Саясаттану



Pdf көрінісі
бет112/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   131
ЛАО  ЦЗЫ  (б.з.  дейінгі  УІ-У  ғғ.)  –  ежелгі  Қытай  философы.  Аңыз 
бойынша,  Лао-Цзы  Конфуциймен  бір  кезеңде  өмір  сүрген,  бірақ  бұл  туралы 
ешқандай  мағлұмат сақталмаған.  Ол  “Лао-Цзы”  деп  аталатын  трактаттың иесі 
деген мәлімет бар. Оны Лао-Цзыдың шәкірттері мен жолын қуушылар жазуы да 
мүмкін.  Трактатта  даосизм  деп  аталатын  доктрина  келтірілген.  Лао-Цзыдың 
ойы  бойынша,  табиғат,  адамзат  пен  қоғам  өмірі  –  барлық  зат  заңы  –  даоға 
бағынады,  сонымен  қатар  “ли”  субстанциямен  –  ауа,  эфир  - әлем  негізін 
қалайды.  Әлемде  тұрақты  қатып  қалған  ештеңе  жоқ,  барлығы  да  үнемі 
қозғалыста, үнемі өзгерісте болады. Заттар (инь, янь) принципі бойынша өзінің 
қарама-қарсы заттарына  айналып отырады. 
Инь,  янь  – Қытай  философиясының  бүкіл  тарихында    сақталған  негізгі 
категориялары. Инь – жағымсыз, қараңғы, әлсіз; янь – дұрыс, ашық, белсенді, 
күшті. Инь, янь – белгілі бір жүйедегі  қарама-қарсы күштер. Екі қарама-қарсы 
инь  мен  янь  күштерінің  әсері  қоршаған  әлемнің  қозғалысының  түп  тамыры 
негізінде  қарастырылған.  Инь-янь  күресінен  дао  туындаған.  Егер  дао  заңы 
бұзылса, бақытсыздыққа әкеліп соғады. Сондықтан адамдар дао заңын бұзбауға 
тырысуы қажет. Лао-Цзыдың ойынша, барлығы да өз бетінше жүруі, өз бетінше 
қозғалуы  қажет.  Яғни,  бұл  ойшылдың  қоғамдық  даму  туралы  негізгі  саяси 
қағидасы – «эволюциялық бағыт». Лао-Цзыдың қағидалары кейін бүкіл әлемдік 
тартылыс, теңгергіштік, консерватизм, реформизм идеяларының қалыптасуына 
негіз болды.                                   
 ЛОКК  ДЖОН  (1632-1704  жж.)  –  ағылшын  философы,  саясаткер, 
либерализм  идеологиясының  негізін  қалаушы.  Өзінің  қоғамдық-саяси 
концепциясын  “Мемлекет  басқару  туралы  екі  трактат”  еңбегінде  баяндайды. 
Локк тұлғаны қоғамнан да жоғары деп таниды, яғни тұлға қоғамды, ал, қоғам –
мемлекетті құрайды. Оның еңбектерінің көбі мемлекет мәселелеріне арналған. 
Шексіз  қатал  биліктің  үстемдігін  мемлекет  деп  тануға  болмайды  деп  есептеп, 
Локк шектелген монархияның жақтаушысы болды. Тұлға теңдігінің кепілі  - заң 
деп  есептеді. 
Локк  алғашқылардың  қатарында билікті  заң  шығарушы, атқарушы және 
одақтық  (сыртқы  саясат  қызметі)  деп  бөлуді  ұсынды.  Ол  саясаттануда 
либериализм идеологиясының да негізін қалаушы болды.Ғалымның бұл мәселе 


169
туралы  жан-жақты  зерттелген  тұжырымдамалары  осы  оқу  құралының  ҮІІІ 
тарауында толық келтірілген.     
Мемлекеттің  пайда  болуын  түсіндіруде  Локк  «табиғи  құқық»  ілімін 
қолданады.  Мемлекет  пен  билікті  орнатудағы  адамдардың  жоғарғы  мақсаты 
ежелгі  табиғи  жағдайда  қамтамасыз  етілмеген  жеке  меншікті  қорғау  болып 
табылады. Мемлекет орнату туралы келісімге келе отырып адамдар көпшіліктің 
шешіміне  бағынуға  міндеттенеді,  өздерінің  жеке  басын  және  байлығын 
қаншалықты  қорғау  керек  болса,  соншалықты  өздерінің  табиғи  құқықтарын 
қорғауды мемлекетке тапсырады. 
Локк  конституциялық  монархия  идеясын  қолдады,  бірақ  ол  билік 
етушілерге,  атап  айтқанда,  монархқа  қарсылық  көрсетуге  (қажет  болған 
жағдайда) болатындығы туралы мәселе қойды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет