Саясаттану пәні бойынша емтихандық сұрақтары мен жауаптары


Президенттік республика белгілері



бет5/7
Дата10.11.2022
өлшемі51,1 Kb.
#49063
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Политология

Президенттік республика белгілері: АҚШ, Ресей, Қазақстан
• Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;
• Президент үкіметті құрады;
• Үкімет президент алдында жауапты;
• Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.
Парламенттік республика белгілері: Италия, Германия, Израиль, Индия.
• Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;
• Президентті парламент сайлайды;
• Үкімет парламент алдында жауапты;
• Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;
• Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.
Аралас республикаға жататындар: Франция, Португалия, Финляндия, Исландия.
Оның белгілері:
• Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;
• Президент кең құзыреттерге ие;
• Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.



  1. Унитарлық, Федеративтік және Конфедеративтік мемлекеттер сипаты.

Унитарлық мемлекетті белгілері:
• ортақ Конституция;
• ортақ заң шығарушы орган;
• ортақ әкімшілік-территориялық бөліну;
• ішкі шекараның болмауы;
• ортақ саясат.
Федеративті мемлекет белгілері:
• бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;
• федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;
• территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;
• саяси салада орталыққа бағынған.
Конфедерация белгілері:
• ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;
• азаматтық ортақ емес;
• ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.



  1. Азаматтық қоғам және мемлекет

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып отырады. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі. Азаматтық қоғам адам құқығын қорғауға күш салып отырады және сол үшін оны дамытып отыру қажет. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.



  1. Саяси партиялардың пайда болуы.

«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Әр түрлі саяси жүйеде адамдар өздерінің маңызды мүдделерін қорғау мақсатында ұйымдасты. Бұл ұйым – партия болды. Жалпы партиялардың даму кезеңдері: аристократиялық котерийлер (үйірмелер); саяси клубтар; көпшіліктік партиялар. Алғашқы кезеңде партияға қатынас негативті болды. Қоғамның белгілі бір топтарының өз мүдделірін қорғауы сөзсіз шиеліністің қайнар көзі болды. ХVІІІ ғасырдың басында саяси партиялар ұлттық мүдде үшін қызмет ете бастады. Әртүрлі топтар арасындағы мүдделердің күрделенуі, яғни, буржуазиялық қоғамдағы қайшылықты күшейтті. Партияның пайда болуы топтар өз мүддесін қорғайтын индивидтер арасындағы жаңа саяси күрес түрін көрсетті. Қазіргі кезде саяси партия – бұл жергілікті және ұлттық деңгейде болатын үзіліссіз әрекет етуші орган. Партия – мемлекет шеңберінде ерекше құқықтық статусқа ие саяси ұйым.



  1. Саяси партиялардың түрлері мен қызметтері.

Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Бұл партиялар бағдарламаларының идеялық ерекшеліктеріне байланысты. Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады. М.Дюверже партияны «кадрлық» және «бұқаралық» деп те бөледі. Партияның классикалық үлгісіне орай үш қызметі бар: қоғамдық пікірді қалыптастыру, кандидаттарды жинау және депутаттар әрекетінің шарттарын қамтамасыз ету. Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз нақты мәселесін шешуге тырысады.





  1. Қоғамдық қозғалыстардың түрлері.

Қоғамдық құрылыстағы билік тәртібіне қарай, саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Консервативтік қозғалыстар өмір сүріп тұрған тәртіпті жоюға да, жүйелі түрде қайта құруға да қарсы. Реформистік қозғалыстар өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылым негіздерін жоймай, қоғамдық өмірдің кейбір жағын ғана қайта өзгерткілері келетіндер. Революциялық қозғалыстар өмір сүріп тұрған құрылысты түбегейлі жойып, оны басқа құрылымен өзгертуді қалайды. Котрреволюциялық қозғалыстар революциялық және реформистік қозғалыстардың нәтижесінде құрылған жаңа қоғам құрылымына қарсы бағытталып, өткен құрылысты қайта орнына келтіруге тырысады.



  1. Қоғамдық қозғалыстардың ерекшелігі.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде ең кең тараған түрі – «Халық майдандары». Халық майдандары деп, жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік топтардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін білдіретін бірлестіктер. Олар жалпы демократиялық принциптердің негізінде құрылады және жұмыс істейді. Қазіргі кезде бірқатар қоғамдық бірлестіктер ұлттық идеяларды: мәдениетті, тіл мәселелерін, экономика, экология, адамдардың өмір сүруінің экономикалық-әлеуметтік жағдайларын жақсарту т.б. мәселелерді негізгі бағыт етіп алып отыр. Ал кейбір жекеленген қоғамдық құрылымдар, ұлттық оқшаулыққа, ұлттық артықшылықты насихаттауға, ұлттық-мәдени орталықтар басқа ұлттар өкілдерінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіруді көздейді.



  1. Сайлау саяси процесс ретінде.

Сайлау саяси процестің бір түрі. Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігін білдіретін процесс сайлауға қатысу. Ол конвенциалды қатысушылықтың түріне жатады. Сайлау белгіленген уақытта заңға сәйкес өткізіліп отырады. Сайлу мақсаты – билік басына неғұрлым сенімді түрде қоғамның жақсы деген өкілдерін әкелу мүмкіндігі және жалпы барлық билік тармақтарын легитимизациалау болып табылады. Сайлау процесінің өзінің этаптары болады:
1. кандидатты ұсыну.
2. бағдарламаны құру және оған сәйкес үгіт, насихат жүргізу.
3. сайлауды өткізу.
4. сайлаудың нәтижесін қорытындылау.



  1. Сайлаудың мәні.

Сайлау демократиялық саяси режимдегі саяси процестің маңызды орталық бөлігі болады.
Демократиялық сайлаулар бірқатар принциптермен анықталады. Олар дауыс беру құқығымен қамтамасыз етіледі. «Дауыс беру құқығы» – бұл ең негізгі құқық болып табылады, онсыз барлық негізгі құқықтардың мағынасы болмайды. Демократиялық сайлаудың маңызды принциптерінің бірі- бәсекелестік. Сайлаудың тиімділігі экономикалық, әлеуметтік және рухани факторларға байланысты. Сайлау жалпы қандай елде болмасын қажетті. Себебі біз басқалармен санаса аламыз, таңдау мүмкіндігіміз көбейеді, өз көзқарастарымызды білдіре аламыз, саяси процеске тікелей қатысып, өз үлесімізді қосамыз. Сайлау – ерекше саяси күрес болып табылады. Бұл процес тікелей саяси билікке ұмтылу мәселесімен тығыз байланысты. . Сайлау ерекше саяси рынок, онда кандидаттар өзінің бағдарламаларының маңыздылығына қарай сайлаушылардың өкілеттігін алады. Мұнда тек ең маңызды бағдарламалар сайлаушылар үшін аса бағалы саналады.



  1. Мажоритарлық және пропорционалды сайлу жүйелері.

Мажоритарлық жүйе дауыс берудің қорытындысын анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша жартысынан не одан да басым дауыс жинаған кандидат жеңіп шықты деп есептеледі. Ал, пропорционалды жүйеде маңдаттар дауыс беру санына сәйкес партиялардың арасында бөлінеді. Бұл жүйе көп маңдатты округтерде, округтер шеңберінде партияның өкілдері үшін дауыс бергенде жүреді. Яғни мұнда пропорционалды өкілдік принциптер қолданылады. Қазіргі Қазақстанда Президент Қ.Ж.Тоқаевтің ұсынысы бойынша мажоритарлық және пропорционалдық осы екі жүйе қолданыста болады.



  1. Саяси мәдениет

Саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың саяси бағдар алуына тікелей әсер беріп отырады.Жалпы «саяси мәдениет» деген ұғымды бipiншi қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушы ойшылы Иоганн Гердер болды.



  1. Саяси сана

Саяси сана деп - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады. Саяси сана сан қырлы болады және әртүрлі қызметтерді атқарады.



  1. Саяси сананың негізгі деңгейлері.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күнделікті саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Теориялық саяси сана саяси өмірдің барлық аспектілерін ғылыми теориялық тұрғыдан талдап, оның тереңде жатқан механизмдерін анықтайды. Саяси психологияға ортақ саяси өмірдегі адамдар ұжымында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы. Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.



  1. Қазіргі саяси идеологиялардың түрлері.

Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, либералдық және радикалдық, ұлтшылдық және шовинистік болып анықталады. Сондай ақ тарихи тәжірибеге орай антифашизм, антикоммунизм идеялары да өрістеуде. Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі – либерализм. (Латынның либералис – еркін деген сөзінен). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болды. Қазір ол жаңарған либерализмге ауысты. Бұл неолиберализм деп аталды. Консервативтік (латынның консерватус – қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революцияның (1789ж) саяси идеяларына жауап ретінде дүниеге келді. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық және аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Қазір ол жеке адамның құқықтары бостандықтарының басымдылығын мойындауға бет бұрып жаңарған консерватизмге айналды. Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар ХІХ ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К.Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895). Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек болды. Сонымен қатар социал-демократия идеалогиясы, фашизм, неофашизм идеологиялары бар.



  1. Саяси даму.

Cаяси даму кез келген саяси жүйенің өмір сүруге қабілеттілігінің, өміршеңдігінің көрсеткіші болып табылады. Қазіргі ғылымда саяси жүйенің өзін және оның элементтерін өзгерту және дамыту тұрғысынан сипаттау үшін саяси процесс ұғымы пайдаланылады. Саяси процесс ол саяси жүйенің қалыптасуын, өзгеруін, қайта құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдардың барлық жиынтығы. Өтпелі жағдайлардағы елдің саяси дамуының неғұрлым жеткілікті проблемалары дәстүрлі қоғамнан заманауи қоғамға көшудің әртүрлі схемалары мен модельдерінің жиынтығын білдіретін модернизация (жаңғырту) теориясымен сипатталады. Саяси жаңғырту ұлттық, тарихи және мәдени жағдайлардың ерекшелігін ескеретін саяси өзгерістердің белгілі бір бағытын (қазіргі заманға лайықты ету түрі) білдіреді.



  1. Саяси процесс түсінігі мен оның мәні.

«Саяси процес» түсінігі – интегралды және жалпы тұжырымдаушы категория. Саяси процестің сипаты мен нақтылы мазмұны саяси жүйемен (демократиялық немесе демократиялық емес) саяси режим ерекшеліктерімен байланысты. Саяси процесті, саяси қатынастардың барлық субъектілерінің саяси жүйені қалыптастыру, өзгерту, қайта құру және оның қызмет етуімен байланысты әрекеттер жиынтығы деп түсінуге болады.
«Саяси процесс» ұғымының жалпы мазмұны саяси өмірдің екі аспектісін қамтиды: функционалдық және динамикалық. Функционалдық аспект ол:- саяси жүйенің әрекеті және оның өзін-өзі ұдайы өндіруі мен сақталуы. Динамикалық аспект – саяси жүйенің эволюциалануы, реформациялануы, гүлденуі мен тоқырауы. «Саяси процесс» жалпылама категория ретінде саяси қатынастар мен институттардың құрылу және қызмет ету механизмін, саяси жүйені қалыптастыруды, саяси билікті жүзеге асыру технологиясын т.б. қамтиды.



  1. Саяси өзгеріс пен саяси даму.

Саяси даму – саяси жүйенің, оның құрамдас бөліктерінің немесе саяси процестің сапалық жағынан өзгерілуі. Қоғамның саяси өмірінде саяси даму мен саяси өзгеріс процестері өзара тығыз байланысты. Саяси өзгеріс ол – саяси субъектілердің, саяси жүйе мен сыртқы орта арасындағы әрекеттестіктердің түрлі амалдары мен сипатында жаңа белгілердің пайда болу процесі. «Саяси даму» – тұтастай саяси жүйенің және оның жекелеген құрамдық бөліктерінің сапалық келбетінің дәйекті ауысуы. Басқаша айтқанда, саяси даму сапалы өзгерістерге негізделген. Саяси өзгерістер мен саяси даму- саяси процестің өмір сүру формасы. Әртүрлі саяси өзгерістердің ішінен, саяси ғылымда бір-біріне қарама қарсы қосалқы категориялар анықталған: - революциялық – реформалық; прогрессивті – регрессивті; ішкі жүйелік - өткелдік өзгерістер.

  1. Саяси процестің типологиясы.

Саяси процестер бір-бірімен көлемі, ұзақтығы, субъектілері, және олардың әрекеттесу сипаты жағынан ерекшеленеді. Саяси ғылымда саяси процестің түрлі типтері бөлініп көрсетлген. Біріншісі күнделікті саяси процестер. Екінші түрі – тарихи саяси процесс. Үшіншісі эволюциялық саяси процесс.
Сондай-ақ А.И.Соловьев саяси процестің ашық және жабық түрлерін көрсетеді. Қазіргі саяси ғылымда саяси процестің негізгі екі моделі көрсетіледі: глобальды және бір жақты.

  1. Саяси модернизация теориясының дамуы.

Саяси модернизациялау теориясы саяси ғылымда ХХ ғасырдың 50-60-ы жылдарында қалыптаса бастады. Модернизация теориясы өзінің даму сатысында шартты үш кезеңнен өтті: 50-60 ж.ж., 60-70ж.ж., 80-90ж.ж.
50-60 ж.ж. модернизация теориясына сәйкес, барлық елдер мен халықтардың дамуы бір бағытта, бәріне бірдей тән сатылар мен заңдылықтардан тұратын универсалды болады деп қарастырылды. Мұндай дамуда ұлттық ерекшеліктерге тиісті мән берілмеді. Бірінші кезеңдегі модернизация теориясының бірден-бір негізгі ерекшелігі теологизм мен евроцентризм, немесе американоцентризм. 60-жылдардағы екінші кезеңдегі саяси оқиғалар модернизацияның бұл теориясының кемшіліктерін көрсетіп, оны ары қарай жетілдіре түсуді талап етті. Сол кездегі модернизация теориясына айтылған сын пікірлер мен көзқарастар күшейді. Сондықтан олар батыстық экспансияға қарсы болып антимодернизацияға жақтасты. Басқаша айтқанда модернизацияның батыстық үлгісіне қарсы болды. 80-і жылдардың екінші жартысында батыстық үгілерді міндеттемейтін әлеуметтік-мәдени дәстүрлерді сақтауға негізделген саяси даму концепциясы пайда болды. Бұл жаңа концепцияны айтарлықтай дамытқан зерттеуші ғалымдар: А.Абдель-Малек, А.Турен, С Хантингтон т.б.



  1. Қазіргі замандық демократизация мәселелері.

ХХ-ы ғасырға тән ең бір басты ерекшелік ол – демократиялық қозғалыстардың көтерілуі. Себебі саяси бостандық пен азаматтық құқықтар барлық мәдени және өркениеттік типтерде әмбебаптық демократиялық құндылықтар деп саналады. ХХ-ы ғасырға тән ең бір басты ерекшелік ол – демократиялық қозғалыстардың көтерілуі. Әлемдік саяси жағдайлар, демократияның дамуы дүниежүзілік құбылыс екенін айқындады. Өткен ХХ-ы ғасырдың 70-і жылдарында пайда болған «демократияға ауысу» мәселесі одан кейінгі жылдары екі маңызды себепке байланысты дамыды. Біріншіден, қазіргі замандық көптеген мемлекеттер бірте-бірте демократиялық бағытқа қарай эволюциялық ығысу идеясының саяси ғылымда өзекті мәселеге айналуы. Екіншіден, авторитаризмнен демократияға ауысу процесі зерттеушілер үшін салыстырмалы әдістемелерді қолдану мүмкіндігі ашылды. Сондықтан соңғы жылдары транзитология деп аталатын ерекше бағыт пайда болды.



  1. Саяси дамудың «алтын заңын» туралы.

Бұл «заң» бойынша еркіндікке апаратын ең жедел жол, құлдықтың ең нашар формасына жеткізеді». Француз ойшылы А. де Токвиль пікірінше демократиялық дәстүрлері мен бостандығы нашар дамыған елдер үшін, тым жедел реформалар мен өзгерістерден қауіпті еш нәрсе жоқ. Мұндай жағдайда саяси модернизациялар бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Қоғамдағы модернизациялық жаңалықтарды тұрғын халық игеріп үлгере алмайды, ал жасалып жатқан өзгерістер дер кезінде институцияланып бекітілмейді. Көпшілік бұхараның саясатқа қатысу екпіні, қоғамның саяси институттарының даму барысынан озып кетеді. Қоғам мен билік арасында қарсыластық пайда болады. Қоғамның жедел поляризациясы, тұрақты саяси орталықпен әлеуметтік күштің болмауы, елдегі трансформациялық қозғалыстарды байыпты демократиялық арнаға түсіруді қиындатады. Мұндай процесс охлократияға, тиранияның ең нашар формасы – надандардың тираниясына әкеледі. Токвиль демократия мен бостандыққа асығыс қол жеткізудің нәтижесі, охлократиядан кейін келетін одан да қатігез тиранияның орнатылуымен аяқталады деп ескертеді.



  1. Саяси тарихтағы демократиялау толқындары.

С.Хантингтонның пікірінше соңғы тарихта демократиялаудың қандай толқындары болған? Оның пікірінше демократиялаудың бірінші толқыны 1820 жылдан 1926 жылға дейінгі аралықта болды. Осы бірінші толқынның нәтижесінде парламентаризмдік, партиялық жүйе мен толық сайлау құқылы сипаты бар 29 демократиялық ел құрылды.
Екінші толқын 1942 жылдан 1975 жылдар аралығында болып, 36 ел демократиялық елге айналды. Бірақ-та 1960 жылдан 1975 жылдары демократиядан кері қозғалыстар да байқалды. Мысалы Грецияда әскери режим болса, ал Чилиде «жаңа авторитаризмдік» режимдер орнады. Ғылымда бұл құбылысты реверсивтік қозғалыс дейді.
Демократиялаудың үшінші толқыны 1975 жылдан 1989 жылдар арасында Латын Америкасындағы, Шығыс Европадағы, елдердегі және ҚСРО- дағы авторитарлық режимдің құлауынан басталады. Әлемдегі демократиялану процесі үшін ХХ-ы ғасырдың 80-і жылдары шешуші кезең болды.



  1. Демократияға ауысудың кезеңдері.

С.Хантингтон демократияға ауысу немесе транзит процесінде әдетте 3 кезеңді көрсетеді: либеризация, демократия, консолидация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет