Саясаттану ғылымы тоталитарлық жүйені үш топқа бөліп қарайды: 1. Коммунистік тоталитаризм. Бұл режімде адамдар жеке-меншікке ие бола алмайды, нәтижесінде, жекелікке (индивидуализм) шектеу қойылып, ұжымдық сананың дамуына кеңінен жол ашылады. 2. Фашизм. Мұндай жүйе бір кезде Италияда орнады. Ерекшелігі – халықты демократияға қарсы болуға, жауынгерлік рухқа, нәсілшілдікке, шовинизмге тәрбиелейді. 3. Ұлтшыл-социализм. Бұл идеологияны III Рейх, яғни Гитлер салған болатын. Мұнда фашизмнің де коммунистік тоталитаризмнің да ұстанымдары бар. Ерекшелігі – әлемдегі барлық халықтардың арасынан бір нәсілдің өкілдерін ғана жоғары санап, мемлекетті тек сол ұлттың өкілдерімен ғана құрауға ұмтылуында.