Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
89.Солтүстік Американдық ағартушыларының саяси көзқарастары (Т. Пейн, Т. Джефферсон, Б. Франклин, А. Гамильтон). Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор.1775-1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға карсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды. Бүл соғыс демократиялық идеялардың дамуына қуатты түрткі болды.АҚШ-тағы қиян кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, Т. Пейн жактаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А. Гамильтон қорғады.
Америка халкының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743—1826) атымен байланысты. «Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халық құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады» . Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогрестің рөлі АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда теңдік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытка тырысуына кұқы бар делінген.Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның қүқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсак өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737—1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, тендікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б.. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.
Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінің арқасында жазылып, 1776 жылы 4 шіддеде бекітілген Америка Құрама ШтаттарыныңТәуелсіздік Декларациясының негізгі кағидалары мынадай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандықка, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке құқы бар; халық өкіметгің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет халыктың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, халық өзіне ұнамсыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот өкіметі болып бөлінуі керек және т.б.
Бұл Тәуелсіздік декларациясын жазуға қатысқан бейгілі мемлекет қайраткерлердің бірі —Бенджамин Франклин. АҚШ конституциясын демократияландыруға, құлдықты жоюға шақырды, аз ұлттардың құқын қорғады. Франклин табиғат пен қоғамдағы оқиғалардың табиғи ағымына құдайдың араласуы туралы шіркеулік ілімді декистік (деизм) тұрғыда теріске шығарды. Әлеуметтік институтттар (жекеменшік, мемлекет, т.б.) пайда болуының мәселесін Франклин табиғи құқық пен қоғамдық шарт тұрғысынан қарастырды.
Федералистердің ең көрнекті өкілі Александр Гамильтон (1757—1804) кең ауқымда көзқарастағы мемлекет кайраткері ретінде конституциялық теория мен практика саласындағы терең зерттеушілердің авторы және қуатты бір орталыққа бағынған федералдык өкімет билігінің жалынды жақтаушысы болды. Бір орталыққа бағынған мемлекеттің мүддесін көздейтін федералистер халық билігінің үстемдігі туралы демократтардың пікірлерімен келіскенімен, билікті тобырдың жаман әдеттері мен қасиеттерін ауыздықтау қажеттілігімен байланыстырды, өйткені онсыз халық ешқашанда ақыл-ой мен әділеттіліктің еркіне бағынбайды.