Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
Үнді варналары және буддизм. Теңсіздіктің қажеттілігін мифологиялық түсіндірулер
Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілімдер мифологиялық және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Брахманизм атты идеяларының алғашқы көріністері "Веда" ескерткіштерінде кездесті. Бұл ведаларда адамдардың 4 варнаға :брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралаға бөлінетіндігі айтылады. Брахмандар— Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер—құдайдың қолынан, вайшийлер—құдайдың санынан, шударалар—құдайдың табанынан жаратылған деп түсіндіріледі. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды.
Б. з. д. VI ғасырда Будда деген атпен белгілі болған Сиддхартха Гаутама "Веда" ілімін сынға алып, құдайдың адамдар өміріне араласуын, брахмандардың артықшылықтарын жоққа шығарып, "ең бастысы —адамның атағы мен шыққан тегі емес, адамгершілігі" деп үйретеді. Будда ілімінде барлық адамдар бәрі бірдей деп саналды. Таптық, әлеуметтік және нәсілдік айырмашылықты адамдар рухани жағынан кемелденген шақта өзгерте алады. Ешқандай әлеуметтік сатыға, дәрежеге бөлінбейді. Адамның бақытқа жетуі де өз қолында. Ол оның істеген іс-әрекеттеріне байланысты. Будданың айтуынша, бақытқа жету үшін адам өз өміріне, құндылықтарына, қағидаттарына, тәртіп ережелеріне, қарым-қатынасына , ниетіне, наным-сеніміне саналы мүмкіндік жасауы тиіс. Бұл жолдағы жақын мақсат пен мүмкіндік – болашақ өмірге қайта келу мәртебесіне ие болу бұқара халық үшін өте тиімді болды. Өйткені бұған дейін өмірде қайта туу мәртебесіне тек брахмандар ғана мүмкіндік алған еді. Будда ілімінің бұқаралық мәні халық тарапынан кең қолдау тапты. Тіпті аристократия өкілдері де жаңа дінді қуанышпен қарсы алды.