Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді. 
Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси 
билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа 
құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. 
Мемлекетік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, 


 
ондай мемлекет Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Финляндия, Франция, 
Ұлы Британия және т.б. 
Федерациядеп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше құрылымдардың 
бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған 
кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпы 
мемлекетік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы 
билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық 
институттарға бағынуы тиіс. Мысалы ондай федеративтік мемлекетке АҚШ, 
Австралия, Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайзия, 
Мексика, Нигерия, Ресей және т.б. 
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір 
мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін 
бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпы одақтық азаматтық 
немесе заң шығарушы немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң 
шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің 
бекітуінен өту керек. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы, 1848 
жылға дейн Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда Солтүстік Америка 
Штаттарында, 
1981-1989 
жылдарда 
Сенегамбияда 
болды. 
Қазір 
конфедерацияға ұқсас құрылымды Еуропалық одақ құрмақ ойы бар. 
15. Саяси элитаның түсінігі мен қызметі. 
Саяси элита “Элита” термині сөзінен француздың “еlite” деген сөзінен 
шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII 
ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап 
саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары 
адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Тарихи жағынан алғанда 
адамдарды ел билеуші тандаулыларға және олардың дегенін істейтін 
бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций 
(б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі 
(қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші философтарға, әскерлерге, 
егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны 
көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. 
Парето, неміс Р. Михельс және т.б. калыптастырды. “Элита” терминін ғылыми 
айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға бірдей 
социология трактатында” (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. 
Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының 
арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі 
баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына 
келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита 
екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға 


 
жылжытып отырады. Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар кандай? 
Оларға мыналар жатады: 
I) қоғамға арнайы бiлiмi, тәжiрибесi, қабiлетi бар кәсiби басқарушылар керек; 
2) адамдардың психологиялық (туа бiткен) және әлеуметтiк (оқу, тәрбие 
барысында қолы жеткен) теңеiздiктерi; 
3) қоғамда басқарушы еңбек ЖОҒАры бағаланады және ынталандырылады
4) бүқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (қүнделiктi өмiрде әркiм 
саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет