Саурыкова жулдыз мейрхановна


  Бастауыштағы  пәнаралық  байланыстарды  жаңа  буынды



Pdf көрінісі
бет33/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

 
2.2  Бастауыштағы  пәнаралық  байланыстарды  жаңа  буынды 
оқулықтар жүйесімен жүзеге асыру 
 
Пәнаралық байланыстағы немесе кіріктірудегі  оқу материалдарын өзара 
бөлімдер,  ортақ  тақырыптар  жүйесінде  топтастырып,  біріктіру  ұстанымының 
басты  қағидасы  –  ғылыми-жаратылыстану,  қоғамдық-гуманитарлық  және 
эстетикалық  білімдер  мен  технологияны  біріктіруді  жеке  білім  аймағында 
шартты  түрде  қарастыра  отырып,  оқушыларға  әлемнің  біртұтастығы  жайлы 
ғылыми-сұрыптамалық білім беру. 
Бүгінгі  жаппай  қолданылып  жүрген  жаңа  технологияның  өзі  біздің 
педагогикалық  тәжірибемізге  ыңғайластырыла  отырып,  оңтайлы  кіріктірілген 
болып  табылады.  Қазіргі  педагогикалық  технологияда  пәнаралық  байланыс 
кіріктірілген 
немесе 
ықпалдастықтағы 
білім 
беру 
жүйесі 
ретінде 
қарастырылады.  Бұнда  педагогикалық  үдеріс  оқыту,  білім  беру  мен 
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім бағыттарынан ортақ 
бөлім,  ортақ  тақырыптарына  негізделген  дәйекті  теория,  ұғым  заңдарды 
біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұндық жүйені жасайды.  
Оқу  пәндеріндегі  білім  мазмұндарының  ортақ  бөлімдер  мен  ортақ 
тақырыптарға топтастырылуы төмендегі шарттарға байланысты: 
–  зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы
–  кіріктірілген  немесе  өзара  байланыстырылған  оқу  пәндерінде  зерттеу 
әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы; 
–  кіріктірілген  немесе  өзара  байланыстырылған  оқу  пәндерінің  жалпы 
заңдылық, теориялық тұжырым негізінде құрылуы.  
Осы  негізде  біртұтас  дидактикалық  мақсатқа  бағытталған  оқу 
бағдарламаларының жасалуына алып келді. Пәндердің өзара байланысуындағы 
құрамдық-құрамаларының қызметін талдау әдісін пайдалану – әрбір бөлшектік 
құрылымның  бағытталған  арнаулы  қызметі  тұрғысында   қарастырылады және 
кіріктіріліп  немесе  өзара  байланыстырылып  отырған  екі,  үш  (немесе  одан  да 
көп)  пәннің  құрылымдық  бөлшектері  анықталады  (оқу  материалының 
мазмұндық  көлемі,  осыған  негізделген  бөлімдер,  бөлімшелер  мен  ортақ 
тақырыптар, дәйекті теория мен ұғымы, заң, т.б.) т.б. Нәтижесінде жалпы білім 


88 
 
беретін екі немесе одан да көп пәндердің жиынтығын беретін өлшемдік кестесі 
жасалады [137,138]. 
Оқытылатын  жеке  пәндер  оқушыларға  қажетті  білім,  білік,  дағды 
қалыптастыра  отырып,  олардың  жеке  тұлғалық  болмысының  дамуына  және  
өмірлік тәжірибеде өзін-өзі тануына септігін тигізеді. Оқушы немесе жеке адам 
алға  қойған  мақсат-мұратына  жету  жолында  жеке  өзінің  өмір  тәжірибесінде 
жинақталған  білім,  білік  пен  дағдыға  сүйенеді.  Бұл  өзінің  ішкі  және  сыртқы 
мүмкіндіктерін пайдалануға қабілеттілігін көрсету болып табылады. Яғни, бұл - 
құзіреттілік.  Бүгінгі  оқу  бағдарламасының  мазмұнында  танымдық-ақпараттық 
құзырлылықты қалыптастыру басымдық орынға ие болуда, өйткені оқушының 
әлемді  және  қоршаған  ортаның  біртұтастығын  танып  білуге  бағытталған 
әрекетін  пәнаралық  байланыстар  жүйесімен  немесе  ықпалдастырумен  
байланысты жүзеге асыру  маңызды болып отыр. 
Пәнаралық  байланыс  және  оқушының  танымдық  болмысындағы  жалпы 
құзіреттіліктердің  қалыптасуында  берік  байланыстар  бар.  Себебі,  оқу 
бағдарламаларында  әр  пәннің  оқу  материалдары  негізінде  оқушы  бойында 
қалыптасатын  білім,  білік,  дағдылар  өз  алдына  жеке-жеке  сипатталып, 
анықталып  берілсе  де,  бірақ,  тұлғаның  өмірлік  тәжірибесінде  олар  өзара 
байланыстағы тұтастық құзіреттілігін береді. Демек, оқушы өмірлік тәжірибеде 
кездесетін  түйткіл  немесе  өзіндік  шешімі  табылуға  міндетті  мәселелердің 
түйінін табуда жеке пәндерден игерген білімдерін саралап, талдау жасамайды, 
тек  бұл  арада  өзара  байланысқа  немесе  кіріктірілген    жалпы  білім  мен  жеке 
дағдысын  қолданады.  Яғни,  оқушыда  танымдық  әрекеттері  арқылы  ғылым 
негіздерін  игеру  машығы  орын  алады.  Ол  танымдық  жолдағы  ғылыми 
білімдерге  негізделген  ақпараттарды    тек  қабылдаушы  ғана  емес,  жаңа 
мазмұнды білімді меңгеруші және соған сүйене отырып,  өзінің жеке танымдық 
қызметін реттеуші, әрі бүкіл барыстардың жүру кезеңінде және өзінің білімінің 
негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтаушы.  Бұнда оқушы өз іс-әрекетін 
талдау  кезінде  ғана  байқалатын  жеке-дара  ерекшеліктерін  тануына  мүмкіндік 
туады. Өмірлік тәжірибеде жеке пәндерден алған теориялық білімдеріне сүйене 
отырып, түрлі мәселелерді /қиындықтар, қарама-қайшылықтар, жаңа білімдерді 
өмірмен  байланыстыру/  шешу  тәсілдерін  түсінеді.  Сондай-ақ,  оқушы  өз 
жұмыстарының  мәнін  түсіну,  ой  арқылы  кері  қайту  немесе  өткенге  оралу  – 
ойлану  барысында  өзінің  нені,  қалай  жасағаны  туралы  толық  және  анық  есеп 
беруі,  әрбір  әрекеті  барысында  басшылыққа  алған  ережелер  мен  талап-
бағыттардың  дұрыстығын  мойындау,  құптау  немесе  жоққа  шығаруы.  Білімді 
саналы түрде қорыту, яғни оның нәтижесінде «рефлексия» жасаушы дәрежесіне 
көтеріледі, бұл танымдық жолдың жоғары деңгейіне ұмтылу болып табылады.  
 Қазіргі 
уақыттағы  ғылымдардың  ықпалдасуы  мен  кіріктірілуі 
/интеграциялануы/  барысындағы  пәнаралық  байланыстың  орын  алуы  –  заман 
талабы.  Бұл  бағыттағы  талаптық  жүйе  оқытудың  жаңа  білім  беру 
бағдарламасының мазмұнына еніп, педагогикалық үдерісте орын алуда. Басты 
мәселе  – оқушылар  қазіргі  заман  талабына  сәйкес  жаңаша  мазмұнды  білімдер 
жиынтығын  игеру  барысында  танымдық  әрекеттері  мен    мүмкіндіктерінің 


89 
 
өзінің  даму  деңгейіне  үйлесімді  болуын  ескеру  қажет  [139,140].  Қазіргі  білім 
беру  жүйесіндегі  ерекшеліктің  бірі  –  жеке  пәндердің  оқу  материалынан 
берілетін  білімді  немесе  оқыту  мен  тәрбиелеуді  бір  пән  төнірегінде  ғана  іске 
асырмай, кешенділік жүйені басшылыққа алу болып табылады. Яғни, бастауыш 
сыныптардағы  педагогикалық  үдерістерді  жүзеге  асыруда  пәнаралық 
байланысты – оқу материалдарының өзара байланысуын, кіріктірілуін, бір-бірін 
толықтыруын негізге алу – басты шарттың бірі болып табылады.  
Пәнаралық байланысқа негізделген сабақтардың өзіне тән ерекшеліктері. 
Мәселен: 
– бұл  типтегі  сабақтарды  өткізуге  мұғалім  тарапынан  шығармашылық-
ізденіс  жұмыстарын  жүргізу  талап  етіледі.  Берілетін  немесе  өтілетін 
тақырыптық  оқу  материалын  ауқымды  қамту  арқылы  оқушының  тұлғалық 
болмысының толық дамуына кешенді тұрғыдан ықпал жасалады /түрлі ақпарат 
көздерінен  –  оқулықтар,  қосымша  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттер,  ғаламтор 
желісі, т.б./; 
–  тақырыптық  сабақта  оқушылардың  ғылыми-танымдық  әрекетінің 
белсенді болуы, қызығушылықтың /мысалы, негіз болып отырған пәнге/ артуы; 
– жеке  пәннің  оқу  материалын  меңгеру  барысында  өзге  пәндердің  оқу 
материалының  мазмұнына  сүйену,  оны  толықтырушы  құрал  ретінде  орнымен 
пайдалану  қажеттілігін  мұғалімнің  жете  түсінуі  және  оқушы  өзінің  жеке 
танымдық болмысының дамуына қажеттілігін білу /пәндік білімнен метапәндік 
білімге өтуді түсіну/.  
– пәнаралық байланыс сабақтарында оқушылардың меңгеретін теориялық 
білімдер ауқымы кеңейіп, жаңа ұғымдар ман атаулардың көпшілік пәнге ортақ 
келетін  белгіліерін  танып,  біледі  /ортақ  дидактикалық  материалдар  жүйесін 
пайдалану, техникалық құралдар, компьютерлер т.б./.   
–  кіріктірілген  сабақтарда  кешенді  білімдер  жүйесін  меңгеруде  кері 
байланыстың  орын  алуы,  алған  білімдерінің  өмірлік  тәжірибеде  пайдалану 
жолдарын игеру, біліктері мен дағдыларын шыңдау. 
–  кіріктірілген  сабақтар  арқылы  келесі  пәннен  оқылатын  тақырыптық 
жаңа білімнің негіздерін меңгеруге дайындықтың жүруі. 
– пәнаралық байланыс сабақтарында оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен 
өзіне  сыни  тұрғыдан  қарау  жағдайларының  орын  алуы,  басқа  оқушылармен 
өзінің танымдық жолдағы әрекеттерін салыстыру. 
– оқушыларда кіріктірілген сабақтардағы меңгерген жаңа материалдарды 
талқылау мен талдау жұмыстарында танымдық-білім деңгейлерін көрсету орын 
алады. 
–    пәнаралық  байланыс  сабақтарын  өткізуге  мұғалімнің  жүйелі  жұмыс 
жоспарының құрылуы және оқушылардың жоспар бойынша ғылыми-танымдық 
жұмыстарға қатысуы және оны жүзеге асырудағы әрекеттерінің белсенді болуы 
орын  алады.  Бұнда  мұғалім    ізденуші  бола  білсе,  өзі  үшін  білім  жинақтайды, 
оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. 


90 
 
–  пәнаралық  байланыс  сабақтарының  бағыттық  мазмұны  –  оқушы 
тұлғасының  жеке  болмыс-бітімінің  толық  дамуына  кешендік  тұрғыдан  ықпал 
жасау. 
Біздердің  тақырыптық  зерттеулеріміздің  мазмұнын  ашу  барысында 
қазіргі  қолданысқа  енгізілген  жаңартылған  білім  мазмұнындағы  оқу 
бағдарламасының  талаптарын  орындау  негізінде  бастауыш  сыныптар  үшін 
жазылған оқулықтардың мазмұнына қысқаша сипаттамалар беріп, қарастырсақ. 
Мәселен, 3-сыныпқа арналған   «Математика»    оқулығы (1,2 - бөлім). Білімнің 
жүйелілігі, кешендігі, интеграциялануының қамтамасыз етілуі, пәнаралық және 
пәнішілік  байланыстардың  сақталуы  барысында  қарастыратын  болсақ, 
оқулықтағы  есептердің  мазмұны  оқушыға  түсінікті,  нақты,  әдеби  тілде, 
қазақтың белгілі тұлғалары жайлы есеп шығару арқылы, ақпарат жинап, оның 
өмірбаяны  мен  шығармашылығы  туралы  білуге  бағытталған.  100,  104-беттер, 
т.б.  Сондай-ақ,  дүниетану,  жаратылыстану,  көркем  еңбек  пәндерімен  тығыз 
байланыста құрастырылған. Мысалы: «Кел, ойнайық» тапсырмасы:  1-бөлім 16, 
18, 22, 24, 26, 28, 31, 54, 56, 67, 69, 71...т.б. 2-бөлім 36, 38, 42, 46, 55, 57, 98, 100, 
148-беттер т.б. 
– білім мазмұны  мен көлемі мен күрделілік деңгейінің  шиыршықтылық 
ұстанымына  сәйкес    беріліп,  әр  тақырыптағы  тапсырмалар  жүйесі  Блум 
таксономиясының иерархиясына негізделе отырып құрастырылған. 
–  әртүрлі  сынып  оқулықтары  арасында  пән  мазмұнының  сабақтастықта 
берілуі; 
–  тарау,  бөлім,  параграф  және  тақырыптардың  бір-бірімен  өзара 
логикалық байланысы сақталған. Оқу жылына 8 ортақ тақырып жүйелі беріліп,  
тапсырмалар ортақ тақырыпқа сай жасалған. 
Оқу материалдарының, мәтіндер мен тапсырмалар көлемі мен деңгейінің 
оқушылардың  психологиялық  және  жас  ерекшеліктеріне,  әлеуметтік 
тәжірибесіне сәйкестік  талаптары  сақталған. 
– танымдық үдеріс ерекшеліктеріне сәйкестігі (қабылдау, жадына сақтау, 
қиялдау және ойлау); 
–  деңгейлік  саралаудың  болуы;  барлық  тақырыпта  жеңілден  күрделіге 
қарай, біртіндеп бағытталып берілген. 
-  оқытуды  ұйымдастырудың  түрлі  формаларын  қолдану:  жеке,  жұппен, 
топтық  және  ұжымдық.  Оқулықпен  диалог,  жұппен  жұмыс,  топпен  жұмыс, 
өзіңді  бағала  тапсырмалары  оқулықта  шартты  белгілерімен  жүйелі  берілген 
[141, 142].  
Ал,  дүниетану    оқулығының  мазмұндық  құрылымын  қарастырсақ  /2,3-
сынып/  оқушының  топпен,  жұппен,    өздігінен  жұмыс  жасауына  баса  көңіл 
аударылған.  Ол  оқушының  ой  бөлісіп,  ортақ  шешім  шығаруына  және  мәдени 
тұрғыда  байланыс  жасай  білуге  үйретеді.  «Қоғам  және  мен»  тақырыбы  өзінің 
жеке басының,  көпшілік орындарда және қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау 
мәдениетін  айқындауға  мүмкіндік  береді.  «Қазақстан  халықтарының 
мейрамдары»  тақырыбы  мен  ондағы  тапсырмалардың  мазмұнында  ұлтаралық 
және  ұлттардың  өзара  қарым-қатынасы,  толеранттылық  жайлы      толық 


91 
 
мағлұмат беріледі.  Оқулық мазмұнының жүйелілігі, логикалық бірізділігі, және 
сабақтастығы,  оқу  материалының  мазмұнында  жүйелелілік  және  логикалық 
реттілік    қағидалық  ұстанымы  сақталған.  Әр  бөлім  арасында  логикалық 
байланыс  бар.  «Шиыршық»  әдісіне  бағыттала  құрылған  тақырып  көлемі  мен 
оқу материалының мазмұнында, мысалы: «Ауа райы адамға қалай әсер етеді?», 
«Табиғат  және  менің  қауіпсіздігім»,  «Менің  шығындарым»  және  «Өз 
шығындарыңды  қалай  жоспарлаған  жөн?»    деген  тақырыптарда  бірізділік 
сақталған. Оқулық оқушылардың психологиялық және жас ерекшелігі, сондай-
ақ  әлеуметтік  тәжірибесіне  сай  келеді.  Жеке,  жұптық,  топтық  және  ұжымдық 
сияқты әртүрлі оқыту, ұйымдастыру формалары пайдаланылған. Тақырыптарда 
оқушылардың 
қызығушылығын 
тудыратын 
қызықты 
тапсырмалар 
қарастырылған.   Мысалы,   мұнда  қызықты  мәселелерді  қамтитын  тақырыптар 
ғана  беріліп  қоймайды,  сонымен  бірге  әрбір  бөлімнің  соңында  оқушылардың 
танымдық  қызығушылығы  мен  шығармашылық  ізденісіне  жағдай  туғызатын 
«Пікір  алмасайық»,  «Әр  алуан  тапсырмалар»  берілген.  Материал  оқушылар 
үшін  түсінуге  жеңіл,  қысқа,  ұғынықты  түрде  берілген.  Әрбір  тақырып  екі  бет 
көлемінде  берілген.  Ол  мәтіннің,  оқу  тапсырмалары  мен  иллюстрациялары 
бірдей шамада болуына мүмкіндік туғызған. Оқулық фактілер мен оқиғаларды 
объективті  түрде  ашып  беретін  көңілге  қонымды,  нақты  материалдардан 
тұрады. Глоссарийге сабақтың тақырыбын ашатын барлық негізгі сөздер кіреді 
[143,144]. 
3-сыныпқа 
арналған  «Жаратылыстану»  оқулығында  (1,2  бөлім) 
мазмұнның  жүйелілігі,  логикалық  бірізділігі  және  сабақтастығы  сақталған. 
Білімнің  жүйелілігі,  кешендігі,  интеграциялануының  қамтамасыз  етілуі, 
пәнаралық  және  пәнішілік  байланыстар  сақталған.  Мәселен,  дүниетану, 
математика,  физика,  биология,  химия,  география  пәндерімен  байланыста 
құрастырылған.  
– білім мазмұны  мен көлемі мен күрделілік деңгейінің  шиыршықтылық 
ұстанымына 
сәйкес; 
әр 
тақырыптағы 
тапсырмалар 
жүйесі 
Блум 
таксономиясының иерархиясына негізделе отырып құрастырылған. 
–  әртүрлі  сынып  оқулықтары  арасында  пән  мазмұнының  сабақтастығы 
сақталған:  тарау,  бөлім,  параграф  және  тақырыптардың  бір-бірімен  өзара 
логикалық байланысына сәйкес зерттеушілік тапсырмалар жүйесі құрылған.     
Оқу  материалдарының,  мәтіндер  мен  тапсырмалар  көлемі    деңгейінің 
оқушылардың  психологиялық  және  жас  ерекшеліктеріне,  әлеуметтік 
тәжірибесіне сәйкес болуы,  барлығы талапқа сай сақталған. 
–  танымдық  процесс  ерекшеліктеріне  сәйкестігі  (қабылдау,  жадына 
сақтау, қиялдау және ойлау); 
–  деңгейлік  саралаудың  болуы;  барлық  тақырыпта  жеңілден  күрделіге 
қарай, біртіндеп бағытталып берілген. 
–  оқытуды  ұйымдастырудың  түрлі  формаларын  қолдану:  жеке,  жұппен, 
топтық  және  ұжымдық.  «Жедел  жауап»  айдары    оқулықпен  диалог,  жұппен 
жұмыс, топпен жұмыс жүргізуге бағытталған.  


92 
 
Мазмұнның  қызықтылығы  мен  эмоционалдық  айқындылығы  әрбір 
тақырып  бойынша сурет,  тәжірибелер арқылы  тапсырмалар  жүйесінен  көрініс 
тапқан, балалардың қызығып жұмыс жасауына жақсы ықпалын тигізеді: 
-  оқу  материалдарының  диалогті  сипатқа  ие,  оқу  пәніне  қызығушылық, 
эмоциялық  әсер  тудыратын  ерекше,  таңғаларлық  элементтер  әр  тақырыпта 
айқын көрсетілген. 
-  тапсырмалардың  әртүрлілігі:  қызықты,  тәжірибелік    тапсырмалар 
қайталанбай,  әртүрлі берілген [145].   
 
Мәселен,  3-сыныпқа  арналған  «Әдебиеттік  оқу»  кітабы  МЖМББС 
тұжырымдамалық  қағидаларына,  типтік  оқу  жоспары  мен  типтік  оқу 
бағдарламасына  сәйкес.  2  бөлімнен  тұратын  оқулықтың  әр  кітабында 
бағдарламадағы  оқу  мақсаттары  нұсқаушы  ретінде  балаға    түсінікті  тілмен 
тұжырымдалған    және  әр  сабақ  оқу  мақсаттарына  негізделіп  жасалған.  Әр 
сабақта оқу мақсатының түйінді сөздері келтірілген. 
«Әдебиеттік оқу» пәні әдебиеттану ғылымына негізделетіндіктен, пәннің 
базалық  ғылыми  мазмұны  сақталған.  Оқулықтың  мазмұны  осы  ғылымның 
басты  заңдылықтары  мен  ұстанымдарына  сай  құрылған:  бағдарламада 
көрсетілген  әдебиеттану  ғылымының  теориялық  түсініктері,  т.б.  туралы 
қарапайым  мәліметтер  нақты,  балаға  түсінікті  түрде  ұсынылып,  практикалық 
тапсырмалар  ретінде  көрініс  тауып,  шығарманың  жалаң  оқылмауына  көңіл 
бөлінген.  Білім  мазмұнын  құруда  әдебиеттегі  көркем  шығарма,  жазушы  және 
оқырман  бірлігін  сақтау  ұстанымы  басшылыққа  алынғаны  байқалады:  осы 
жастағы балаға түсінікті шығарма, оның авторы туралы қарапайым өмір-дерек, 
сол  мәтінді  дұрыс  қабылдауға  бағыттайтын  оқу  тапсырмалары  берілген. 
Сұрыпталған материалдар лексикалық тақырыптарға сай үйлестіріліп, оқушыда 
сол  мәселе  туралы  тұтастай  білім  қоры  қалыптасуына  негіз  болады.  Мысалы, 
«Жанды  табиғат»  бөлімінде  топтастырылған    шығармаларды  оқи  отырып, 
оқушылар  туған  өлке  табиғатының  әдемілігі,  табиғаттың  тамаша  таңғажайып 
құбылыстары,  адамға  пайдасы  туралы  біледі,  одан  әрі  табиғатты  қорғауға 
үндейтін  мәтіндерді  талдау  арқылы  осы  бөлімнен  алған  білімін 
қорытындылайды.  Оқулықтағы  әрбір  бөлімнен  осындай  жүйелілікті  байқауға 
болады. 
Құндылық  бағдарлары  -  оқулық  мазмұнында  ана  тілін  түсінетін,  оның 
қадір-қасиетін  түйсінетін,  елін,  Отанын  сүйетін,  патриоттық  сезімі  тұрақты 
қалыптасқан,  мұндай  ұлы  сезімнің  ата-анасы  мен  жақындарын  құрметтеуден 
басталатынын  білетін  жеке  тұлғаның  келбетін    қалыптастыратындай 
материалдар молынан қамтылған. 
Тәжірибеге  бағытталуы  -  оқулықтағы  әр  сабақтың  әдістемелік 
аппаратында  құзыреттілік  тапсырмалары  ескерілген.  Мысалы,  №11  сабақ: 
Қасқырға қандай кеңес берер едің? №12 сабақ: Алмастың орнында сен болсаң 
не  істер  едің?    №60  сабақ:  Аланнан  не  үйрендің?  №35  сабақ:  Күн  тәртібін 
жасауға көмектес. №83 сабақ: Суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып жаз. 
№84 сабақ: Қандай сусындар ішкен пайдалы деп ойлайсың? 


93 
 
Сыни    тұрғыдан    ойлауды,  талдау  қабілеттерін    дамытуға  бағытталуы   
мәтіндерді  талдауда  ұсынылған  «Ақылдың  алты  қалпағы»,  «Фишбоун», 
«Жабық  және  ашық  сұрақтар»,  «Бестармақты  өлең»,  «Семантикалық  карта», 
«Кластер  құрастыру»,  «Постер  құрастыру»,  «Эссе  жазу»,  «Бес  сөз»,  «Үш 
қадам»,  жоба  жасау,  ақын-жазушыға  еліктеп  көркем  сөйлеу  тапсырмалары, 
жадынамалар,  ережелер  құрастыру,  ситуативтік  жағдаяттарды  шешу  немесе 
жолдарын ұсыну, хат, тілектер   жазу, т.б интербелсенді әдістер сыни тұрғыдан 
ойлау дағдыларын дамытады. 
Мазмұнның жүйелілігі, логикалық бірізділігі, және сабақтастығы -оқулық 
тарауларындағы  мәтіндер  сол  бөлімнің  идеясын  толықтай  ашатындай 
логикалық  ойға  құрылған.  Мысалы  «Уақыт»  күн,  ай,  жыл  мезгілдері  жөнінде 
жыл басына таласқан жануарлар жайлы халық шығармашылығынан басталып, 
«тез  үйреніп,  тез  жойма,  жас  уақытта  көңіл  –  гүл»  деген  Абайдың  уағызына 
ұласып,  адамға  бақыт  құсы  жастық  шағында  кезігетінін,  «сондықтан  өкініп 
қалмай жастық  уақытыңды дұрыс пайдалан» дейтін  Ы.Алтынсариннің  «Бақыт 
құсы»  ертегісімен  жалғасып,  М.Жұмабаевтың  «Уақытты  бос  өткізбе  еркелеп» 
деген  өсиетімен  бекітіледі.  Әр  тарау  осылай  философиялық  оймен  түйінделіп 
отырған. Осы орайда, «Өнер» тарауының «өнерлі болсаң, елдің алды боласың» 
идеясына  құрылған  Ы.Алтынсариннің  «Өнер,  білім  бар  жұрттар»,  «Жақсыдан 
үйрен,  жаманнан  жирен»  тарауының  қазақ  баласы  қандай  болуы  керек  деген 
сұраққа жауап беретін Т.Молдағалиевтің «Мен қазақтың баласымын» өлеңімен 
түйінделіп тұруы   пәндік мазмұнның жүйелілігін, сабақтастығын байқатады. 
Мазмұнның  психологиялық  және  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестігі  – 
оқулықтағы  мәтіндердің  тілі  жеңіл,  оқиғасы  қызықты.  Тапсырмалар  оқу, 
түсініп  оқу  жаттығуларынан  басталып,  мәтіннен  тыс,  бірақ  соған  ұқсас 
ситуацияларды  талдау,  шығармашылық  жұмыстар  орындауға  ұласады.  Оқуға 
ынталандыруға  бағытталуы  -  оқулықтағы  сөздік  материалдар  суреттермен, 
айқын  сызбалармен,  фотолармен  айшықталып  берілуі  баланың  шығарманы 
оқуына  түрткі  болады.  Сондай-ақ,  оқушыны  кейіпкердің  өміріне  араластыру, 
оның    жай-күйін  үғынуға  жетелеу  тапсырмалары  әр  сабақта  келтірілген.  «Кім 
жылдам?»    сөзжұмбақтар,  кластерлер  сияқты  ойын  элементтері  де  диалогтық 
қарым-қатынас орнатады. 
Оқулықта  бағдарламадағы  тақырыптарға  сәйкес  және  негізінен 
бағдарламада аты аталған жазушы-ақындардың төл туындылары аты-жөнімен 
келтірілген. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ақпарат көздері аталған. 
Мұғалімге  арналған  әдістемелік  нұсқаулықта  осы  курсты  ұйымдастыру 
мен  өткізуге  арналған  ұсыныстар,  сонымен  қатар,  қадамдық  нұсқаулар 
берілген.    
Әдістемелік нұсқаулық:  
1. Ұзақ мерзімді жоспарлаудан
2. Орта мерзімді жоспарлаудан; 
3. Қысқа мерзімді жоспарлаудан;    
4. Әр 
тараудың  қорытындысы  жиынтық  жұмыстардан  құралған 
қосымшалардан тұрады.  


