Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Көне Грециядағы саяси білімнің даму кезеңдері. Сократ мемлекет туралы



бет22/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

28.Көне Грециядағы саяси білімнің даму кезеңдері. Сократ мемлекет туралы.
Көне Грекия территориясында алғашқы мемлекеттер б.э.д. I мың жылдықта дербес, егеменді қала – мемлекеттер – полистер ретінде пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан құлдық формацияға көшу процесі қоғамда өте қатал таптық қайшылықтарға толы болды. Екі антогонистік тап қалыптасты. Бір жағынан бай аристократтар болса, екінші жағынан кедейленген қала тұрғындары және ерікті адамдар мен құлдар болды.Мемлекет басқару формасында қала полистер арасында қатаң бәсекелестік басталды. Бұрыннан билік басында болған ақсүйектермен (аристократтар) бақталастыққа олигархтар (ірі мүлік иелері) түсті. Осындай қиын жағдайда кейбір қалаларда демократиялық басқару формасы қалыптасты (Афина мен Абдер қалаларында). Қоғамдағы осы саяси жағдайлар мен процестер грек ойшылдарының саяси ілімдерінің қалыптасуына ықпал етті. Грекиядағы саяси ойлардың даму ерекшеліктерін саралағанда, біз оның үш кезеңін қарастырамыз. Алғашқы кезең – (б.э.д IX–VI ғғ.) ол көне грек мемлекеттерінің қалыптасуымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттің пайда болуын философиялық-құқықтық (Пифагор, Гераклит) негізде түсіндіру үрдісі қалыптасады. Екінші кезең – (б.э.д. V–IV ғғ.) грек философиясының өркендеуі мен саяси құқықтық идеялардың даму кезеңіне сай келеді. Бұл Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель заманы еді. Үшінші кезең – эллинизм дәуірі, грек мемлекеттерінің құлдырауы мен грек қала полистерінің әуелі Македонияның, одан кейін Рим империясының қол астына енуімен сипатталады.
Сократ (б.э.д. 469–399 жж.) адамзат тарихында өшпес рухани із қалдырған танымал ойшыл. Өз заманында лайықты бағасын алып, данагөй атанған. Софистермен болған пікірталаста ол қарсыластарының көптеген идеяларын өзіне алып, кейінірек оларды дамытқан. Сократ: «Білетіндер ғана билік етуге тиіс» деген аристократиялық принципті ұстанды. «Елді билейтіндер алған білімдерімен емес, өздерінің терең өмірлік таным -түсініктеріне сүйеніп мемлекетті басқаруы керек» деп санайды. «Білетіндер ғана билік етуге тиісті» деген ұғым қандай болмасын саяси формаға қатыстылығын айтты.
Саясаттың практикалық мәселелеріне қатысты биліктің басқару құзыры принципін негіздеді, ал теориялық мәселелерде мемлекеттің толық рухани - адамшылық сипаты мен мемлекттің мәнін ашуға тырысты.
Сократ қандай болмасын мемлекеттік форма негізінде ең басты заңдылық принципін алға қойды. Басқару формасына қатысты Сократ патшалық және тираниялық, аристократиялық және олигархиялық, дұрыс демократиялық және дұрыс емес демократиялық деп ара жіктерін ашты. Алдыңғы патшалық - дұрыс, ал тираниялық -дұрыс емес, аристократиялық дұрыс, ал олигархиялық - дұрыс емес деп қорытты.
Билікті ұдайы сынағаны үшін Сократ бірнеше рет қудаланды. 399 жылы қарсыластары оны дінсіз, заңды бұзушы ретінде өлім жазасына кескен болатын. Сонда Сократтың жақтаушылары оны түрме қызметшісіне пара беріп шығарып алмақ әрекет етеді. Сол кезде Сократ «Мен өзім жұрттан заңдылықты талап етемін, енді қалайша өзім заңсыз әрекетке бармақпын» деп өлім жазасына мойын ұсынады. Кейінірек Сократтың ілімдері Платон мен Аристотель сияқты заманының ғұламаларына үлкен серпіліс әкелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет