Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқып үйренудің міндеттері



бет38/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқып үйренудің міндеттері
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге арнайы мектептегі “Дүниетану пәнін” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал «Дүниетану пәнін» пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдістәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:  оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);  оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);  дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білікдағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.


Математика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда балалардың математикалық даму жұмыстарының әр түрлі формалары

Оқушылармен жүргізілетін математикалық сыныптан тыс жұмыстарының әрқайсысын жеке қарастыруға болады. Алайда, біз сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы болып есептелетін - үйірме жұмысының ерекшелігіне тоқталамыз. Ол ерекшеліктер:


а) үйірменің тақырыбын таңдаудың ерекшелігі;
ә) үйірменің лекциялық, практикалық әдеттегі жай сабақ түрінде, қабырға газеттері, олимпиадалар, мектептегі үйірме, бір не бірнеше мектептегі параллель сыныптардың үйірмесі т.с.с. түрлерінің айтарлықтай әралуандылығы;
б) маттериалының қызықтылығы;
в) бір тақырыпқа бөлінетін сағат санының аздығы;
г) таңдап алынатын сабақ тақырыбының әртүрлі болуымен ерекшеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстар мен факультативтік сабақтар оқушылардың қызығушылығын дамытып, ынтасын арттыруы керек. 1-4 сынып оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, өткізу әдістері, формасы жеткілікті талданбаған, оны халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарымен жеткілікті түрде байланыстырылмаған. 1-4 сыныптарда тек сан ғана қарастыру бастауыш сынып оқушыларының жалпы математикалық және жалпы білім алудағы мол мүмкіндіктеріне өзінің кедергісін келтіріп отыр. Бұдан кейін жасалатын жаңа оқу бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларының терең білім алудағы мол мүмкіндіктерін ашатындай қызықты сыныптан тыс жұмыстар түрлерін ұйымдастыру қажет. Жоғарыда аталған ерекшеліктердің біразы 4-5 сыныптарда «қиындығы жоғары жаттығуларды таңдап алу сияқты мәселелерге қатысты төменгі сыныптарда ұйымдастырылатын математикалық сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. 
Математикалық олимпиадалар.
Математикадан олимпиадалар өткізу және оны ұйымдастыру Республикамызда 1934-35 жылдардан бері сыныптан тыс жұмыстың бір түрі ретінде қалыптасып, дәстүрге айналды. Оның мақсаты оқушылардың математикаға қызығушылығын арттырып, өзбетінше ой тұжырымдарын жасай білуге, математикалық қабілеттің дамуына қол жеткізу, бұлардың ішіндегі ең негізгісі математикаға қабілетті оқушыларды анықтау болып табылады.
Орта мектеп математикадан қызықты кеш ұйымдастыру, викториналар, ғалым математиктермен кездесу, қабырға газеттерін шығару, жаздағы лагерлердегі жас математиктер қоғамы мен жарыстары және конференциялар өткізу, оған баяндама жасауға әзірлену, математикалық шығармалар жазу, көрнекі құралдар жасау жарысы сияқты сыныптан тыс жұмыс түрлеріне үнемі назар аударып, оны әдейі ұйымдастыруы, олардың еңбегін бағалауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет