Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет43/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

Бірінші  кезеңде  бастауыш  сыныптардың  оқу-тәрбие  үдерісінде 
пәнаралық  байланыс  материалдарын  пайдаланудың  дейгейі  анықталды. 
Оқушылардың  пәнаралық  байланыс  негізіндегі  білімдері  мен  түсінік, 
ұғымдары,  оларды  қажетті  жерде  қолдана,  пайдалана  білу  дағдылары 
бақыланды.  Оқушылардың  жаңартылған  білім  мазмұнында  берілген  бөлімдер 
мен  ортақ  тақырыптар  арқылы  бастауыш  сыныптағы  пәнаралық  байланыс 
жөнінде, яғни қоршаған әлем мен дүниені танудағы ғылыми білімдер негізінде 
біртұтастық  бейне  туралы  танымдық  деңгейі,  білімі,  түсініктері  тексерілді. 
Берілген 
деңгейлер 
бойынша 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
дүниетанымының  қалыптасуына  пәнаралық  байланыс  материалдарының  әсері, 
ықпалы  мен  көмегі  қандай  екендігін  анықтау  мақсатында  сауалнама,  тесттер 
жүргізілді. Зерттеулер нәтижесінде пәнаралық байланыс материалдарының оқу-
тәрбие  үрдісінде,  өз  дәрежесіне  сәйкес  келмейтіндігі  және  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің бұл саладан әлі де болса жүйелі әрі мақсатты түрде әдістемелік 
даярлықты  күшейту  керектігі  байқалып,  пәнаралық  байланыс  материалдарын 
пайдалану  жұмыстарының  көп  жүргізілмейтіндігі  анықталды.  Мұны  осы 
зерттеу  жұмысына  қатысқан  мектептердегі  2-сынып  бойынша  алынған 
сауалнама  нәтижесінде  анықталғанын  байқадық.  Мәселен,  оқушылардың 
пәнаралық  байланыс  материалдарын  өте  аз  қабылдайтындарын  және 
сауалнамада  өте  нашар  жауап  бергендерін  анықтадық.  Дегенмен,  мектеп 
оқушыларының 1,2,3,4-сынып бойынша пәнаралық байланыс ұғымдары туралы 
жалпы  түсініктері  бар  екендігін  айқындадық.  Бұл  оқушылардың  пәнаралық 
байланыс  материалдарын  көбірек  пайдаланғанын,  сынып  мұғалімінің  оларға 
оқытуды  әртүрлі  пән  материалдары  бойынша  жүргізетінін  білдіреді.  Әсіресе, 
оқушылардың  ортақ  бөлімдер  мен  тақырыптарға  негізделген  орта  және  қысқа 
мерзімді  оқу  жоспарларының  негізінде  дұрыс  ұйымдастырылған  пәнаралық 
байланыс  сабақтарында  ғылыми  танымдық  бағыттағы  әрекетерінің  көрсеткіш 
деңгейінің  жақсы  екендігін  байқадық.  Бастауыш  білім  беру  кезеңі 
оқушыларының  сыныптық  сатылық  деңгейіне  қарай  мұндай  сауаттылық 
танытулары  олардың  әрбір  сабақ  барысындағы  мұғалімнің  басшылығымен 
ұйымдастырылған пәнаралық байланыс материалдарын жиі қолданғандығының 
ықпалы екендігін толық көрсетті. Жоғарыдағы анықтау кезеңіндегі дәйектерге 
сүйене отырып, мынадай қорытынды жасадық: оқушылар пәнаралық байланыс 
материалдарын  аз  біледі,  мұғалімдер  жаңартылған  білім  мазмұнында  берілген 
бөлімдер  мен  ортақ  тақырыптар  ақылы  бастауыш  сыныптағы  сабақтарында 


123 
 
пәнаралық  байланыс  материалдарын  өз  деңгейінде  пайдаланбайды,  бұның  өзі 
оқушылардың  ғылыми  дүниетанымының  қалыптасуына  кері  әсерін  тигізеді; 
мұғалімдер  пәнаралық  байланыс  материалдарын  саралап,  қолдану  жүйесін 
нашар  біледі;  оқушылардың  қоршаған  ортасындағы  өзгерістер  мен 
жаңалықтарға деген ықыласы аз; оқушылармен бақылау, тәжірибе жұмыстары 
да  аз  жүргізіледі;  бастауыш  сыныптың  мұғалімдеріне  пәнаралық  байланыс 
мәселелерін  талдайтын  арнайы  әдістемелік  құралдың  болмауы;  мұғалімдердің 
пәнаралық 
байланыс 
жұмыстарын 
ұйымдастыру 
шеберліктерін 
дамытпайтындығы және жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен 
ортақ  тақырыптар  арқылы  үйрету  тәжірибелерінің  аздығы  оқушыларға 
оқулықтағы  оқу  материалдарының  негізінде  пәнаралық  байланыс  арқылы 
ғылыми  дүниетанымын  қалыптастыру  деңгейінің  төмендігіне  себепші  болған. 
Анықтау  экспериментінің  нәтижесін  1-кестеден  көруге  болады.  Бұл  кесте 
бойынша  пәнаралық  байланыс  материалдарының  пәрменділігі  мен  ықпалын 
арттыруда ғылыми негізделген әдістеменің қажеттілігін байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет