Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


  Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.(тарих



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
4. 
Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.(тарих, 
философия, құқық негіздері, психология, мәдениеттану, саяси экономия 
т.б.) 
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі 
олардың бәрінін зерттеу объектісі ортақ- қоғамдық өмір. 
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа- табиғат, 
қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. 
Ол тіршіліктің түпкілікті сабептерін, тухани және т.с.с. ашып, дүниеге тұтас 
көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа да пәндер сияқты саясаттануға жалпы 
әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыда 


 
дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық 
бағдар береді. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы 
заңдылықтарын нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси 
көзқарасты қалыптастырады. 
Саясаттану экономиклық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси 
процестерді экономилық тұрғыдан дәледей отырып, ол процестердің негізінде 
әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп 
жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және 
іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде 
негіздейді. 
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың 
қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс- тұрысын зерттейді. Ол саяси 
шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, 
құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен 
жерлерін қалыптастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған 
экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.Саясаттану құқықтануға жалпы 
теория, оның теориялық- әдістемелік негізгі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз 
әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті 
сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай 
саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. 
Саясаттану жақын ғылымдардың бірі- әлеуметтану. Саясаттану саясатты 
белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге 
асыратын, дамып, өзгеріп отыратын прцесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану 
оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның 
саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды 
және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру 
үшін адамдар не істей алады. Саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, 
әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адам болады. Олардың 
арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс- тәселдерді 
пайдалануға байланысты күшейе түседі. 
Тарих болса жүйелі, дәйікті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты 
саяси институттар мен идеялардың даму туралы деректерді жинап, суреттейді. 
Саясаттану адамгершілік ғылымдармен байланысты.Саясаттанудың өзіне тән 
зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан 
барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады. 
Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы күрделі қоғамдық-саяси 
жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы 
саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа 


 
адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің 
мақсат-мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық 
қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ 
мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет