Конфедерациялық мемлекет-бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін, құрылған тәуелсіз мемлекеттердің уақытша заңи одағы (ТМД, ЕО).
7.Саяси жүйе ұғымы.
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенiң қызмет ету тетiктерiн былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы оpтaмeн «Kipic», шығыс» принциптерi арқылы байланысады.
"Кiрiстiң" 2 түрі бар: талап және колдау. Талапты халыктын билік органдарына когамдагы кундылыктардын, казына мен кар жынын, когамдык кордын әдiлеттi, дұрыс немесе әдiлетсiз, бұрыс белiнуi туралы пiкiрi, билік органдарына үндеуi деуге болады. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.
Қолдау коғам мүшелерiнiң саяси жүйеге ниеттестiгiн, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлiк мiндеттi атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене катысу, кабылданған шешiмдердi, заңдарды уакытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.
Шығыс - саяси жүйе жұмысынын нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер кабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары карастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсiнуге болады. Мысалы, шығыска кабылданып жатқан зандарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жаткызуға болады.
Д. Истоннын идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара катынасының жиынтығы ретінде карады. Олар үкіметтік институттар аркылы ғана емес, басқа да саяси астары бар кұрылымдар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл кұрылымдарды талдағанда ол 2 денгейлi - институционалдық және бағдарлық - баса айтты.
Егер бiрiншiсi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес институттарды зерттеуге көңіл бөлсе, екiншiсi саяси мәдениеттi кұрайтын саяси кұрылымды зерделедi. Кұрылым деп Д. Истон өзара байланысты рөлдер жиынтығын түсiндi.
Саяси жүйенің өзіндік мүмкiндiктерi де бар. Д. Истон мен Г. Алмонд (1911 жылы туған) олардың төрт түрін көрсетеді: 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын баскаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2) өзiнiң кызмет етуiне кажеттi экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктердi, кызметті, үздік (озаттык) белгiлердi және т.с.с. бөлу және кайта болу мүмкiндiгi; 4) әлеуметтiк ортаның талаптарына аркашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушiлiк мумкiндiгi. Ундістан саясатшысы П. Шарон бұл төртеуiне бесiншiсiн - iшкi жағдайын басқара алатын өзiн-өзi реттеу мүмкiндiгiн косады. Осының бәрi, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған коғамның бiртұтас өзiн-өзi баскаратын әлеуметтік организм ретiнде кызмет етуiн камтамасыз етуi керек.
Саяси жүйе төмендегiдей кызметтердi аткарады:
1. Белгiлi бiр әлеуметтік топтың немесе көпшілік халыктың саяси билiгiн камтамасыз ету. Ол билiктiң тәртіпке келтiрiлген, ережелерде, калыптарда бекiтiлген, яғни институционалданған түрі. Сондыктан ол конституцията негізделген жалпыға мiндеттi зандар шығарады. Сол аркылы коғамда тәртiп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиiстi шара колданылады.
2. Саяси жүйе коғамдық катынастарды реттейдi, жекелеген алеуметтік топтар немесе көпшілік халыктың максат-мүддесіне сәйкес тiршiлiк әрекетiнiң әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметiнiң максаттарын айқындайды, солардың негiзiнде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе коғамда жинактаушылық, топтастырушылық кызметтi атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен кұндылықтардың айналасында барлық əлеуметтік топтар, таптар, жiктердiң белгiлi бiр бiрлестiгiн камтамасыз етеді.
4. Экономиканың калыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына кажеттi саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін кұкыктық тұрғыдан бекiтедi, каржы жүйесiн реттейдi, салық саясатын жүргізеді.
5. Коғамды, оның мүшелерiн iшкi және сырткы бүліндіргіш әрекеттерден корғау. Мысалы, ұйымдаскан кылмыс, сырткы агрессиядан (әскери, экономикалык, информациялык) және т.с.с.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесi деп билік жүргізіп, когамда тұрақтылық пен тәртіпті камтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара катынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердiң жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттiк iстер алға койған максатты, амал-әдiстердi, оларга жету жолдарын камтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт аркылы жүзеге асырады. Сонымен катар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ыкпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттiк емес көптеген ұйымдар да кiредi. Бұл саяси катынастардың күрделi көрінісі жүйелілікті, тұтастықты бiлдiредi.
Зерттеушілер саяси жүйенiн мынадай негiзгi торт болiгiн атай ды: 1) саяси институттар; 2) саяси катынастар; 3) саяси ережелер: 4) саяси мәдениет.
Достарыңызбен бөлісу: |