саны– 238, оның ішінде: «Сауат 
ашу» пәнін оқыту үш кезеңге бөлінген: 
1)Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат. 
2)Әліппе кезеңі - 98 сағат. 
3)Әліппеден кейінгі кезең - 126 сағат. 
Білімі: 
-қазақ әліпбиіндегі әріптердің аталуы мен олардың дыбысталуын білу; 
-дыбыс түрлерін: дауысты және дауыссыз дыбыстарды, жуан және жіңішке
дауысты дыбыстарды білу; 
-жуан және жіңішке айтылатын сөздерді білу; 
-жуан және жіңішке  жұп дауыстыларды білу; 
-сөздерді дұрыс буынға бөле білу және тасымалдай білу
-заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді және оларға
қойылатын сұрақтарды білу; 
-сөйлемді, сөйлемдегі сөздердің байланысын білу; 
-кісі аттары мен үй жануарларына қойылған аттар және жер-су атауларының
бас әріппен жаза білу; 
-сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен бастап, ондағы әрбір сөзді бөлек жаза
білу, сөйлем соңына нүкте қоя білу; 
-қысқа өлеңдерді жатқа айта білу. 
Біліктілігі: 
-байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы, түсініп, мәнерлі шапшаң оқи алу; 
-сұрақтарға  жауап бере алу, оқығанан мазмұндай алу; 
-сөйлемдегі сөздердегі сөздерге грамматикалық сұрақтар қоя алу
-жеке сөздерді, сөйлемдерді және шағын мәтіндерді жаза алу; 
-мұғалім айтуымен жаза алу, сұрақтарға  жазбаша жауап бере алу; 
-диктант жаза алу. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет