Саурыкова жулдыз мейрхановна


  Бастауыштың  жаңартылған  білім  мазмұнында  пәнаралық



Pdf көрінісі
бет39/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

2.4.  Бастауыштың  жаңартылған  білім  мазмұнында  пәнаралық 
байланысты жүргізудегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар 
Қазіргі  жалпы  білім  беретін  мектептің  міндеттері  мен  оның  жаңа 
әлеуметтік  қызметтері  оқушылар  мен  мұғалімдердің  біріккен,  бір  мақсатқа 
бағытталған  педагогикалық  іс-әрекеттегі  жаңа  қатынасты  тудырады.  Бұрынғы 


113 
 
оқу  бағдарламасымен  білім  беру,  оқыту  барыстарында  оқушылардың 
сұраныстық  талап-тілектерін  қанағаттандыра  алмауы  оны  қолданыстан 
шығаруға алып келді. Дегенмен, бұл оқу бағдарламасы өз уақытында қоғам мен 
әлеуметтік  ортаның  сұраныс  талабын  қанағаттандырды,  қолданыстағы 
қызметін  аяқтады.  Бұл  дамудың  табиғи  құбылысына  сәйкес.  Педагогикалық 
тәжірибеге  ендіріліп  жатқан  жаңартылған  білім  беру  мазмұндағы  оқу 
бағдарламасы  оқу-тәрбие  барыстарын  жаңаша  құруға  және  оқушыларды 
оқытудың  барлық  кезеңдерінде  белсенділікті  артыру  басты  шарт  ретінде 
басшылыққа  алынады,  ұйымдастырылатын  педагогикалық    үдерісті  жеке 
тұлғаға  бағытталған  педагогикалық  өзара  қарым-қатынас  негізінде  жетілдіру 
қажеттігі жүйеленеді. 
Алдыңғы  тақырыптағы  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  пәнаралық 
байланыс  сабақтарын  жаңартылған  білім  мазмұндағы  оқу  бағдарламаларының 
талаптық-ережелерін  сақтай  отырып  жүзеге  асыру  және    осы  бағыттағы 
мұғалімдердің  кәсіби  біліктіліктері,  жеке  мүмкіндіктері,  түрлі  пәндердің  оқу 
материалдарын  өзара  байланыстыру  немесе  кіріктірілу  жағдайда  сабақтарды 
ұйымдастыру 
мен 
жүргізудегі 
ғылыми-әдістемелік 
тұрғыдағы 
қабілеттіліктерінің көрсеткіш жағдайларын, зерттеп, талдап, ұсындық.  
Ал,  енді  біз  бастауыш  сыныптарына  жаңартылған  білім  беру  мазмұны 
жағдайында  педагогикалық  үдерісте  пәнаралық  байланыс  сабақтарын  өткізу, 
оқушылардың  белсенділік,  қызығушылық,  ғылыми-танымдық  әркеттерін 
қалыптастыру  мен  дамыту  және  олардың  жеке  тұлғалық  болмысының  толып, 
жетілуіне  кешенді  білімдердің  ықпалы  жайындағы  зерттеудің  эксперименттік 
тәжірибелік  жұмыстардардың  барысы  мен  олардан  алынған  нәтижелік 
көрсеткіштер  бағытындағы  ақпараттарды  ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан 
негіздей отырып береміз.  
Мәселен,  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасы  жүйесімен 
пәндерді  оқытуда  пәнаралық  байланыстың  ерекше  жағдайлары  болып:  пәнге 
жекелік  бағытта  кешенді  білімдер  жүйесімен  қатынас,  құнды  факторлармен 
байланысты дамудың оқу жағдаятын туғызу, пән бойынша оқушылардың білім 
деңгейін және оқушылардың  жеке  психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, 
олардың  тапсырмаларды  орындауға,  түсінуге  ынтасы;  орындалатын 
тапсырмалардың  шығармашылық  деңгейі;  сабақ  үстінде  қол  жеткізген  табыс 
жағдайларын  жасап,  бекіту;  қазіргі  жағдайда  оқушыларды  өмірге  баулудағы 
ғылыми-танымдық  бағыттағы  ақыл-ой,  рухани-құндылық,  оқушыларға  өз 
бетінше  білім  алу  үшін  жағдай  жасауға  басты  назар  бөлу;  әртүрлі 
педагогикалық  жағдаяттарды  жобалау,  әр  оқушыға  оқу  сабақтарының 
үдерісінде  белгілі  білік,  дағды  мен  машықты  меңгеру;  оқыту  үдерісін  
эмоционалды-құнды қатынастардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының 
ғылыми-білімділік мүмкіндіктерін қалыптастыру мен дамытуға бағыттау. 
Оқушылардың  жаңартылған  білім  мазмұны  негізінде  пәнаралық 
байланыста  қол  жеткізген  ғылыми-танымдық  және  тәрбиелілік  деңгейлерінің 
критерийлері  бойынша  пайыздық  көрсеткіштерін  белгіледік.  Теориялық 
білімдерін  бекіту  және  білік,  дағды  және  машықтану  үшін  оқушыларды 


114 
 
сыныптар  бойынша  топтастыра  отырып  эксперименттік  және  бақылау 
сыныптары  негізінде  зеттеулер  жүргізілді.  Бастауыштағы  пәндердің  өзара 
байланысуы арқылы ұйымдастырылатын педагогикалық үдерісте оқушылардың 
жеке  тұлғалық  болмысының  қалыптасуы  мен  дамуының  көрсеткішін,  оның 
критерийлерін  талдаудың  негізінде  оқу-тәрбие  үрдісінде  қалыптастыруға 
болатын  қарым-қатынас  анықталды,  және  олардың  ғылыми  танымдық 
деңгейінің  көрсеткішін  беретін  диагностикалау  жұмыстары  жүргізіліп, 
жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жоспарлы зерттеулер жасалды. 
Оқушылардың  шығармашылық  белсенділігін  қалыптастыру  мақсатында, 
біз  зерттеу  жоспарын  жасадық,  онда  сынып  оқушыларының  даму  деңгейінің 
белгілері  қарастырылды.  Теориялық  білімдерін  бекіту  мақсатында  нақты 
педагогикалық  тәжірибелер  оқушылардың  күнделікті  өмір  сүру  ортасына 
мүмкіндігінше 
жақындастырылған, 
даму 
көрсеткіштерін 
анықтайтын 
педагогикалық  жағдаяттар  құрастырылды.  Бастауыш  сынып  мұғалімінің 
пәнаралық  байланыс  сабақтарына    бағытталған  оқу-тәрбие  жұмыстарының 
барыстарында  жаңа  педагогикалық  технологияларды  іздеу  мақсатында, 
кіріктірілген сабақ жоспарларының ортақ бөлімдер мен тақырыптар жүйесімен 
/орта  және  қысқа  мерзімді  оқу  жоспарларына  сүйене  отырып/,  оқушының 
дамуындағы орын алатын білім, білік, дағды және танымдық іс-шараны талдау 
талаптары    жасалып,  қарастырылды.  Бағдарлама  негізінде  бастауыш  сынып 
оқушыларына  жаңартылған  оқу  бағдарлама  жүйесімен  педагогикалық  үдеріс 
кезіндегі  олардың  танымдық  әрекеті  мен  іс-шаралары  келесі  жүйеде 
ұйымдастырылды: мақсатын анықтау, жағдайды талдау, іс-шараны жоспарлау, 
ғылыми-танымдық  ықпал  етудің  ұйымдастыру  деңгейі,  жеке  тұлғаның 
болмыстық  бітіміне  тікелей  ықпал  жасау,  оқушының  жаңа  білім  негізінде 
меңгерген  білік,  дағды  әрекеттерін  қорытындылау  кезеңі–  сабақтарды 
өткізгеннен кейін талдаулар жасалды. 
Жаңа  білім  мазмұнды  бағдарлама  негізінде  және  сараптау  барысында  
оқушылар теорияны игеріп, тәрбиелеудің міндеттерін анықтауға және шешуге 
үйренді,  соның  негізінде  пәнаралық  байланысқа  негізделген  педагогикалық 
үдерістің  әдіс-тәсілдері  мен  формаларын  игерді.  Бұл  сабақтарда  білім  алумен 
қатар,  басты  назар  –  эмоционалды-құнды  қатынастар  қалыптасуына 
бағытталды.  Жаңартылған  бастауыштың  білім  мазмұны  аясында  пәнаралық 
байланысты  жүзеге  асырудың  педагогикалық  шарттары  анықтау  негізінде 
оқушылардың  жеке  тұлғалық  болмысының  қалыптасуы  мен  дамуының 
мүмкіндік  нәтижелілігін  анықтау  тәжірибелік-педагогикалық  жұмыстар 
барысында  жүзеге  асырылды.  Педагогикалық-  тәжірибе  жұмысының 
құрылымы: 
–  экспериментік тәжірибелердің басталуы (2016-2017ж) 
–  экспериментік тәжірибелердің аяқталуы(2018-2019ж) 
Жобаланған  тәжірибелер кезеңінде бастауыш білім беру кезеңіне енетін 
1,2,3,4 – сыныптардан әр түрлі мектептен  342 оқушылар  қатысты. Оның 172-
оқушысы  эксперименттік  сыныптар  тобын  құраса  ал,  170-оқушы  бақылау 
сыныптар тобын құрады.  


115 
 
Эксперименталдық-тәжірибе  жұмысының  /басталуы/  –    қалыптастыру 
және  /аяқталуы/  анықтауыш  эксперимент  кезеңінде  оқушының  жеке  тұлғалық 
болмысының  қалыптасуы  мен  дамундағы  ғылыми-танымдық  деңгейінің 
көрсеткішін  анықтау  /диагностикалау/  әдістемесімен  қатар  оқушының  жеке 
басының  білімдік,  рухани-құндылық  мүмкіндіктерінің  қалыптасқандығын 
анықтау мақсатында диспут түріндегі бейімделу технологиясын пайдаландық. 
Қалыптастыру  тәжірибесі  кезеңінде  «Педагогикалық  үдерістегі  объект- 
субъекті-субъект-объекті»  қатынастық  жүйені  пайдаландық  және  ол 
төмендегідей мазмұндық көрініс берді.   
–  кіріктірілген  сабақта  оқушылармен  атқаратын  ғылыми-танымдық 
әрекетке бағытталған оқу қызметінің мақсаттары мен міндеттерін талқылау
–  пәнаралық  байланыс  сабақтарын  ұйымдастыруда  сенімділікке 
негізделген қатынас жағдаятын жасау; 
– оқушылармен жеке танымдық-ақпараттың қатынасты ғылыми тұрғыдан 
негіздеу басшылыққа алынады;  
–  сабақта    оқушыларға  бірнеше  балл  қоямын,  олардың  қателесу  құқын 
мойындаймын және өзара бақылау жасауын қолдаймын;  
–  сабақта  білімдерін  лайықты  бағалау,  бағаны  ынталандырудың  негізі 
ретінде қолданамын, балдық бағаны басқа  қателіктерді жою үшін қоямын.  
Осы 
бағытта 
педагогикалық-тәжірибелік 
жұмысының 
нәтижесі 
оқушының  жеке  тұлғалық  болмысындағы  ғылыми-танымдық  әрекеттерінің 
қалыптасуы  мен  дамуын  жаңартылған  оқу  бағдарламасының  білім  мазмұны 
негізінен педагогикалық шарттарының тиімділігі  айқындалды.  
Біздің  зерттеу  жұмысымыздың  тақырыптық  мазмұнының  аясында 
бастауыш  сынып  оқушысының  жеке  тұлғалық  болмысының  өз  бетінше  даму 
қабілетін анықтайтын жаңашылдық әдістер мен тхнологиялар пайдалану [153], 
оның  негізінде    педагогикалық  бақылау  жүргізілді.  Әдістеме  екі  анкета 
бойынша  жүргізіліп,  олардың  мақсаты  өз  бетінше  дамудың  қалыптасудың 
деңгейін  анықтау,  және  өз  бетінше  дамуды  ынталандыратын  және  өз  бетінше 
дамуға кедергілерді айқындайтын факторларды анықтау болатын.  
Анықталған  диссертациялық  тақырып  бойынша  жүргізілген  (бастауыш 
сынып  мұғалімдері  және  оқушыларды  қамту)  тәжірибелік  эксперименттік  
зертеулердің  барыстары  және  нәтижелері  жайындағы  мәліметтерді  өңдеу, 
сұрыптау,  қол  жеткізген  нәтижелері  бойынша  бастауыш  білім  беру 
кезеңдеріндегі пәнаралық байланыстарды педагогикалық үдерісте ұымдастыру 
мен  тиімділігі  жайындағы  мәліметтерді  алуға,  оларды  сандық  және  сапалық 
жағынан талдау әдісіне төмендегі формуланы басшылыққа алып пайдаландық. 
Пәнаралық байланыстар бойынша  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің білктілігін 
және  оқушылардың  жеке  тұлғалық  болмысы  мен  ғылыми  дүниетанымдық 
көзқарастарының  қалыптасу  мен  даму  барыстарына  талдау  жасауда 
А.В.Усованың  әдістемесін  пайдаландық  [154,155].  Бұл  әдістемеге  сәйкес 
қолданылған  оқу-әдістемелік  шаралардың  әсерін  үш  коэффициент  арқылы 
анықтауға  болады:  ұғымның  мазмұнын  меңгерудің  толықтық  коэффициенті; 
ұғымның  түсініктік  аппаратын,  оның  көлемін  меңгерудің  толықтық 