94 
 
Оқу-әдістемелік  кешенде  оқушылардың  коммуникативтік  дағдыларын 
дамытуға  және  диалогтік  ортаны  қалыптастыруға  ерекше  көңіл  бөлінген. 
Коммуникативтік  қатынас  арқылы  оқушы  өзінің  пікірін  сенімді  түрде  жеткізе 
біледі,  өз  қатарластарымен  пікірталасқа  түседі,  өзінің  көзқарасын  негіздейді 
және оны қорғап шығады [146].  
 3-сыныптың «Қазақ тілі» /1,2-бөлім/ оқулығының  оқу материалдарының 
негізіне  тілдік  білім  мен  сөйлеу  алынған.  Қазақ  тілін  оқытуда  сөйлеу 
аспектісіне ерекше мән беріліп, тіл және сөйлеу бірліктері (сөз, сөйлем, мәтін), 
кез  келген  грамматикалық  категория  (сөз  құрамы,  сөз  таптары,  сөйлем 
мүшелері) 
оқушылардың 
сөйлеу 
әрекеттерін 
дамытуға 
бағытталып 
сұрыпталған.  Оқулық  мазмұнында    оқушылардың  тілдік  және  қатысымдық 
дағдыларын  қалыптастыру    тапсырмалары  мен  материалдары  күтілетін 
нәтижеге  бағдарланған    оқу  мақсаттарына  сәйкес  түзілген.  Оқулықта 
оқушының  жаңа  ұғым,  түсінікті  меңгеруінде  ескі  білім  мен  жаңа  білімді 
салыстыру арқылы 
 оқушылардың 
өздігінен  тілдік  құбылыс  туралы 
қорытынды  жасауға  немесе  ереже  шығаруға  мүмкіндік  беретін  оқу 
тапсырмаларының  болуы  қазақ  тілі  әдістеме  ғылымындағы  жаңашылдықтың 
көрініс  тапқанын  байқатады.  Сонымен  қатар,  ғылымилық  ұстанымы  да 
сақталған,  өйткені  әрбір  тілдік  анықтамалар  ғылыми  жағынан  нақты  да  дәл, 
баланың түсінігіне лайықталып  ұсынылған. 
Оқу  материалдарының  құндылық  бағдарлары    –  оқулық  мазмұнында 
туған  тіліне,  тарихына,  мәдениетіне,  салт-дәстүріне  деген  сүйіспеншілігін 
арттыру  арқылы  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  дамыту  материалдары 
молынан қамтылған. Аталған оқулықтағы  мәтіндер  бағдарламада көрсетілген 
лексикалық 
тақырыптарға 
сәйкес 
алына 
отырып, 
оқушылардың 
адамгершілікке,  патриоттыққа,  жақсы  мен  жаманды  ажырата  білуге,  
әдептілікке,  әсемдікке  тәрбиелеуге  бағытталып  ұсынылған.  Мәселен,  19-
сабақтың  2-жаттығуында  берілген  мәтін  арқылы  оқушы  қоршаған  ортаны, 
яғни табиғатты қорғау қажеттігін, оларды да тіршілік иесі екенін сезінсе, 22-
сабақта  берілген  «Жақсы  мен  жаман»  өлеңі  арқылы  жақсы  және  жаман 
қылықтар  туралы  топта  талқылап,  ой  түйеді.  16-сабақтағы  62  жаттығуда 
әдептілікке  тәрбиелеуге  бағытталған.  Ал,  «Атақты  тұлғалар»  бөліміндегі  
мәтіндер арқылы білім алушылар Б.Момышұлы, М.Әуезов, Құрманғазы, Дина,  
А.Байтұрсынов, Төле би және басқалар туралы мағлұмат алады, әрі солардың 
іс-әрекеттерінен  үлгі  алады.    Осылайша  еліміздің  табиғаты  мен  мақтан  етер 
ұлы  тұлғаларын  тани  келе,  олардың  патриоттық  сезімдері  оянары  сөзсіз. 
«Отан  отбасынан  басталады»  дейді  халқымыз.  Оқулықта  отбасынан  бастап 
үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасаудан бастап, табиғатты қорғауға және 
өз еліне деген сүйіспеншілігін оятуға арналған мәтіндер мен жаттығулар үнемі 
беріліп отырған (мысалы 1-бөлімде 3-сабақтың 15 жаттығуында, 52-сабақтың 
5-жаттығуында, 55-сабақтың 18 жаттығуында берілген). 
Өмірлік  тәжірибемен  байланыстылығы  –  оқулық  материалының 
мазмұнында  оқушылардың  алған  білімдерін  іс-ірекет  барысында,  өмірлік 
жағдаяттарда,  тұрмыста,  төтенше  жағдайларда  ұтымды  қолдана  алуға 


95 
 
бағыттайтын  материалдар  бар.  Олар    оқулықта  берілген  тілдік  материалдар 
оқушының    диалогтік  сөйлеуі  мен  көпшілік  алдында  сөз  сөйлеуін,  топтық 
қарым-қатынасқа  түсе  алуын,  жазбаша  қарым-қатынас  түрлері  мен  мазмұнын 
жүзеге  асыруға  бағытталған.  Мысалы,    диалогтік  сөйлеуге  үйрету  үшін 
этикалық  сипаттағы  диалогтер:  сәлемдесу,  өзін-өзі,  басқаны  таныстыруы; 
қоштасу;  құттықтау,  тілек  айту,  оған  жауап  беру;  әңгімені  бастау,  аяқтау, 
жалғастыру; алғыс білдіру, оған жауап қайтару; қуанышымен, ренішімен бөлісу 
(1-бөлім.16-сабақ. 60,61-жаттығулар; 19-сабақ. 4-жаттығу; 2-бөлім. 120-сабақ.7-
жаттығу), т.б.  
Сондай-ақ, сыни тұрғыдан ойлауға, креативтілікке, жағдайды, ақпаратты 
өз  бетінше  ұғынуға  талдауға  және  бағалауға,  қорытынды  жасай  алуға, 
ақпаратты  өз  бетінше  талдап,  түсіндіре  алуға,  проблеманы  шешіп,  балама 
жолдарын  ұсынуға  арналған  дамытушы  тапсырмалар  әр  сабақта  бар  десе 
болады.  Құттықтау  және  шақыру  қағаздарын  жазу  жоба  жасау,    хабарлама, 
ережелер  құрастыру,    жағдаяттық  тапсырмаларды    шешу  немесе  жолдарын 
ұсыну т.б интербелсенді әдістер сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады. 
Оқушылардың 
зерттеу 
дағдыларын, 
өздігінен 
шығармашылық 
жұмыстармен  айналысу  дағдыларын  дамытуға  бағытталуы  –  оқулықтағы 
«Біздің 
жобамыз»,  «Шығармашылық 
үзіліс» 
айдарларымен 
зерттеу 
жұмыстарына  бейімдейтін  тапсырмалар,  өмірлік  тәжірибеге  үйрететін 
жағдаяттық тапсырмалар және т.б. берілген  Мәселен, «Шығармашылық үзіліс» 
айдары  бойынша    оқушының    «Негізгі  және  туынды  сын  есім»  тақырыбы 
бойынша  алған  тілдік  білімін  өмірлік  жағдайда  қолдануға    машықтандыру 
мақсатында  рефлексиялық  жаттығу  берілген.  Оқулықтың  бүкіл  жүйесі 
оқушының алған білім, біліктерін өмір жағдайларында қолдана алуға мүмкіндік 
беретін  түйінді  дағдыларды  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым  және  жазылым) 
қалыптастыруға  бағытталған.  Оқулық  мазмұнның  жүйелілігі,  логикалық 
бірізділігі, және сабақтастығы - оқулықта тілдік ұғым, түсінік  лексикалық оқу 
материалының  аясында  танытылып,  оқу  материалының    жүйелі  және  бірізді 
мазмұндалуы,  сабақтастықтың  болуы,  оқу  материалын  көрнекі  бере  алу 
көзделген.  Дидактикалық  ұстанымдар  сақталған  деп  айтуға  толық  болады.  Ең 
бастысы,  оқулықтағы  барлық  материалдар  жүйелі  түрде  бірізділікпен  және 
түсінікті  тілмен  әдеби  нормада  жазылған.  Пән  мазмұнының,  әдістері  мен 
тәсілдерінің  сабақтастығы  сақталған.  Тарау,    бөлім    және  такырыптары  бір-
бірімен  өзара  логикалық  байланыскан.  Оқулық  материалдары  оқушылардың 
жас  ерекшеліктері  мен  әлеуметтік  дәрежесіне,  деңгейіне  сәйкес  іріктеліп 
берілген, танымдық үдеріс ерекшеліктеріне сәйкес. Оқытуды ұйымдастырудың 
түрлі  формаларын  қолданған.  Оқушыны  белсенді  әрекетке  түсіретін 
тапсырмалар арнайы шартты белгілермен («жұппен жұмыс», «топпен жұмыс», 
«ойлан»,  «ойна»,  «ізден»,  «күрделі  тапсырма»)  көрсетіліп,  олардың  көлемі 
оқушының  жас  ерекшелігіне  сәйкес  берілген.  Алған  тілдік  білімі  мен 
дағдыларын  жеке  қарым-қатынас  тәжірибесінде,  күнделікті  өмірлік 
жағдаяттарда  қолдануға  үйрету  тапсырмалары  мен  жаттығулары  оқушыларды 
оқу әрекетіне ынталандырады. Оқулықтағы  иллюстрациялар мәтін мазмұнына 


96 
 
сәйкес  берілген.  Оқу  мақсаттарының  тапсырмалары  берілген  мәтін  аясында 
қарастырылған.  Мәтінде  кездескен  түсініксіз  сөздердің,  кейбір  жазба 
жұмыстарын  орындауға  қажетті  нұсқаулардың  түсіндірмелері  келтірілген. 
Талдау  үлгілері  берілген.  Мәтіндегі  түсініксіз,  яғни  оқушы  үшін  жаңа  
сөздердің  және  жазылуы  қиын  сөздердің  глосарийі  оқулық  қосымшасында 
берілген [147]. 
Оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды шешу мен айқындауда 
жаңашылдық  әдістер  мен  тәсілдер  арқылы  жүзеге  асыру  жолдарын  қарастыру 
қажет.  Өзара  байланыстырылған  немесе  кіріктірліген  сабақтарды  жүзеге 
асырудың  объективті  және  субъективті  екі  жағын  бөліп  қараған  жөн. 
Объективті  жағы  оқыту  мазмұнын  анықтау  кезінде  және  оқу  жоспарларын, 
бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды 
және  т.б.  дайындауда    көрініс  табады.  Субъективті  жағы    оқыту  үрдісінде 
көрініс  береді,  бұнда  оқушыларға  қатысты  пәнаралық  байланысты  жүзеге 
асырудың  негізгі  тәсілдері  мен  әдістері  қарастырылады.  Педагогикалық 
технологияларды  тақырыпқа  байланысты  икемдеп  –  берілетін  білімдік 
мәліметтер  мен  деректерді,  түсінік-атауларды,  т.б.  ғылыми-танымдық 
ақпараттың  барлығының  жан-жақты  пән  мұғалімдерімен  түсіндірілуі, 
дәлелденуі және жеткізілуі оның басты көрінісі болып табылады [139,148].  
Еліміздегі  жаңартылған  білім  беру  жүйесіне  өтуде,  жаңаланған  оқыту 
мазмұнын 
айқындауда 
пәнаралық 
байланыс 
түрлерін 
педагог-
ғалымдарымыздың, әдіскерлеріміздің есте ұстағаны дұрыс деп білеміз. 
Пәнаралық  байланыстарды  жүзеге  асырудың  негізгі  бағыттарында:  пән 
бойынша  оқулықтарды,  оқу  құралдарын  жазу  кезінде;  оқу  жоспарларын  және 
бағдарламаларды  даярлауда;  жеке  әдістемелерді  және  ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттерді  жазуда;  оқу  орындарының  түріне  байланысты  әдістемелік  және 
оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды басты назарда ұстаған дұрыс. 
Сондай-ақ,  педагогика  ғылымында  белгіленген  пәнаралық  байланыстарды  оқу 
материалдарының уақыт критерийі (алдын ала, сәйкес және кейінгі); жекелеген 
пәндердегі  оқу  материалын  деректік  мәліметтермен,  ұғымдық-атаулық,  
ғылыми-теориялық  ақпараттық  мәні;  оқу  пәндеріндегі  білімдер  мен  іс-әрекет 
түрлері;  танымдық  мазмұндағы  ақпараттар,  ғылыми-танымдық  іс-әрекеттік, 
ұйымдастыру-әдістемелік  жаңашылдық  әдіс-тәсілдік  жүйесіне  сай  талдап, 
сұрыптап-талау  қорытындыларына  сүйене  отырып,  жүзеге  асырғанымыз  оң 
нәтиже беретіні анық. 
Оқу  материалдарының  мазмұндық  құрылымындағы  білімдер  жүйесінің  
әлемнің 
тұтастығын, 
оның құбылыстарының 
күнделігі 
мен 
қарама-
қайшылығын  оқушылардың  мектепте  әсіресе,  бастауыш  білім  беру  кезеңінде 
оқытылатын  пәндерімен  танысқан  кезден-ақ  біле  бастайды.  Дегенмен,  бұл 
білімдерді  сұрыптап-талдаулар  жасау  арқылы  жүйелемеген  жағдайда  олар 
бөлек-бөлек  болып,  өзара  байланыстарының  бар  екендігін  беретін  мәліметтік 
деректердің мәні ашылмай қала беретін жағдайы орын алады. Бастауыш сынып 
оқушыларының  педагогикалық  үдерісінде  оқу-тәрбие  жұмыстарына  кешенді 
қатынас 
жасау 
арқылы 
жүйелі 
білімдерді  қалыптастыру, 
ғылыми 


97 
 
дүниетанымдық  түсініктерді  қалыптастыру  үшін  пәнаралық  байланыстарды 
жүзеге 
асыру 
маңызды 
мәселелер 
болып 
табылады. 
Пәнаралық 
байланыстарды  жүзеге  асыру  жеке  пәндердегі  білім  мазмұндары  бағытының 
біртұтастығын  және  ғылыми  танымдық  түсініктер  арқылы  жаңаша 
көзқарастарды  қалыптастыру  мен  дамытуды  іске  асырады  [148,149].    Сондай-
ақ,  пәндерге  ортақ  мәліметтік  деректерді,  түсінік-ұғымдарды,  озық  ойлы 
пікірлерді,  іскерліктер  мен  дағдыларды,  т.б.  қалыптастыру  мен  дамыту 
үдерістерінде 
жүзеге 
асатыны 
анық.  Сондықтан 
 пәндердің 
өзара 
байланыстары көп бағытты немесе салалы сипатта болып келеді. Бұл олардың 
білім  беру  қызметі  мен  оқушылардың  дамуына  ықпал  етудегі  пәндердің 
құрылымдық  мазмұны  мен  топтастырылу  жүйесіне  негізделеді  және  ортақ 
бөлімдер мен тақырыптардың мазмұндық үйлесімділігіне байланысты болмақ. 
Білім  беру  мен  оқытуда  пәндердің  өзара  байланысын  дидактикалық 
заңдылықтар  тұрғысынан  негіздей  отырып,  жүзеге  асырмайынша  ғылыми 
дүниетанымдық жайындағы  оқушылардың  көзқарасындағы  біртұтастықты  
қалыптастыру  мен  сақтау  мүмкін  емес.  Біз  қарастырып  отырған 
«педагогикалық  құбылыс»  өзіндік  ерекшелікке  ие  күрделі  мәселе  болып 
табылады. Өйткені, мұнда мұғалім тек бір ғана пәннің мазмұнындағы білімдер 
жиынтығын және оны оқушыларға тасымалдаудағы ғылыми-әдістемелік жүйені 
меңгергені  жеткіліксіз  болып  шығады,  яғни  байланысқа  түсетін  басқа  да 
пәндердің  мазмұндық  құрылымдарын  жете  білумен  қатар,  сондай-ақ,  түрлі 
пәндердің 
оқу 
материалдарын 
шеберлікпен 
байланыстыра 
отырып, 
педагогикалық технологияларды үйлесімді пайдалануды талап етеді. 
Пәнаралық  байланысқа  негізделген    сабақтар  өткізу  үшін  біріншіден, 
пәндегі  оқу  материалдарының  мазмұны  мен  құрылымын  білу  және  осы 
теориялық білімдегі түсінік-ұғымдарының жалпы ғылымилық орнына мән беру 
қажет.  Екіншіден,  осы  түсінік-ұғымдардың  қандай  белгілері  болмасын  өзара 
байланысқа  түсетін  пәндерге  ортақ  болып  табылу  жағын  ескерген  маңызды. 
Үшіншіден,  түрлі  пәндердің  оқу  материалдарының  ерекшеліктерін  ескере 
отырып, 
оқу-тәрбие 
жұмыстарын 
жүзеге 
асыруда 
педагогикалық 
технологияларды іріктеп және тиімді пайдалана білу болса, төртіншіден, алған 
кешенді  білімдерін  оқушылардың  өмірлік  тәжірибеде  қолдана  білу  білігі  мен 
дағдысының  қаншалықты  тиімді  орын  алатындығын  басшылыққа  алу  керек, 
сонда ғана мұндай сабақтар өзінің жақсы нәтижесін беретіні анық.  
Пәндерді  байланыстыру  мәселесі  оның  мазмұн-мағынасы  жағынан  ғана 
емес,  сондай-ақ,  оқушылардың  осы  бағыттағы  білімдік  түсінік-ұғымдары 
немесе  оның  белгілерімен  әрбір  пәнде  таныстыру  кезегімен  де  анықталады. 
Яғни,  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  барысында  білімдер  жиынтығын 
кешенді  игертуде  оқушының  тұлғалық  болмысын  дамыту  стратегиясын 
белгілеу  үшін  оның  техникалық,  әлеуметтік,  экономикалық  дамуы 
тенденциясын  зерделеу  әдісін  /ретроспективалық/  де  басшылыққа  алу  қажет 
екендігі заңдылық болып табылады. Сондай-ақ, пәнаралық байланыста кешенді 
білімдерді  оқушыларға  тасымалдауда  орын  алатын  «педагогикалық  құбылыс» 
жоспарлылық,  мерзімділік,  кезектік  /ортақ  бөлімдер  мен  тақырыптар,  пәндік  


98 
 
мазмұндардың  жақындығы  т.б./,  үйлесімділік  пен  шиыршық  жүйесімен  іске 
асырылуы  /перспективалық/  болып  табылады.  Пәнаралық  байланыстар 
барысында  орын  алатын  осындай  педагогикалық  құбылыстардың  негізгі 
міндеті  оқушылардың  меңгерген  түсінік-ұғымдары жайындағы  білімін 
жүйелеу, жаңғырту немесе  алғашқы білім бөлшектерін  беру болып табылады. 
Мәселен, 
оқушылар 
қоғамдық-ізгілендіру 
пәндерінің 
оқу 
материалдарының өзара байланыста орын алуы арқылы  оның мәнін маңызды 
түсініктер  мен  заңдылықтар,  ортақ  таным  мен  атау-ұғымдары  арқылы 
меңгереді.  Сондықтан  бұрыннан  оқушыларға  белгілі  материалды  жаңа 
қырынан  көрсету  түсінікті  және    неғұрлым  толық,  әрі барлық  қырынан  ашуға 
мүмкіндік  жасайды.  Оқу  үдерісінде  көптеген  байланыстар  сабақ  мазмұнына 
байланысты  сан  алуан  бағытта  дамуы  мүмкін.  Бұл  байланыстардың  ретсіз 
шашылып  кетпеуі  үшін  пәнішілік  яғни,  ішкі  байланыстарды  орнату  маңызды 
және  жалпы  қорытындылар  жасауға  жағдай  жасайды.  Дегенмен,  оқу 
материалдары  оқушылардың  теориялық  білімімен  ғана  қамтамасыз 
етілетін жалаң  қағидалық  білімдер  деңгейін  толықтыру  емес,  олардың  ішкі 
рухани-құндылық болмысының  ұстанымдық-қағидалық    көзқарастарының 
берік  бекуіне  негіз  болатын  күшке  айналуы  қажет.  Себебі,  бұл  пәндердің 
топтамалық  жиындарына  бағытталған  арнайы  жұмыстар  жүргізу  –  ортақ 
бөлімдер,  тақырып бойынша  реферат жазу, қорғау іскерлігі  мен білігінің кей 
жағдайларда қалыптаспай  қалатындығын  өмірлік тәжірибе көрсетуде. 
Өзара  байланыстырылған  сабақтарды  жүзеге  асыруда  оқушыларға  жеке 
пәндерден  алынған  білім,  білік,  дағдыларын  пайдалануды  талап  ететін 
тапсырмаларды  орындау  немесе  өзекті  сұрақтарға  жауап  беру үшін  бұрын 
меңгерген  білім  мен  іскерліктерін  жаңғырта  отырып  еске  түсіруге  көмек 
беретін  бірқатар  дидактикалық  құралдар  бар.   Олар:  оқулықтар,  оқу-
әдістемелік құралдар және дидактикалық материалдар мен арнайы рәсімделген 
құжат  мәтіндері,  компьютерлік  оқу-кино  фильмдер  үзінділері,  электрондық 
кітаптар, мәтіндік және сандық кестелер, өнер шығармаларының туындылары,  
нұсқаулар,  әртүрлі  жазбалар, т.б.   
Мұғалімдердің  пікірінше,  пәнаралық  байланыс  сабағын  өткізудегі  кең 
қолданыста  болатын  әдіс-тәсілдер:  әңгімелесу,  саяхат,  тәжірибе  жасау, 
техникалық құралдарын пайдалану,  көрнекі  құралдарын пайдалану,  танымдық 
есептер құрастыру және шешу, тәжірибелік жұмыстар жүргізу және т.б. 
Жаңартылған  оқу  бағдарламаларына  жасалынған  талдаулар  негізінде 
педагогикалық  үдерістегі  білім  беру  мен  оқытудың  жүйесі  ретінде  көрініс 
беретін  тор  кесте  жасадық.  Мұнда  оқушылардың  белгілі  бір  уақыт 
аралығындағы  пәнаралық  байланыс  ескерілген  оқу  іс-әрекеті  көрініс  берді. 
Сонымен  бірге  1,2,3,4-сыныпқа  арналған  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының 
мазмұндық  жүйесіне  талдау  жасадық.  Нәтижесінде  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  пәнаралық  байланыс  жүзеге  асатын  сабақтарының  мазмұндық 
мүмкіндіктерінің  жоғары  болатындығын  және  оларда  төмендегідей 
дидактикалық  шарттар  орындалатындығы  анықталды  /оқушының  ғылыми-
танымдық жеке белсенділігінің артуына негізделу/: 


99 
 
-  оқытуда  белгісіз,  бірақ,  түйіні  табылуға  тиісті  мәселенің  мүмкіндігін 
күшейте отырып, пәнаралық байланыстың аясын жүйелі түрде арттыру; 
-педагогикалық  үдерісте  жеке  пәндердің  білім  мазмұнын  біртұтастыққа 
жүйелей  отырып,  анықталған  бағыт  бойынша    іскерлікпен  және  үйлесімді 
мазмұндағы жаттығу, тапсырма, түрлі сипаттағы жұмыс түрлерін қамту арқылы 
пәнаралық байланысты жүзеге асыру; 
-  проблемалық  әдісті  –  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырудың  құралы 
ретінде пайдалану; 
-  бастауыш  білім  беру  кезеңінің  педагогикалық  үдерісін  жүйелі  болжау 
және жеке пәндерден берілетін білімдерді оқушы жеке тұлғалық болмысының 
даму әрекетіне пайдалануын қамтамасыз ету, әрі пәнаралық байланысты нақты 
ғылыми танымдық мәселе ретінде қарау; 
- пәнаралық түсінік-ұғымдарды және атаулық-ұғымдарын /терминология/ 
қолданғанда және жаңа білімді пысықтауға мүмкіндік туғызатын байланыстың 
екі және көп жақты сипатын түсіндіру; 
-  пәндердің  өзара  байланысу  әрекеттерін  қорытындылауда  атаулық-
түсінік-ұғымдар  мен  білік,  іскерліктер  мен  дағдыны  ауқымды  негіздеуге 
мүмкіндік беретін байланыстың екі және көп жақты сипатын қарастыру
-  бастауыш  сынып  оқушысының  мүмкіндігі  мен  өзіндік  ерекшеліктерін 
басшылыққа алу; 
-оқушының  танымдық  іс-әрекетіне  жетекшілік  жасау,  мәліметтік-
деректердің,  білімдердің,  біліктердің,  дағдылардың  ішкі  байланысын  анықтау 
мен  оқушы  тұлғасының  танымдық  әрекеттегі  іскерлігіне  қатысты 
психологиялық жай-күйі, көріністік бейнесі;             
- пәнаралық байланыс сабақтарында жүйелі сұрақтар қою; 
-  бастауыш  білім  беру  кезеңіндегі  оқушылардың  жеке  ойлауын  арттыру 
мақсатында  қайсыбір  жаңа  түйіндерді  шешу  үдерісінің  үлгілерін  жасау, 
жаттығулар  мен  тапсырмаларды  орындау,  қол  жетімді  өзгешілігін  түсіну  мен 
оқуда қолданылатын тапқырлық әрекет түрлерін /объектілерді тану, теориялық 
қағидаларды дәлелдеу, т.б./шығармашылдық іздестіруге үйрету және орындату;  
- оқу материалын кешендік қайталау; 
- сыныптан тыс шаралар өткізу. 
Бұл  бағыттағы  негіздемелік  жүйелер  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
пәнаралық  байланыстағы    сабақтарды  ұйымдастыру  мен  өткізу  барыстарында  
жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  аясындағы  педагогикалық  шарттарды 
анықтай  отырып,  педагогикалық  үдерісте  –  пәндердің  өзара  байланысын,  оқу 
материалдарының  кіріктірілуін    яғни,  «педагогикалық  құбылысты»  жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді.  
Ғылыми  әдебиеттерде  пәнаралық  байланыстың  дидактикалық  негізінде 
оқу  пәндері  –  математика  және  информатика,  технология  және  өнер  /музыка, 
көркем еңбек, бейнелеу өнері/, дене шынықтыру, тілдер /қазақ, орыс, ағылшын 
тілдері/  және  әдебиет,  гуманитарлық  ғылымдар  /дүниетану,  өзін-өзі  тану, 
Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, география, құқық негіздері, экономика, 
қазіргі  әлемдегі  Қазақстан/,  жаратылыстану  ғылымдары  /ғылымға  кіріспе, 


100 
 
физика,  химия,  биология/  алынып  топтастырылуы,  олардың  зерттейтін 
объектілерінің  ортақтылығына,  пәндік  қатынастардың  бірлігіне  негізделген. 
Олар адам, қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз 
ішінде  білім  іскерліктеріне  арналған  материалдың  және  оқушылардың  жалпы 
таным объектілерінің бір жүйеге келтірілуі қамтылған. 
Пәнаралық байланыстың ерекшелігі: 
1. Оқу  пәндерінің  өзара  байланыста  болуы  –  түрлі  ғылымдардың  негізін 
меңгеру мен білім жүйесінің дамуы, әрі оны кешенді игерудің қажетті шарты. 
2. Диалектикалық дамудың заңдылықтарын түсінудегі ғылыми-танымдық 
білімге  негізделген  ақиқаттық  пен  шындықты  түсіндіретін      көзқарастың 
қалыптасуы  –  білім  мазмұнының  құрылымдық-құрамалары  мен  бөліктерінің 
өзара байланыстық тұтастығын қамтамасыз етуді талап етеді. 
3. Пәнаралық байланыста тәрбие берудің барлық түрлері қамтылады және 
барлық салаларын кешенді түрде жүзеге асырады. 
4. Пәндердің  өзара  байланысы  педагогикалық  еңбектің  ғылыми  тұрғыда 
ұйымдастырылуына негіз болады.  
5. Педагогикалық  үдеріске  қатысушы  мұғалім  және  оқушылардың  
бірлескен бағытты іс-әрекеттерінің өзара келісімді және демократиялық негізде 
ұйымдастырылуына ықпал жасайды [137,139,147,148,149]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет