Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
27.Қазақстан - 2030. Стратегиялық дамуының басым бағыттары. 1-ұзақ мерзімді басымдық: Ұлттық қауіпсіздік
Қауiпсiздiктiң басымдығы анық: егер елiмiз қауiпсiздiгiн сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғаудың өзi қисынсыз.Өз қауiпсiздiгiмiз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшiн бiз күштi мемлекет болуға және көршiлерiмiзбен берiк және достық қарым-қатынаста болуға тиiспiз.
2-ұзақ мерзiмдi басымдық: Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы
Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда, елдi iшкi алауыздық жайласа, ол шешiлмейдi. Бiрлiкке апаратын жолдағы бұрынғы кедергiлердi жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дiнге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негiзделгенiне қарамастан, жаңа кедергiлерді болдырмау - біздiң мiндетiмiз
3-ұзақ мерзiмдi басымдық: Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
Бiрiншi Азиялық Барыс болу үшiн бiздiң басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткiштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибе енгiзілуге тиiс.Ол - инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюiн, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейдi.
4-ұзақ мерзімді басымдық:Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
Аурулардың алдын алу дегенiмiз таза су мен кенеулi асты пайдалануды, тазарту жүйелерiнiң болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтiретiн объектiлердi қысқартуды, басқа да қауiптi факторларды төмендету жөнiндегi осыған ұқсас шараларды бiлдiредi.Салауатты өмiр салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесiмен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есiрткiлердi, темекi мен алкогольдi тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған.
5-ұзақ мерзімді басымдық: Энергетика ресурстары
Қазақстан табиғи ресурстардың, әсiресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Соған қарамастан, бiз көп жылдар бойы өзiмiздiң iшкi қажетiмiздi қамтамасыз ете алмай келемiз. Бұл - кеңестер кезеңiнде жасалған бөлiс жүйесi, сондай-ақ өзiмiзде қажеттi инфрақұрылым болмауының салдары.шетел инвестицияларын тарту арқылы бiз iшкi энергетика инфрақұрылымын құру мен дамытуды, iшкi қажеттiлiк пен тәуелсiз бәсекелестiк проблемаларын шешетiн боламыз.
6-ұзақ мерзiмдi басымдық: Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс
Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесi, жол және күрделi құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнiмнiң өзiндiк құнындағы көлiк шығасысын кемiтуге жәрдемдесетiн болады.Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнiң дамыған елдерiнiң осындай инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабiлеттi дербес тәуелсіз және тиiмдi телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесiн құру мiндетi тұр.
7-ұзақ мерзімді басымдық:Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет
Бiздiң мiндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшiн оңтайлы болатын мемлекеттiк қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн жасау, басым мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi үкiмет құру; ұлттық мүдделердiң сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.