Саясаттану пәні бойынша емтихандық сұрақтары мен жауаптары


Танымдық қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды. Практикалық



бет3/7
Дата10.11.2022
өлшемі51,1 Kb.
#49063
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Политология

Танымдық қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды.
Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.
Саяси өмірді рационализациялау қызметі, мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.
Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет.
Болжам жасау қызметі, саяси үрдістің даму тенденциялары мен жетістіктерін анықтайды.



  1. Саясаттанудың зерттеу тәсілдері.

Теориялық тәсілдер:
- анализ;
- синтез;
- салыстыру;
- индукцию;
- дедукцию.
Эмпирикалық тәсілдер:
- статистика;
- құжаттарды талдау;
- қоғамдық көзқарасқа сауалнама;
- лабораториялық тәсілдер.
Арнаулы тәсілдер:
- институционалдық;
- антропологиялық;
- әлеуметтік;
- мәдениеттік.



  1. Билік және саяси билік туралы түсінік.

Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі. Билік адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Ол қоғамдық өмірдің барлық салаларында кездеседі – экономикада, мәдениетте, ғылымда, білім беру мен жанұйяда, тіпті хайуанаттар әлемінде де. Биліктің жалпы мойындалған ең қарапайым анықтамасын М.Вебер берген. Ол билікті – бір индивидтің басқа индивидтің еркіне қарсы өз еркін жүзеге асыру қабілеті деп анықтады. Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан өзіндік ерік- жігерді іске асыруға қабілеттіліктерді пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына мәжбүрлеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.



  1. Саяси биліктің ерекшелігі.

Биліктің көптеген түрлерінің ішінде саяси билік ең бастысы болып табылады, себебі оның көмегімен барлық қоғамға міндетті шешімдер қабылданады. Саяси билік - мемелекеттің пайда болуымен құрылған және саясаттың бір субьектісіне, яғни жеке тұлғаға, әлеуметтік топқа немесе қоғамға түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып өз ырқына бағындыра білу мүмкіндігімен сипатталады. Саяси билік үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылып отырады. Саяси билік қоғамда көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік билік саяси биліктің негізгі түрі. Мемлекеттік биліктің басқа биліктерден айырмашылығы – оның басқару органдары болуы мен заң шығаруға шексіз құқылы болуында. Сонымен, кез-келген мемлекеттік билік саяси билік болып табылады, бірақ саяси биліктің барлығы бірдей мемлекеттік билік бола алмайды. Саяси билік, мемлекеттік билікке қарағанда, өз мақсатына жету үшін идеологиялық, экономикалық т.б. әдістерді қолданады. Ал мемлекеттік билік болса өз мақсатына жету үшін күш қолдануға, мәжбүр етуге бір өзі ие.



  1. Саяси билік ресурстары.

Саяси билік қоғамда жүзеге асуы барысында ол әртүрлі құралдарды пайдалануды қамтамасыз етеді. Ғылыми әдебиеттерде оларды биліктің ресурстары деп атайды. Оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
-экономикалық (материалдық қажеттіліктер);
-әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар);
-күш ресурстары (әскер, қару-жарақ, полиция);
-ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар);
-демографиялық (адам ең негізгі әлеуметтік құрал).



  1. Саяси билік функциялары.

1)Қоғамдағы саяси жүйенің құрылуы, оның саяси өмірін, әр ауқымдағы және дәрежедегі саяси қатынастарды ұйымдастыру.
2)Қоғам мен мемелекет істерін басқару.
3)Саяси және саяси емес процестерді басқару.
4)Саяси қатынастарды бақылау және ең соңында – қоғамға сай келетін нақты мемелекеттік саяси режим құру.
Қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыру оны құраушы негізгі ерекше саяси механизмдер көмегімен өтеді: үстемдік, жетекшілік, басқарушылық, ұйымдастыру және бақылау.



  1. Биліктің легитимдігі. Макс Вебер бойынша.

Қазіргі дамыған демократиялық елдерде саяси биліктің тұрақтылығы оның легитимдігіне байланысты. Биліктің легитимдігі деп, оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестігі емес, сонымен қатар билікті қоғам мүшелері өз еркімен қабылдауы шарт. Ондай кезде қоғамдағы халық, берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды. «Легитимдік» терминін оның бүгінгі мағынасына сәйкес ғылыми айналымға М.Вебер енгізген. Макс Вебер билік легитимділігінің үш түрін атап көрсетеді:.
1.Дәстүрлі. Патриархалдық құрылымдар мен өзіндік нормалар беделімен анықталса, билік дәстүрлі болады. Бұл тәсіл монархияға тән.
2.Парасатты-құқықтық. Биліктің бұл түрі құқықтың, заңның күшіне сенуге негізделген.
3.Харизматикалық түрі үрей мен өзін-өзі қорғау сезімімен араласқан көсемге соқыр сенуден құралады.



  1. Саяси элита түсінігі және оның қоғамдағы ролі.

Тікелей француз тіліндегі "elite" – тәуір, сұрыпталған, таңдалған деген сөзбен байланысты. Бірақ, 1923 жылғы Оксфорд сөздігі бойынша, бұл термин әлеуметтік иерархияны белгілеу үшін пайдаланатын болды. Демек, элита ұғымы қоғамдық ғылымдар саласында ХХғ. басынан бастап қолданысқа енді. В. Парето бұл ұғымды саясаттану саласына енгізді. Оның пікірі бойынша, «элита» (төбе топ) – бұл өздерінің ықпалы мен саяси және әлеуметтік құзіретіне қарай қоғамда жоғары орын алатын адамдар тобы. В. Паретоның пiкіpi бойынша, элитаның негізгі айырмашылығы, - өзінің қызмет саласында ең жоғары бағаға ие болуында. Бұл адамдар қабілеттерінің индексі (көрсеткіші) өте жоғары болады. В.Парето қоғамды пирамида түрінде көрсетіп, оның ең төбесінде элитаны жайғастырады. Төменде жайғасқандардың ең дарынды өкілдері жоғары қарай көтеріледі, , ал оның кейбір мүшелері нашарланып, деградацияға ұшырап, "төмен карай түседі". Осылайша «элиталардың айналымы» жүріп отырады. Элита мәселесін көптеген ғалымдар зерттеген: - Г.Моска, Р.Михельс, А.Тойнби, М.Янг.



  1. Саяси көшбасшылық (лидерлік) табиғаты. А. Макиавелли лидерлік туралы.

Жетекші (лидер) ағылшын тілінен (liader) аударғанда «жетектеуші», «жол көрсетуші» дегенді білдіреді. Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси жетекшіге қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр. Лидерлікке жаңа мағына берген А. Макиавелли. Ол өзінің «Патша» деген еңдбегінде тиімді басшылық ету жолдарын көрсеттіп басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген төрт ережені айтады: 1. Басшының билігі оны жақтаушылардың қолдануына сүйенеді. 2.Бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін - соны білулері керек; 3 Топ бастаушының кандай жағдай болмасын, аман қаларлық кайрат - жігері, қабілеті болуға тиіс; 4. Басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы тиіс.



  1. Саяси жетекшілердің түрлері.

Саяси жетекшілерді М. Херманн былай жіктейді:
-Ту көтеруші; Қызмет етуші; Саудагер; Өрт сөндіруші
1.Ту көтерер саяси жетекші. Оның өмірге деген өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын да біледі. Ол өмірде болып жатқан оқиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оны өзгертудің жолын, қарқынын айқындайды;
2. Қызмет етуші жетекші. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме-дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді.
3. Саудагер топ бастар. Оның ерекшелігі-алдына қойған жоспарды іске асыруда соңына ергендердің бірін жұмылдырып, сендіре білу қаблетінде.
4. Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарынын жинақтап қойған сауалына, қысылған жағдайларда жедел шешім тауып, жол көрсете алады.



  1. Саяси жетекшілердің психологиялық фактор бойынша жіктелуі.

Психологиялық фактор бойынша Д. Барбер жетекшілердің мынадай түрлерін ажыратады: «Қожайын»; «Әртіс»; «Үлгілі»; «Cepік».


1. Қожайын - жолдастарына сенбеу, күмәндану, билікке құмарлық, саяси террор, тарихи шектеулі мерзім ішінде маңызды стратегиялық мәселелерді шеше білу.
2. Әртіс - көрермендер көңіл-күйі үшін қызмет ету, бұқараның ықыласына, мадақтауына қалайда болсын жетуді көздеу.
3. Үлгілі - қатулық, жеңілсіздік, ол әрқашан мазасыз, пунктуальды, әcipece төтенше жағдайларда өзін ыңғайсыз сезінеді.
4. Cepiк - басқа саясаткерлерді идеалдандырады, ал өзi болса солардың артында жүреді; оның нақтылы анық саяси бағдарламасы жоқ; туған қиыншылықтарды шешетін нақтылы әдіс-тәсілдері де болмайды.



  1. Саяси жүйе түсінігі.

Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің жиынтығы, қоғамда саяси билікті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың құқықтық, саяси нормалары мен принциптері. «Саяси жүйе» түсінігі саясаттанудың бірден-бірнегізгі категориясы. Саяси жүйе қоғамды басқаруды қамтамасыз етеді, бұл оның басты міндеті мен қызметі болып табылады, ал оның мақсаты өзін сақтап тұру. Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе келіспеушіліктер. Оларды қабылдау, қарастыру, шешім қабылдау артикуляциялау деп аталады. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады немесе агрегация делінеді. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, қаулылар немесе реформалар, бағдарламалар және тағы жа басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамдық жүйелерден айырмашылығы, оның күш көрсету құқығы болады.





  1. Саяси жүйенің түрлері.

Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды. Мысалы, өзінің әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе – демократиялық, либерал-демократиялық, шовинистік, ұлтшылдық, рассистік, тоталитарлық, фашистік болуы мүмкін.
Саяси жүйелер өзінің ұстанған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трасформацияланушы болып бөлінеді. Трансформацияланушы саяси жүйелердің өзі кері тартпа және прогрессивті мағынада болуы мүмкін.
Қоғамның типіне байланысты саяси жүйелер дәстүрлі, модернизацияланған демократиялар және тоталитарлы болады (Р.Арон, У.Ростоу т.б.).
Саяси жүйелер ортамен әрекеттесу сипаты жағынан ашық және жабық, типтері болады.
Бүгінгі күні саяси жүйенің кеңінен тараған классификациясы бойынша олар – тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп жіктеледі.



  1. Авторитарлы саяси жүйенің сипаты.

Авторитаритаризм бір адамның немесе топтың азаматтарға деген шектелмеген билігі, бірақ саяси емес өрістерде жеке тұлғалардың және қоғамның автономдығы сақталуымен сипатталады. Авторитарлы саяси жүйе билікті бөлу принципінен бас тартумен, атқарушы билікті күшейтумен, мемлекеттік органдардың сайланбалы болуын шектеумен, адамдардың негізгі демократиялық құқықтары мен бостандықтарын едәуір шектеумен немесе жоюмен, оппозициялық партияларға және ұйымдарға тиым салуымен, бір тұлғаға беріле сенумен ерекшеленеді. Басқару ісінде авторитарлық және әкімшілік принциптерді кеңінен қолданып отырады. Авторитарлық биліктер әр елде бірдей емес.



  1. Саяси тұрақтылық және тұрақсыздық.

Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.
Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті, статикалық, динамикалық. Абсолютті тұрақтылық тек теориялық тұрғыдан зерттелген жағдай. Статикалық тұрақтылық деп мемлекеттің тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділік. Саяси тұрақтылықты орнатудың екі жолы бар. Олар: дамыған демократия арқылы орнату және диктатура арқылы. Саяси тұрақсыздық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің сыртқы және ішкі саяси шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы. Саяси тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік. Экстрозаңды тұрақсыздыққа жататындар: терроризм, соғыс т.б. Ал өкіметтік тұрақсыздыққа жататындар: мемлекеттің ішкі саясатына байланысты қабылданған шешімдерге байланысты.



  1. Демократиялық саяси режим.

Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз. Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық және антидемократиялық режимдер. Демократиялық режим келесі белгілерімен сипатталады:
Билік көзі халықта;
Сөз бостандығы;
Сайлаудың ашық және әділетті жүргізілуі;
Азаматтардың тең құқықты болуы;
Азшылықтың көпшілікке бағынуы;
Сайлау демократияның ең негізгі фундаменті болып саналады.Қазіргі кездегі демократияның негізгі үш түрін атап көрсетуге болады: тура, плебисцитарлық, өкілдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет