Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
24.Гуго Гроцийдің саяси тұжырымы. Гуго Гроций (1583–1645 жж.) – голландиялық белгілі заңгер және саяси ойшыл, мемлекет пен құқық туралы ерте буржуазиялық ілім мен жаңа замандағы табиғи және халықаралық құқықтың рационалды доктринасының негізін қалаушылардың бірі.Г. Гроций мемлекет пен құқық теориясы, тарихы, соғыс пен бейбітшілік мәселелері, халықаралық, табиғи, құқық мәселесі, жалпы тарих, этнография, антикалық әдебиет және мәдениет туралы 90-ға жуық еңбектер жазған. Оның негізгі еңбегі – «Соғыс пен бейбітшілік құқығы туралы. Табиғи құқық пен халықтар құқығы, әрі қоғамдық құқықтың принциптері түсіндірілген үш кітап» (1625). Г. Гроцийдың саяси-құқықтық қөзқарастары оның «Олжа құқығы туралы», «Батав республикасының құрылымы мен көнелігі туралы», «Голландия құқығын үйренуге кіріспе» секілді еңбектерінде көрініс табады.
Г. Гроцийдың еңбектерінде заңның пайда болуы, оның табиғи жағдайдан «азаматтық қоғамға» өтуі көрсетіледі«Мемлекет, – деді Г. Гроций, – ортақ пайдамен құқықты сақтау мақсатында құрылған еркін адамдардың одағы».Адамдардың мемлекетке дейінгі кезеңін Г. Гроций «табиғи жағдай» деп сипаттады. Адамдарда бұл жағдайда жеке меншік болмады, олар «ұлы қарапайымдылықта және өзара төтенше қатынаста» болды, «ортақ мүлікпен» қолданды деп көрсетеді. Уақыт өте адамдар түрлі өнермен айналысты, өзгеше өмір сүре бастады, алғашқы ортақ мүлік қоғамынан жылжитын, әрі жылжымайтын мүлікті бөлісу қоғамына өту кезеңі орын алды. Адамдар арасында әділеттілік пен өзара көмек әлсіреді, «нәтижесінде еңбекте де, өнімді пайдалануда да теңдік өз деңгейінде сақталмады». Мұндай даму процесінің нәтижесінде жеке меншік пайда болды.
Г. Гроцийдың соғыс пен бейбітшілік жөніндегі іліміне бейбітшілік бағыты тән. Бұл орайда оның «соғыстар бейбітшілік орнату үшін жүргізіледі» және «бейбітшілік соғыстың соңғы мақсаты» деген ойлары еске түседі.Г. Гроцийдың халықаралық қатынастағы құқықтың жаңа зайырлы доктринасына сіңірген еңбегі оның «халықаралық құқық әкесі» деп аталуына себеп болды.Жаңа зайырлы «заңнамалық түсініктің» теориялық негізделуіне және саяси-құқықтық ойлардың одан әрі дамуына Г. Гроцийдың табиғи әрі мемлекетшілік құқық мемлекеттің келісім нәтижесінде пайда болуы туралы ілімдері түрткі болды.