Бұл жаттығу барысында да бүкіл негізгі бұлшықет топтарын жұмыс атқарады. Оған қоса жүгірумен айналысатын адамдарға қарағанда, жүзумен айналысатын адамдар жарақаттардан аз зардап шегеді, себебі су буындар мен сүйектерге түсетін қысымды жұмсартады.
3. Джoггинг және жүгіру.
Бір килoмeтpді 6 секундта жүгіріп өту – джoггинг. Жалпы осы аэробтық жаттығу арқылы қысқа уақыт ішінде ең маңызды эффективті өзгерістерге қол жеткізуге болады.
4. Вeлocипeдті тебу.
Джoггингге қарағанда буын және бұлшықет зақымданулары аз кездесетін жаттығулар түрі. Сондықтан бұл жаттығу буын аурулары бар адамдарға, әсіресе егде адамдар үшін пайдалы және тиімді болып табылады.
5. Жүру.
Осы жаттығудың ең басты айырмашылығы: қолайлылығы. Жүру – кез келген жерде айналысуға болатын, жас және жыныс ерекшеліктері ескерілмей жүргізілетін жаттығу. Кемшілігі: жүгіру беретін эффектке жету үшін үш есе көп уақыт кетеді.