Олигархиялық режимдер, мұнда экономикалық және саяси билік бірнеше отбасылар қолына шоғырланады. Төңкеріс немесе сайлау қорытындысы бұрмалануы негізінде лидерлер ауысады. Бұл режим Филиппинде, Тунис, Камерунде кездесті.
4. Революциялық-популистік режим, бұхаралық идеология арқылы ұлт көсбасшысын қолдау. Бұл режімге Бразилиядағы Варгос, Египеттегі Насер, Ливиядағы Каддафи режимдері жатады.
«Демократия қалыптасуының алғышарттары:
1 Экономикалық алғышарттарға мыналар жатады:
өндiрiс пен экономиканың жоғары деңгейде дамуы;
әлеуметтiк бағдарлы нарықтық қатынастың болуы;
урбанизацияланудың жоғарғы деңгейi;
өндiрiс және тұтынудың динамикалық тепе-теңдiгi.
2 Демократия дамуының әлеуметтiк алғышарттары:
халықтың әл-ауқатының салыстырмалы даму деңгейi;
әлеуметтiк теңсiздiк деңгейiнiң төмендеуi;
қоғам құрылысында әлеуметтiк плюрализмнiң болуы;