7-тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам.
61. Белгілі бір аумақтағы тұрғындарға жүргізілетін саяси биліктің ұйымдастырылуы; арнаулы басқару аппараты бар, барлығына тиісті заңдарды қабылдайтын, ішкі, сыртқы мәселелерді шешуде дербестігі бар саяси жүйенің негізгі элементінің қалай деп аталатын анықтаңыз
1 Мемлекет
0 Саяси партия
0 Қоғамдық-саяси қозғалыс
0 Қысымшы топтар
0 Құқықтық мемлекет
62. Мемлекеттің қашан пайда болғанын анықтаңыз
1 Құлиеленушілік қоғамда
0 Алғашқы қауымдық қоғамда
0 Феодалдық қоғамда
0 Капиталистік қоғамда
0 Социалистік қоғамда
63. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы теологиялық теорияның мәнін түсіндіріңіз
1 Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен болған іс деп қарастырады
0 Мемлекет географиялық ортаның (ауа-райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен пайда болды
0 Адамдарға бағыну мен құлшылық ету мәңгі бақи тән болған, мемлекеттің пайда болуы – адам психикасының көрінісі
0 Мемлекет әлеуметтік теңсіздіктің, жеке меншіктің, таптардың шығуымен байланысты пайда болған
0 Мемлекеттің пайда болуы адамның ақыл-ойының жемісі, ол адамдардың келісімі негізінде пайда болған деп қарастырады
64. Мемлекеттің пайда болуы адамның ақыл-ойының жемісі, мемлекет қоғамдық өмірді ұйымдастыру үшін билеушілер мен бағынушылар арасындағы келісім негізінде пайда болған деп санайтын теорияны анықтаңыз
1 Қоғамдық келісім теориясы
0 Теологиялық теория
0 Психологиялық теория
0 Патриархалдық теория
0 Маркстік (таптық) теория
65. Мемлекеттің құрылуында басшылыққа алынатын негізгі принципті анықтаңыз
1 Аумақтық принцип
0 Діни принцип
0 Қандас-туыстық принцип
0 Нәсілдік принцип
0 Ұлттық принцип
66. Аумағы, тұрғындары, басқару аппараты, егемендігі, заңы, салық жүйесі, күштеу органдары т.б.; бұлардың мемлекетті қай жағынан сипаттайтынын анықтаңыз
1 Мемлекеттің белгілері
0 Мемлекеттің қызметтері
0 Мемлекеттің типтері
0 Мемлекеттің түрлері
0 Мемлекеттің басқару формалары
67. Мемлекеттің басқару формасына байланысты түрлерін анықтаңыз
1 Монархия, республика
0 Унитарлық, федерация, конфедерация
0 Құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік
0 Демократиялық, тоталитарлық, авторитарлық
0 Құқықтық, әлеуметтік
68. Мемлекеттің ұлттық-аумақтық құрылысына қарай түрлерін анықтаңыз
1 Унитарлық, федерация, конфедерация
0 Монархия, республика
0 Құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік
0 Демократиялық, тоталитарлық, авторитарлық
0 Құқықтық, әлеуметтік
69. Заңның жоғарылылығы, оның алдында бәрінің тең болуы, жеке адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мемлекет түрін нақтылаңыз
1 Құқықтық мемлекет
0 Әлеуметтік мемлекет
0 Монархиялық мемлекет
0 Отарлық мемлекет
0 Индустриялық мемлекет
70. Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы, жеке тұлғаның емін-еркін дамуы; бұл тұжырымның қай құбылысқа қатысты екенін анықтаңыз
1 Азаматтық қоғам
0 Дәстүрлі қоғам
0 Зайырлы қоғам
0 Өркениетті қоғам
0 Ақпараттық қоғам
Достарыңызбен бөлісу: |