«Саясаттану» пәнінен емтихан тесттері (150 сұрақ) 1-тақырып. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


-тақырып. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері



бет4/15
Дата05.12.2023
өлшемі46,74 Kb.
#134450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Саясаттану 150 сұрақ 2023

4-тақырып. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері.

31. Өз еркін басқаларға жүргізіп, олардың әрекетіне, қызметіне, тағдырына т.б. түрлі құралдар арқылы ықпал ете алу қабілеті мен мүмкіндігі; бұл тұжырымның қай құбылысты сипаттайтынын анықтаңыз


1 Билік
0 Жүйе
0 Статус
0 Бақылау
0 Ұйымдастыру

32. Саяси жүйелерді талдауда «Экономикалық жүйелерде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те сондай орын алады» деп тұжырымдаған ғалымды анықтаңыз


1 АҚШ әлеуметтанушысы Т. Парсонс
0 Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн Халдун
0 Ағылшынның ірі философы, қоғам қайраткері Б. Рассел
0 Ежелгі ұлы грек ойшылы Аристотель
0 Ағылшын философы Т. Гоббс

33. Қоғамда саяси биліктің қашан пайда болғанын анықтаңыз


1 Әлеуметтік теңсіздіктің, мемлекеттің пайда болуымен
0 Адамдардың руға, тайпаға бөлінуімен
0 Діннің пайда болуымен
0 Отбасының пайда болуымен
0 Саяси билік қоғаммен бірге пайда болды

34. Биліктің құрылымына қатысты ұғымдарды анықтаңыз


1 Көздері, ресурстары, субъектісі, объектісі, функциялары
0 Телеологиялық, инструменталистік, структуралистік, жанжалдық
0 Үстемдік, басқару, басшылық, басқару, ұйымдастыру
0 Плутократия, демократия, тирания, охлократия, этатизм
0 Саяси, мемлекеттік, атқарушы, заң шығарушы, сот билігі

35. Жеке адамның, таптың, топтың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу мүмкіндігі; бұл тұжырымның қай құбылысты сипаттайтынын анықтаңыз


1 Саяси билік
0 Саяси элита
0 Саяси жүйе
0 Саяси режим
0 Саяси сана

36. Белгілі бір аумақтағы ерекше күштеу аппаратына сүйенетін билік түрін анықтаңыз


1 Мемлекеттік билік
0 Экономикалық билік
0 Діни билік
0 Либералдық билік
0 Саяси билік

37. Билікті бөлшектеу теориясының мәнін ашыңыз


1 Билікті шектеу мақсатында тармақтарға бөлу
0 Бірнеше қоғамдақ пікірлердің қатар өмір сүруі
0 Азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын шектеу
0 Халықтың билікті құрметтеуі, оған өз еркімен бағынуы
0 Биліктің құқықтық нормаларға сәйкес келуі

38. Биліктің бөлінуі принципі бойынша заң шығарушы билікті қандай органның жүзеге асыратынын нақтылаңыз


1 Парламент
0 Президент
0 Сот
0 Үкімет
0 Қауіпсіздік кеңесі

39. «Биліктің легитимдігі» түсінігінің мәнін ашыңыз


1 Халықтың билікті құрметтеуі, мойындауы
0 Біреулердің екіншілерге өз ықпалын жүргізуі
0 Биліктің бір субъектіден екінші субъектіге ауысуы
0 Биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келуі
0 Билікті қолданушы, жүргізушіге басқаның табынуы

40. Неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер көрсеткен билік басына келудегі легитимдіктің түрлерін нақтылаңыз


1 Әдет-ғұрыптық, харизматикалық, ақыл-парасаттық
0 Заң шығарушы, атқарушы, сот
0 Экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ақпараттық
0 Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық
0 Бодандық, патриархалдық, азаматтық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет