Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


-сынып соңында оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар



бет51/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

2-сынып соңында оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар
2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады. • оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.


Қазақстан Республикасында бастауыш білім мазмұнын жетілдіру.
Бастауыш деңгей - білім берудің оқушы бойында тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуы қуатты жүретін, жоғары буындармен сабақтаса дамитын және кез келген арнайы білім алудың негізі қаланатын құнды буыны. Сондықтан білім беру мазмұнын жобалау барысында бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік-мәдени, биологиялық, психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілерін басты назарда ұстаған дұрыс. 
Бастауыш білім берудің жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары әзірленді:

  1. оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген бастауыш білім берудің мақсаттары жүйесіне қол жеткізу есебінен оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;

  2. мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;

  3. қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;

  4. білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңмен толықтырып отыруға;

  5. күнделікті білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидасын іске асыруға;

  6. балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;

  7. орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;

  8. білім беру ұйымдарындағы инновациялық практиканы қолдау мен дамытуға;

Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін Классикалық дидактикада бұрыннан белгілі болғанымен жаңа мазмұнды жобалауда спиральдік (шиыршық) қағидасы қолданылған. Бұл қағида бойынша білім алушы бастауыш мектептегі білімді алу барысында тақырыптар мен ұғымдарды бірнеше рет қайталайды, ал әрбір қайталау барысында оның мазмұны күрделене түседі. Пәнаралық интеграция мен ортақ тақырыптар арқылы білім алу осы қағидаға негізделген. Оқу пәні бойынша мазмұнды жобалаудың ұстанымдары өзгерді: сызықтық ұстаным спиральдік (шиыршық) ұстанымына алмасты, яғни білім мен біліктің бірте-бірте тігінен және көлденеңінен (сынып, тақырып бойынша дағдылардың күрделенуі) ұлғайтылуы. Осыған байланысты, оқу бағдарламасы мазмұнының құрылымына негіз болған спиральдік ұстаным негізге алынып отыр. Меңгерілетін оқу материалының, құрылымының, сынып және тоқсан бойынша ұсынылған пәнаралық «ортақ тақырыптардың» спиральдік ұстанымы бойынша беріледі.
Бастауыш мектеп оқушыларын айналамен таныстырудағы алғашқы түсініктер баланы қоршаған заттар мен құбылыстардан алынған: сынып, мектеп, мектеп ұжымы, мектепте жүру ережелері, оқушылардың міндеттері мен құқықтары және т.б. Осыған сай, оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бастауыш мектеп оқушыларының айналасындағы дүниеден алынады
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін төмендегідей сипаттауға болады: нысандар, құбылыстар мен жағдаяттардың қатынастарын және сапаларын қабылдауы жеткілікті дамыған, бұрынғы тәжірибесін жаңа қабылдағанымен салыстыруға қабілетті, көп деңгейлі, көп факторлы нысандар, құбылыстар мен жағдайлардың арасындағы байланыстарға сай логикалық ойлау мүмкіндігіне ие, өзінің ойын байланыстырып жеткізе алады. Осылайша бастауыш сынып оқушыларының танымдық психикалық және тұлғалық сапалары жаңартылған білім мазмұнын меңгеруіне мүмкіндік береді деген тұжырымға келеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет