9-тақырып. Сайлау жүйесі және оның түрлері.
81. Заң нормаларында бектілген, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-тәжірибесінде қалыптасқан өкілдік мекемелерге немесе ел президентін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайтын ұғымды табыңыз
1 Сайлау жүйесі
0 Сайлау
0 Заң
0 Ценз
0 Дауыс беру
82. Демократияның ерекше белгісі, өзегі, қажетті шарты, халық еркінің көріну әдісінің қандай ұғыммен анықталатынын табыңыз
1 Сайлау
0 Парламент
0 Сайлау жүйесі
0 Президент
0 Заң
83. Сайлау құқығы және сайлау процедурасы; бұлардың сайлау жүйесін қай жағынан сипаттайтынын табыңыз
1 Компонеттері
0 Белгілері
0 Түрлері
0 Қызметтері
0 Кезеңдері
84. Барлық азаматтардың жынысына, нәсіліне, табына, ұлтына, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, тіліне, біліміне, дініне қарамастан сайлауға және сайлануға қатысуға құқығы бар, бұның сайлаудың қандай принципі екенін табыңыз
1 Жалпыға бірдей дауыс беру принципі
0 Еркіндік принципі
0 Тікелей дауыс беру принципі
0 Құпиялық принципі
0 Теңдік принципі
85. Қазақстан Республикасы азаматтарының қанша жастан бастап сайлауға қатысуға (дауыс беруге) құқығы бар екенін табыңыз
1 18 жастан
0 16 жастан
0 25 жастан
0 21 жастан
0 20 жастан
86. Жалпыға бірдей сайлау құқығын шектеуді білдіретін ұғымды табыңыз
1 Ценз
0 Абсентизм
0 Теңсіздік
0 Модернизация
0 Электорат
87. Абсентизм ұғымының мәнін табыңыз
1 Саяси өмірге немқұрайлық, сайлауға қатыспау
0 Шексіз билікке негізделген авторитарлық басқару әдісі
0 Биліктің қоғамдық өмірдің барлық саласына толық бақылауы
0 Біреулердің екіншілерге түрлі құралдар арқылы ықпал етуі
0 Сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы
88. Дайындық кезеңі, үміткерлерді ұсыну, үгіт-насихат науқаны, дауыс беру және сайлау қорытындыларын шығару; бұлардың сайлауды қай жағынан сипаттайтынын табыңыз
1 Сайлаудың кезеңдері
0 Сайлаудың нормалары
0 Сайлаудың принциптері
0 Сайлау жүйесінің түрлері
0 Сайлаудың заңдары
89. Негізіне көпшілік принципі алынып, сайлауда көп дауыс алған үміткер немесе партия жеңген болып саналатын сайлау жүйесін табыңыз
1 Мажоритарлық
0 Пропорционалдық
0 Аралас
0 Муниципалдық
0 Конституциялық
90. Депутаттық мандат жеке үміткердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінетін сайлау жүйесін табыңыз
1 Пропорционалдық
0 Мажоритарлық
0 Либералдық
0 Муниципалдық
0 Конституциялық
Достарыңызбен бөлісу: |