Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуге тікелей араласады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі танытуына жол ашады, билікті теріс пайдаланудан сақтайды. Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Бірақ, халықтың ондай жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі.
Антидемократиялық саяси режим – тоталитаризм.
XXғ. бірінші жартысында тоталитарлық ой бірқатар елдерде саяси тәжірибеде жүзеге асырылды. Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б.Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Жеке басқа табынушылық, бір партияның үстемдігі, оппозицияның болмауы, жеке даралықтың болмауы, барлық шаруаның бұйрықпен орындалуы. Тоталитаризм – жабық қоғам болғандықтан сапалы жаңаруға бейімсіз. ХХ ғасырда тоталитаризмнің үш түрі болған. Ол Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған социализм (коммунизм).
Антидемократиялық саяси режим – авторитаризм.
Авторитарлық режим тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезең, бұл күшті тәртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим. Авторитарлық режим кезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тәртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен саяси топтарға жол бермейді, заң жүзінде оларға қатаң бақылау жасалынға. Қоғамда сайлау, көппартиялық жүйе қалыптасқанымен ол мемлекетке тәуелді. Азаматтар биліктен алшақтатылған, билікті бақылай аламайды. Мемлекет басында тұрған адам өзінің үстемдігін шексіз жүргізе алады. Оны шектейтін демократиялық элементтер, формалді түрде болады. Тағы да бір ерекшелік: мемлекет тұтас бақылаудан бас тартқанымен азаматтар саяси жүйеден басқа әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларда біршама өз таңдауын еркін жүзеге асыра алады.
Қазіргі саясаттану ғылымында мұндай трансформацияның бірнеше жолдары көрсетілген:
Бірінші жол – ол жоғарыдан реформалау. Мұның мәні, авторитарлық басшының оппозицияның ықпалысыз өз еркімен демократиялық өзгерістерді енгізу; Турция-1960, Бразилия-1964г. Қазақстан -1991
Екінші жол – авторитарлық режимнің капитуляцияны мойындау нәтижесінде демократияландыруға мәжбүр болу. Греция-1974, Кипр. 1982 Аргентина
Үшінші жол – бұрыңғы билік басындағы саяси күштер мен опппозицияның өзара келісімімен бірегейлі реформа жасау арқылы демократияға көшу. Ресей, Испания, Польша, Венгрия, Болгария т.б.
Авторитаризмнен демократияға ауысу процесі саяси режимді жиі жағдайда экономиканы түбегейлі қайта құруды қажет етпейді. Ал тоталитаризмнен демократияға ауысу барлық қоғамдық жүйені түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Демократияға өтудің фазалары.
Д.Ростоудың пікірінше, демократияға өтудің үш фазасы бар:
1) «дайындық фазасы», оның өзіндік белгісі плюрализм емес, саяси мүдделердің поляризациясы;
2) «шешімдер қабылдау фазасы», бұл фазада демократиялық тәртіптерді жасалып саналы түрде қабылданып келісім шарттар қабылданады;
3) «дағдылану фазасы», демократиялық құндылықтар, саяси процедуралар мен институттар бекітіледі.
Сондықтан демократиялау процесін жүзеге асырудың ең бір маңызды шарты: - ол келісім, бір ымыраға келу. Д.Ростау, демократияға өтудің дәйекті кезеңдерін де көрсетті: - ол, демократияның бірден-бір негізі ретінде саналатын ұлттық бірліктен, саяси күрес, келісім, дағдылану арқылы демократияға жету.
Мемлекет және монархиялық мемлекет түрлері.
Қазіргі саяси ғылымда мемлекет деген ол – қоғамды ұйымдастыру формасы мен басқару аппараты және билік құралы. Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.
Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).
Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.
Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.
Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.
Монархиялық мемлекеттердің сипаттары.
Абсолютік монархияның белгілері:
• Монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;
• Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.
Конституциялық монархияның белгілері:
• Конституция монарх билігін шектейді;
• Монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;
• Үкімет монарх алдында жауапты емес.
Дуалистік монархия белгілері:
• Билік монарх пен парламент арасында бөлінген;
• Монарх үкіметті тағайындайды;
• Монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.
Президенттік, Парламенттік және Аралас республикалар белгілері: