Республика — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын, не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы. Бұл басқару формасында жоғарғы органдар сайлаушылардың алдында барлық жауапкершлікті алады.
Республиканың өзгешелігі
Әрдайым бірнеше билік органдары болады, сондай-ақ органдардың арасындағы өкілеттілік жеке-жеке бөлінеді, яғни белгілі орган басқа бір органнан тәуелсіз;
Мемлекет басшысы — Президент;
Биліктің жоғарғы органдары және лауазым иелері халық алдында жауапкершілік көтереді.
Республика түрлері
Президенттік республикалар — бұл мемлекеттерде президент парламентаризммен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады. Үкіметті тарату немесе құру тікелеу президенттің қолында болып саналады, бұл жағдайда парламент үкіметке әлеулі әсер тигізе алмайды (Қазақстан, АҚШ, Эквадор).
Парламенттік республикалар — бұл мемлекеттерде мемлекеттік басқару билігіндегі елеулі орында парламент алады. Парламент үкіметті құрып, кез-келген уақытта таратуға құқылы. Бұндай мемлекеттердің президенттері елеулі өкілеттілікке ие емес (Израиль, Грекия, ГФР).
(Аралас республика — бұндай басқару формасы бар елдерде президенттің өкілеттілігі парламенттің өкілеттілігімен тең дәрежеде болады, сондай-ақ президенттің әр бір атқарған ісі, үкіметті құруы немесе таратуы міндетті түрде парламенттің қатысуымен жүргізілуі қажет[5] (Ресей, Украина, Португалия, Франция).
Мемлекеттің құрылым нысаны-бұл мемлекеттің ұлттық және әкімшілік-аумақтық құрылымын, құрылымдық бөліктері арасындағы арақатынасын, жоғарғы және жергілікті органдардың мемлекеттік билік арасындағы арақатынасты білдіретін мемлекеттік нысанының бір бөлігі.
Мемлекеттің құрылым нысаны келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық;
Федерация;
Конфедерация.
Унитарлық мемлекет-бұл мемлекеттің орталық органдарына бағынатын, мемлекеттік егемендігі жоқ, әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұратын бір тұтас мемлекеттік құрылым. Мысалы, Қазақстан, Италия және т.б.
Федерация-бұл бұрын дербес болған мемлекеттік құрылымдардың ерікті түрде бірігуін білдіретін мемлекеттер одағы.Федерация үшке бөлінеді:
-ұлттық;
-аумақтық;
-аралас.
Достарыңызбен бөлісу: |