116 
 
коэффициенті;  ұғымдар  мен  түсініктердің  өзара  байланысын  меңгерудің 
толықтық коэффициенті.  Алынған жауаптардың орташа мәнінің толықтылығы 
осы әдіске сәйкес формуласымен анықталды.  
                          Σ nί                                      
                  K= --------  ;                
                          nN                                     
Мұндағы:  n
ί 
-  ĵ  (мұғалім)  оқушы  пәнаралық  байланысқа  қатысты  білік, 
дағдыларды  меңгерген  және  игеруге  тиісті  мазмұндарға  қатынастар  саны;  n  – 
(мұғалім)  оқушы  меңгеруге  тиісті  пәнаралық  байланыстар  мазмұны  арқылы 
тұлғалық  болмысының  қалыптасуы  мен  дамуы  қатынастар  саны;  N  –  топтағы 
оқушылар  саны  мен  мұғалімдердің  пәнаралық  байланыстағы  ғылыми 
дүниетанымдық  көзқарасының  қалыптасуы  мен  дамуына  бағытталғын 
бірлескен әрекеттерінің орташа балдық көрсеткішінің берілуі. 
Зерттеу  нәтижелерін  бастауыш  білім  беру  кезеңі  оқушыларының 
сыныптық  және  жас  ерекшеліктері  бойынша  талдағанымызда  эксперимент 
топтарында  сыныптағы  (172)  оқушының  пәнаралық  байланыс  сабақтарында 
ғылыми 
танымдық 
көзқарастарының 
қалыптасуының 
толықтылық 
коэффициентінің  жоғары,  орташа,  төмен  мәндік  көрсеткішпен    көрсетілсе, 
бақылау тобындағы сыныптағы (170) оқушылардың көрсеткіштерін де  жоғары, 
орта, төмен  деп осы көрсеткіштермен берілді. 
Сандық көрсеткіштер бойынша бастауыш сынып оқушыларының ғылыми 
дүниетанымдық  көзқарасының  қалыптасуы  олардың  жаңартылған  білім 
мазмұнындағы оқу бағдарламасының пәнаралық байланысты ұйымдастыру мен 
өткізу  /ортақ  бөлімдер  мен  тақырыптар/ерекшеліктеріне  қатысты  түрлі 
нәтижелер  бергенімен,  осы  сандық  қатынастық  өзара  байланысы  –  екі  немесе 
одан  да  көп  кездейсоқ  шамалар  /немесе  кейбір  рұқсат  етілген  дәлдік 
дәрежесімен  осындай  деп  санауға  болатын  шамалар/.  Басқаша  айтқанда,  екі 
немесе  бірнеше  кездейсоқ  параметрлердің  өзара  байланысы.  Сандық 
қатынастағы  өзара  байланыстағы  кездейсоқ  шамалар  –  бұл  бірдеңемен  өзара 
байланысты  болу.  Оң  және  теріс  бар  көрініс  беру  /корреляция/ 
коэффициенттері  өрнектеп  бере  алмайтын  ортақ  қиындықтар  бар  екені 
анықталып отыр. Ол мәселе – бастауыштағы білім беру кезеңі оқушыларының 
пәнаралық байланыстағы сабақтарда ғылыми-танымдық мазмұндағы білімдерді 
меңгеру  мүмкіндігін  анықталмауынан  деп  саналып  отыр.  Сол  себепті  барлық 
оқушыларды  зерттеу  мерзімінің  1-ші  сыныбында  ғылыми  дүниетанымдық 
көзқарастан толық беки алмаған еді. Ал зерттеудің келесі кезеңіндегі 2-ші және 
3-ші 
сынып  оқушылардың  ғылыми  дүниетанымдық  көзқарастарының 
қалыптасуы  мен  дамуы  ерекше  орын  алғандығын,  олардың  әрекетіндегі  білік 
пен  дағдыларының  тұлғалық  болмысының  көрінісі  ретінде  бейнеленуі  негіз 
бола алады. 
8-ші  кесте  мен  6,7,8-ші  суреттер  бойынша    бастауыш  сынып 
оқушыларының  жеке  тұлғалық  болмысының  қалыптасуы  мен  дамуындағы 
ғылыми  дүниетанымдық  көзқарастың  мәнінің  жоғарылы  анықталынды,  яғни  
мұғалімнің  жеке  жаңартылған  білім  бағдарламасының  мазмұнындағы 


117 
 
пәнаралық  байланысқа  негізделген  сабақтарды  ұйымдастыру  мен  өткізуге 
бағдар болуы, оған бастауыш сынып оқушыларының арнайы дайындықтан өту 
қажеттігі    расталды.  Жоғары  алынған  нәтижелерді    сандық  және  сапалық 
талдау  арқылы  оқушылардың  бойында  ғылыми-танымдық  негіздегі  жаңа 
білімдерді  меңгерту,  олардың  мінез-құлық  ерекшеліктері  мен  жақсы 
қасиеттерін  қалыптастыру  және  жеке  пәндердің  оқу  материалдарын  кіріктіре 
отырып  ғылыми  білімдер  жүйесімен  білім,  білік  дағды  және  ғылыми 
танымдағы іс-әрекеттерін арттыру.  
Зерттеу  барысында  жаңартылған  білім  мазмұнының  жағдайында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет