8-тақырып. Саяси режимдер және оның түрлері.
71. Саяси билікті жүргізуде, қоғамды басқаруда мемлекеттің қолданатын әдіс-тәсілдерінің, құралдарының жиынтығы, тұлғаның қоғамдағы саяси еркіндігі мен құқықтық жағдайының дәрежесі; бұл тұжырымның қай құбылысқа қатысты екенін анықтаңыз
1 Саяси режим
0 Саяси жүйе
0 Саяси идеология
0 Саяси процесс
0 Саяси билік
72. Билік шексіз болып, оның шағын топтың не бір көшбасшының қолына шамадан тыс шоғырлануы, қоғамның барлық саласының биліктің толық бақылауында болуы, БАҚ-тың билікке тәуелді болуы, оппозицияны басу, қоғамдық пікірдің ескерілмеуі, тұлғаның еркіндігі, адам құқықтарының сақталмауы тән болатын саяси режим түрін анықтаңыз
1 Тоталитарлық
0 Демократиялық
0 Авторитарлық
0 Либералдық
0 Монархиялық
73. «Тоталитаризм» терминін алғаш енгізген тұлғаны анықтаңыз
1 Б.Муссолини
0 А.Гитлер
0 И.Сталин
0 У.Черчилль
0 Ф.Рузвельт
74. Тоталитаризм мәселелері бойынша алғашқы классикалық теориялық зерттеулерді жүргізген ғалымдарды анықтаңыз
1 Ф.Хайек, Х.Аренд
0 А.Ратцель, Б.Чичерин
0 Г.Алмонд, Д.Истон
0 Дж.Локк, Ш.Монтескье
0 М.Дюверже, Дж.Ла Паломбара
75. Биліктің диктаторлық сипаты, экономика, адамдардың жеке өміріндегі азаматтық қоғам элементтерінің болуы, формалды түрде болса да биліктің бөлінуі, парламент, партиялардың болуы тән болатын саяси режимнің түрін анықтаңыз
1 Авторитаризм
0 Тоталитаризм
0 Демократиялық
0 Либералдық
0 Фашистік
76. Тоталитаризмнің түрлерін табыңыз
1 Коммунизм, фашизм, ұлттық-социализм
0 Парламенттік республика, президенттік республика
0 «Жаңа авторитаризм», коммунизм
0 Либерализм, этатизм, консерватизм
0 Либерализм, франкизм
77. Авторитарлық саяси жүйеде қоғамдық өмірдің қай саласына биліктің бақылауы орнайтынын табыңыз
1 Саяси салаға
0 Экономикалық салаға
0 Әлеуметтік салаға
0 Мәдени салаға
0 Барлық салаға толық бақылау орнатылады
78. Авторитаризм ..... (сөйлемнің жалғасын табыңыз)
1 тоталитаризм мен демократияның арасындағы жағдайға ие
0 халыққа жағымды жүйе болып табылады
0 жағдайында қоғамдық өмірдің барлық саласына бақылау орнатылады
0 түрлері: сталинизм, фашизм, ұлттық-социализм
0 жағдайында шын мәніндегі көппартиялық жүйе өмір сүреді
79. Авторитаризмнің демократиялық саяси режиммен ұқсастығын табыңыз
1 Қоғамда автономиялы, мемлекет арқылы реттелмеген салалардың болуы
0 Қоғамдағы биліктің шексіздігі, оны азаматтардың бақылауға мүмкіндігінің жоқтығы
0 Қоғамдық өмірдің барлық саласына билік тарапынан толық бақылаудың болуы
0 Дамыған азаматтық қоғамның болуы
0 Әлеуметтік-экономикалық өмірдің билік тарапынан қатал және сатылық түрде ұйымдастырылуы
80. Халықты биліктің қайнар көзі санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген, ол үшін қажетті жағдайлар жасалған, еркіндік, теңдік, заңдылық, адам құқықтары сияқты құндылықтарға негізделген режим түрін табыңыз
1 Демократиялық режим
0 Тоталитарлық режим
0 Конституциялық режим
0 Авторитарлық режим
0 Фашистік режим
Достарыңызбен бөлісу: |