«Саясаттану» пәнінен емтихан тесттері (150 сұрақ) 1-тақырып. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет6/15
Дата05.12.2023
өлшемі46,74 Kb.
#134450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Саясаттану 150 сұрақ 2023

6-тақырып. Қоғамның саяси жүйесі.

51. Қоғамды жүйелілік тұрғыдан талдап, «жүйе» ұғымын әлеуметтану мен саясаттануға алғаш енгізген ғалымды анықтаңыз


1 Т. Парсонс
0 Д. Истон
0 Г. Алмонд
0 К.Дойч
0 Л.фон Борталанфи

52. Саяси жүйенің мәнін ашыңыз


1 Қоғамда билік жүргізіп, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін саяси институттардың, саяси қатынастардың, құқықтық-саяси нормалардың, саяси мәдениеттің жиынтығы
0 Мемлекеттік және қоғамдық істер, әлеуметтік топтар, таптар, партиялар, ұлттар, мемлекеттер және т.б. арасындағы билік қатынастарымен байланысты іс-әрекеттер саласы
0 Саяси билікті жүргізуде мемлекеттің қолданатын әдіс-тәсілдерінің, құралдарының жиынтығы, қоғамдағы демократияның дәрежесі
0 Өз еркін басқаларға жүргізіп, олардың әрекетіне, қызметіне, тағдырына т.б. түрлі құралдар арқылы ықпал ете алу қабілеті мен мүмкіндігі
0 Адамдар, әлеуметтік топтар арасындағы мемлекеттік билікке байланысты қатынастар

53. Саяси жүйе теориясын жасаған ғалымдарды нақтылаңыз


1 Г.Алмонд, Д.Истон, К.Дойч
0 В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс
0 Л.Козер, К.Боулдинг, Р.Дарендорф
0 К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин
0 Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо

54. Саяси жүйенің негізгі институтын анықтаңыз


1 Мемлекет
0 Саяси партия
0 Қоғамдық-саяси қозғалыс
0 Армия
0 Кәсіподақ ұйымы

55. Саяси жүйенің құрылымына кіретін элементтерді анықтаңыз


1 Саяси институттар, саяси қатынастар, саяси нормалар, саяси мәдениет
0 Саяси көзқарастар, саяси іс-әрекеттер, саяси психология
0 Саяси дағдарыстар, саяси жанжалдар, саяси шиеленістер
0 Саяси көзқарастар, саяси теориялар, саяси тұжырымдамалар
0 Саяси әдіс-тәсілдер, саяси құралдар

56. Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі саяси мәдениетте ескі жүйенің де, жаңаның да элементтерінің араласып келуі, түрлі партиялардың болуы, алайда заңдылыққа сүйенген ортақ негіздің болуы тән болатын саяси жүйе түрін анықтаңыз


1 Құрлықтық-еуропалық
0 Ағылшын-америкалық
0 Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған
0 Тоталитарлық
0 Авторитарлық

57. Г.Алмондтың жіктеуіндегі индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеге қандай белгілер тән екенін анықтаңыз


1 Аралас саяси мәдениет: Батыс құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптардың болуы, алайда заңға сүйенген ортақ негіздің болмауы
0 Саяси мәдениет бірыңғай, адам бостандығы, мемлекеттің қауіпсіздігі, халықтың жақсы тұрмысы, биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, жоғары тұрақтылық
0 Ескі жүйенің де, жаңа жүйенің де элементтерінің араласып келуі, түрлі партиялардың болуы, алайда заңдылыққа сүйенген ортақ негіздің болуы
0 Тәуелсіз орталықтандырылған биліктің болуы және орталықтың билігіне қоғамның барлық саласының толық бағындырылуы
0 Саяси оппозицияға жол берілмейтін, бірақ жеке адамның, қоғамның саяси емес салаларда автономиясы сақталынатын бір адам немесе топтың шексіз билігі

58. Г.Алмонд ұсынған типологиядағы саяси жүйелердің төртіншісін анықтаңыз: ағылшын-америкалық, құрлықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған және .....


1 тоталитарлық
0 авторитарлық
0 демократиялық
0 дәстүрлі
0 патриархалдық

59. Саяси жүйені демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық деп бөлудің негізіне не алынғанын анықтаңыз


1 Саяси режим түрі
0 Мемлекеттің экономикалық даму деңгейі
0 Қоғамда үстемдік етуші топ
0 Биліктің легитимдігінің түрі
0 Саяси партиялардың идеологиясы
60. Сенат пен Мәжіліс; бұлардың Қазақстан Республикасындағы қай билікті бейнелейтінін анықтаңыз
1 Заң шығарушы
0 Сот
0 Атқарушы
0 Жергілікті
0 Экономикалық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет