Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде



бет21/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Консерватизм- қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.

  • Социал-демократия - еңбекші бұқараның, алдымен жұмысшы табының хал-ахуалын жақсарту, қанауға қарсы күшін ұйымдастыру, ұйымдасқан жұмысшы табы басқаратын, бүкіл еңбек етуші бұқараның жағдайын ойлайтын социал қоғам орнату.

  • Фашизм. Билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі, демократиялық еркіндіктермен күрес, адам құқының күрт шектелуі, шовинизм, расизм, экстремистік ұлтшылдық, элитаризм, әскери агрессияға талпыну сияқты қатал реакциялық тәртіп орнату және агрессиялық соғыстар жүргізу мақсатына бағытталған буржуазияның саясатын ашықтан-ашық қолдайтын террорлық диктатура.




    1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, құрылымы мен түрлері

    Ұлттық Қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады.
    Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк) – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi;
    Ұлттық қауіпсіздік түрлері:
    1) қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
    2) әскери қауіпсіздік – әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-күйі;
    3) саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және олардың мүдделерінің теңгерімі, мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
    4) экономикалық қауiпсiздiк – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
    5) ақпараттық қауiпсiздiк – елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі;
    6) экологиялық қауiпсiздiк – қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі болып табылады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет