Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
88.Гегельдің орташа консерватизмі.Тиімді мемлекет пен азаматтық қоғам туралы ойлары. Гегель өзінің еркіндігі мол рух пен өзіндік сананың эволюциясы туралы тезистері мен нақты тарихтың арасындағы айырмашылықтың жер мен көктей екенін түсінген сияқты. Ол әлемдегі үдерістің бәрі жекелеген тұлғалардың риясыз іс-әрекеттерінің нәтижелері деп таныды. Сондықтан ол тарихты халықтардың бақыты, мемлекеттердің даналығы және жекелеген адамдардың ізгліктері құрбандыққа шалынатын қасапхана ретінде сипаттауға дайын болды. Бірақ, – дейді ол, – уайымға салыну – негізсіз, себебі индивидуумдардың эгоистік әрекеттері – дүниежүзінің идеал тағдырын жүзеге асырудың жалғыз ғана құралы.
Идеал мемлекет азаматтардың жеке мүдделері мемлекеттің жалпы мүдделеріне сәйкес келетін түрде құрылуы тиіс. Дүниежүзілік рух олардың көмегімен өзінің мақсатына жететін индивидуумдарды тарих, мемлекет және халықтардың өздерінің арасынан шығарып отырады. Мысал ретінде ұлы адамдардың Цезарь немесе Наполеон сияқты бірегей тұлғаларын айтуға болады, олар өз замандары үшін тарихтың пісіп-жеткен қырларын көре білді және дүниежүзілік рухтың көрініс табуында ерекше рөл атқарды.
Бірақ та мұндай адамдар сирек кездеседі және дүниежүзілік рухтың жекелеген халықтар немесе ұлттар арқылы қалыпты дамуы болып саналады. Бұл рух халықтың мәдениетінде, діні мен философиясында, сонымен қатар, әлеуметтік мекемелерінде көрініс табады. Ұлттардың мемлекеттермен бірдей болуы міндетті емес. Шынында да, Гегель осыны жазған кезде неміс ұлты өзін герман мемлекетіне әлі айналдырмаған еді, бірақ тек мемлекетте ғана ұлт өзін саналы түсіне бастайды.