Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет29/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
Байланысты:
treatise15701

грек, hіerarhіa; hіeros – қасиетті, 
arhe
– билік
) саяси психологиядағы жүйелік талдаудың әдістемелік 
(методологиялық) түсініктерінің бірі; күрделі кӛп деңгейлі жүйені құрылымдық 
ұйымдастыру қағидаты, ол деңгейлер арасындағы ӛзара қарым-қатынасты 


53 
жоғарыдан-тӛменге тәртібі бойынша реттейді. Сатылы құрылған жүйеде 
құрылымдық та, функционалдық та жіктеу болады: әр деңгей белгілі бір 
қызметтерді орындауға маманданады. Саясатта қоғамдық ұйымның жоғары 
деңгейінде әртүрлі топтар мүдделері тоғыстырылады, бұл – саясаттың қызмет 
ретіндегі тірегі. 
Иерархия ұғымын алғаш V ғасырдың ортасында Ареопагит христиандық 
шіркеуді ұйымдастыруды сипаттау үшін қолданған. Саясатта XІX ғ. ортасынан 
бастап қолданыла басталды. О. Конт пен Г. Спенсер оны феодалдық 
әлеуметтік-саяси жүйені сипаттау үшін пайдаланған. М. Вебер бюрократия 
тұжырымында иерархияны тұлғасыз, қатаң тәртіптілік және жауапкершілікті 
шектеу тән қоғамдық құрылыс ретінде қарастырған. Саяси құбылыстарды 
талдауда иерархия түсінігі билік және басқару деңгейлері арасындағы 
функцияларды тікелей жіктеуді сипаттау үшін қолданылады. 
Ал волюнтаризм болса 
(латынша волюнтас – ерік) 
ерікті қоғам дамуы 
мен санаға, қоғам заңдылықтарына қарсы қою және оны қоғамдық дамудың 
шешуші 
факторы 
ретінде 
мойындаудан 
шығатын 
идеология 
мен 
психологияның, саясат пен тәжірибенің мәні.
Жеке субъективті қалауын және еркін шешімдер басшылыққа алатын, 
саяси мақсатқа жетудің шынайы мүмкіндіктері мен объективті факторлармен 
санаспайтын субъекті қызметінің сипаты. 
Волюнтаризм теорияда саясаттағы субъективистік бағытқа, ал саясат пен 
тәжірибеде авторитаризмге, бонопартизмге, тоталитаризмге тән. 
Вебер ақиқатты теориялық модельдермен – «идеалды типтермен» 
талдауды ұсынды және қоғамдық құрылысты, әлеуметтік әрекетті, қоғамдық 
дамуды, билікті, басқаруды (бюрократияны), демократияны сараптау үшін 
«идеалды типтер» жүйесін жасады. Ол қоғамдық дамудың маркстік 
тұжырымдамасын жоққа шығармады, бірақ адамдардың саяси жүріс-тұрысын 
олардың қай тапқа жатуы ғана емес, діни, этникалық, аумақтық және басқа да 
мүдделері мен кӛңіл-күйлері анықтайды деп есептеді. Адамдар мен топтардың 
әлеуметтанулық танымы арқылы қоғамдық мәселелерді зерттеудің веберлік 
методологиясын кӛптеген ғалымдар пайдаланды және дамытты. 
Марксизм классиктері сияқты Вебер саясатты билікке қатысты қоғамдық 
қатынастардың немесе мемлекетаралық, мемлекет ішіндегі адамдар топтары 
арасындағы билікті бӛлуге ықпал ету саласы деп есептеді. Алайда веберлік 
кӛзқарас марксизмге қарағанда саяси дамудың социомәдени факторларына 
(құндылықтар, сенімдер, идеалдар, т.б.) баса кӛңіл аударуымен ерекшеленеді. 
Вебердің ықпалымен саяси ғылымда протестанттық этикамен, индивидуализм 
рухымен, келісімге келу мәдениетімен ажырамастай байланысқан батыстың 
ерекшелікті құндылығы ретінде демократия туралы тұрақталған сенім 
қалыптасты. Бірақ марксизмдегі әлеуметтік-экономикалық факторларды 
бағалауға қарағанда социомәдени факторларды бағалау бір мағыналы емес. 
Вебер бұл факторлардан саяси дамудың барлық құпиясын іздемейді, тек 
олардың үлкен маңыздылығын басқа да факторлардың маңыздылығын жоққа 
шығармай атап кӛрсетеді. Вебердің саясат тұжырымдамаларының аса маңызды 


54 
идеясы адами қызметтің ерекше түрі болып табылатындығына саяды. Бір 
жағынан, ол – кәсіпорын іспетті, заңды үстемдіктің аппараты, екінші жағынан, 
бүкіл қоғамдық ӛмірді қамтитын ерекшелікті кәсіби қызмет. Бүкіл қоғам және 
барлық адамдар осы кәсіпорында ӛздерінің орындарына қарай үш категорияға 
бӛлінеді. Бірінші – жағдайға байланысты саясаткерлер (қатардағы 
сайлаушылар). Екінші – қосымша жұмыс атқарушы саясаткерлер (партия 
белсенділері). Үшінші – кәсіби саясаткерлер. Саясат, Вебердің пікірінше, 
қоғамдық ӛмірдің ӛз алдына жеке саласы ретінде, «бүкіл қоғамның саяси 
кәсіпорындарының штабы» ретінде мемлекеттік әкімшілік аппараттың пайда 
болуымен, сонымен қатар билікті бақылау және бӛлумен байланысты басқару 
қызметінің адамдардың ерекше мамандығына айналуымен қалыптасады. 
Қоғам ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында басқаруды қажетсінген аса күрделі 
ұйымдасқан жүйеге айналғанын айта кеткен жӛн. Вебер міндеттерді қатаң 
бӛлуге, кәсібилік пен тәртіпке негізделген ұтымды бюрократияны мемлекеттік 
ұйымдардың ең тиімді жүйесі санады. Идеалды бюрократия типі үшін: 
біріншіден, ережелер мен заңдар себепші болған еңбек бӛлінісі; екіншіден, 
тӛменгі лауазымды адамдардың жоғарғыларға бағынуы; үшіншіден, 
қызметкерлерді сайлау арқылы емес, кәсіби біліктілігі негізінде тағайындау; 
тӛртіншіден, қызметкерлердің еңбек ақысынын рангтеріне сәйкес болуы; 
бесіншіден, қызметкерлер үшін мемлекеттік мекемедегі жұмыс негізгі еңбек 
болып табылуы; алтыншыдан, қызметкердің жұмыс істейтін кәсіпорынның иесі 
болмауы; жетіншіден, қызметтен босату – жоғарғы органның міндетін жүзеге 
асыруы және т.б.
 
тән. 
Бұл ережелердің болуы мемлекеттік органдардың қызметіне біркелкілік 
әкеледі, мемлекеттегі әрбір институттың жауапкершілігін нақты белгілейді, 
бастықтың қоластындағыларға қатысты заңсыздығын шектейді, қызметтік 
қатынастан жеке жек кӛрушілікке, ренішке, жақсы кӛрушілікке жол бермейді. 
Ұтымды бюрократия мемлекеттің басқару функциясын жүзеге асыруға 
кӛмектесетін тек атқарушы орган ғана. Ол саяси шешімдер қабылдамайды, 
оның міндеті – саяси элитаның шешімдерін орындау. 
Саяси биліктің сипатын сараптай келіп, Вебер заңды үстемдіктің, қоғам 
мойындаған үш типін бӛліп кӛрсетеді: құқықтық немесе жария, мемлекет мұнда 
тұлғаларға емес, заңдарға бағынады; дәстүрлі – ежелден келе жатқан тәртіптер 
мен биліктердің қасиеттілігіне сенуге негізделген; патриархалдық – харизмаға 
(Құдай берген қасиет) негізделген, бұл әдеттегі дәстүр мен әдет-ғұрыпқа 
сүйенбейді, керісінше ғажайыпқа – харизматиктің саяси күші мен моральдық 
қасиеттеріне арқа сүйейді. 
Вебер құқықтық мемлекетті жақтады, бірақ XX ғасырдағы құқықтық 
мемлекеттердің қоғамдық ӛмірінің тез бюрократиялануына кӛңіл аударды. Ал 
бұл бюрократия мен демократияның арасындағы қақтығысқа алып келді. Ол 
бірінші болып демократияландырудың саяси оғаштығын (парадокс): бұқара 
халықты әлеуметтік-саяси ӛмірге тарту процесін кеңейтудің саяси ұйымдар 
санасының артуына, бюрократия тираниясының айтарлықтай ӛсуіне әкелетінін 
атап кӛрсетті. Бұған жол бермеу үшін Вебер плебисцитарлық демократия 


55 
теориясын ұсынады, ол бойынша харизматикалық кӛшбасшы, плебисцит 
сайлаған (бүкіл халықтың тікелей дауыс беруімен) парламенттік демократияға 
күш қосады. Тек харизматикалық кӛшбасшы ғана, Вебердің ойынша, ХХ 
ғасырдағы тұлға, қоғам, мемлекеттің ӛзара қарым-қатынас мәселесін шеше 
алады. 
Вебердің әлеуметтік және саяси кӛзқарастары XX ғасырда әлеуметтану мен 
саясаттану ғылымдарының дамуына ықпал етті, 70-жылдары «веберлік қайта 
ӛрлеуге» ұласқан оның теорияларына деген қызығушылық айтарлықтай арта 
түсті.
Сонымен қатар бүгінгі әлемде кеңінен қолданыстағы ӛкілдік 
демократияның да бюрократияға ұласатын тұстары жетерлік. Ӛкілдік 
демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің ӛкілетті органдарына 
беріледі. 
Азаматтар 
ӛздерінің 
кӛзқарастарының, 
мақсаттарының, 
бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға 
ӛз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның тиімділігі
– еңбектің айқын 
бӛлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. 
Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың 
бюрократиялануы, авторитарлық процестің ӛрістеуі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет