Поль Брэгг адам денсаулығына судың әсер ететін аспектілері: тамақ жасау барысында, ауыз су ретінде, су процедуралары, минеральды сулар, ыстық көздер.
Ол суды ағзадан қалдықтарды, зиянды заттарды шығарушы ретінде және қан циркуляциясы, ағзадағы температуралық балансты сақтаушы, буындар үшін майлайтын зат ретінде қарастырады.
Доктор Дұрыс Тамақтану
Поль Брэгг ойынша, адамның тамақтану рационының 60 % пайызын жаңа, шикі көкөністер мен жидектер құрау керек.
Доктор Ораза (Ашығу)
Поль Брэгг ойынша, «терең білімге негізделген және бақылау астындағы ораза ұстау – денсаулыққа жетудің ең қауіпсіз, сенімді жолы» болып табылады.
П. Брэгг көбінесе қысқа уақтылы ораза ұстаған: аптасына 24-36 сағат және кварталына бір апта.
Доктор Физикалық Белсенділік
П. Брэгг оқырманның назарын мынаған аудартады: физикалық белсенділік, іс-әрекет, бұлшықеттерге әрдайым жүк түсіру, жаттығулар – бұл тіршілік заңдылығы, жақсы көңіл-күйді сақтау заңы.
Доктор Демалыс
Адам физикалық және ой әрекеті арқылы демалысты ақтау керек.
Адам толық демалу үшін жоғарыда аталып кеткен факторларды қолдану керек: күн сәулесі, ауа, су, тамақтану, ораза ұстау және белсенділік.
Доктор Сымбат
Поль Брэггтің сымбат жайлы кеңестері – бұл омыртқаны әрқашанда тік ұстау, ішті тартып жүру, иықтарды кең ұстау, басты жоғары ұстау.
Доктор Адам Рухы (Сана)
Адам
Жан
адамның «Менін» негіздейтін және әрбір адамды қайталанбас уникальды қылатын бірінші бастау.
Сана
жан көрініс табатын екінші бастау.
Тән
адамның үшінші бастауы; бұл оның физикалық, көрінетін бөлігі, адам рухы, санасы көрініс табатын құрал болып табылады.
Поль Бреггтің табиғи сауығу жүйесі келесі қадамдардан тұрады: