Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
46) Т.Гоббстың саяси теориясындағы негізгі мәселелер. Т. Гоббс өзінің мемлекет және құқық теориясы негізінде индивиттің табиғаты туралы көзқарасты білдіреді. Оның ойынша барлық адамдар бастапқы кезден физикалық және ой қабілеттілігі қатынасында тең пайда болған және олардың әр біреуі басқалармен бірге барлығына құқығы бірдей. Сонымен қатар адам сараңдықпен келетін өзін — өзі жақсы көретін эгоист болып табылады. Оны тек көре алмаушылар, дұшпандар қоршайды. “Адам адамға — қасқыр”. Осыдан қоғамда адамға қарсы барлықтарының соғысына кете алмайсың. Мұндай соғыс шартында барлығына құқықты иелену ештеңеге ешқандай құқықты иемденбеуді білдіреді. Т. Гоббс мұндай жағдайды адамның табиғи жағдайы, — деп атайды. Бірақ адамдарға тиесілі өзін — өзі сақтау инстинктісі табиғи жағдайды өту процесі не бірінші импульсті жібереді, ал табиғи сана адамдарға, олар бұндай процесті қандай шарттарда жүзеге асыра алатынын көмектеседі. Бұл шарттар табиғи заңның мәнісі.
Басты ең табиғи фундаментальды заң бойынша бейбітшілікке ұмтылып оған еру керек. Қалғандарының барлығы бейбітшілікке жету құралдары ретінде ғана қолданулары керек. Олардың ішіндегі ең маңыздысы бейбіршілікпен өзін-өзі қорғау мүдделерінің талап етіп отырған жеке өздерінің құқықтарынан бас тарту болып табылады. Құқықтан бас тарту белгілі бір тұлғаға немесе кейбір адамдар тобына келісім шарт бойынша көп бөлігінің өткізілуімен жасалынады. 2-табиғи заңнан үшінші шығады, адамдар жасалған келісімдерін жасауға міндетті, ал олар орындалмаса келісімдердің мәні жойлады. 3-табиғи зайда әділдіктің қайнар көзі мен басталуы көрсетіледі. Көрсетілген үшейінен басқа 16 табиғи заңдар бар. Олардың барлығы да бір жалпы ережемен реттеледі, өзіңе тілемейтінді басқаға істеме. Мемлекет адамдармен бекітілетін себебі, соның көмегімен барлығына қарсы барлықтарының соғысымен аяқтап, қорғаусыздықтан және мәжбүрлі өлімнен күнделікті биіксіздер қаупінен құтылу үшін қажет. Бір-бірінің арасындағы бір-біріне деген келісімділік арқылы индивиттер бір тұлғаға өздерінен жоғары билікке сенеді. Мемлекет-ол адамдардың бейбітшілігімен жалпы қорғауына қажетті деп. санайтын, адамдардың барлығының күші мен құралын қолданатын тұлға. Бұндай тұлға ұстаушы — суверен. Суверен билікке ие, ал басқалары олардың қоластындағылары болып табылады. Осылайша Т.Гоббс мемлекеттің пайда болуын көрсетеді. Бір кезде қоғамдық келісім жасап азаматтық жағдайға көшкенде индивидтер сайлаған нысанын өзгерту мүмкіндігін жоғалтады, яғни жоғары билік қарекетімен шыға алмайды. Оларға сувереннің шешіміне қарсы шығуға , оның акцияларын талқылауға т.б. тыйым салынған. Сувереннің мүмкіншілігі қоластындағыларға қатысты өте кең. Сонымен қатар, жоғары билік иесі өзінің халқымен ешқандай келісім шартпен байланысты емес және сондықтанда оның алдында ешқандай жауапкершілігі жоқ.
Т.Гоббс бекітілуге негізделген ерікті келісімдердің нәтижесінде пайда болған мемлекеттерді саяси мемлекеттер,-деп атайды /кейін саяси мемлекет термині мемлекеттерің батыс еуропалық доктиналарында кең таралды/. Физикалық күшпен пайда болған мемлекеттерді ойшыл иелік етуге негізделгенге жатқызылады.
Осы мемелекеттердің классификациясында Т.Гоббстың ағылшын революциясына дейінгі феодалдық монархялық тәртіпке ұнамсыздық көзқарастары көрінеді.
Мемлекеттің қандайда болсын түрлері мен нысандары ашылса да сувереннің билігі өзінде, Т. Гоббс бойынша ол абсолютті яғни ол шексіз. Жоғары билікке ие болған адам азаматтық заңмен де, азаматтардың қай – қайсымен болса да байланысты емес. Суверен өзі заңдарды шығарады және жояды, соғыс жариялайды және бейбітшілік келісімін жасайды, дауды талқылап шешеді, барлық лаузымды тұлғаларды тағайындайды.
Сувереннің прерогативтері бөлінбейді және ешкімге берімейді. Мемлекеттің билі гін бөлу он жоюды білдіреді, өйткені бөлінген биліктер бірін-бірі құртады.
Сувереннің билігі қол астындағылардың өмірімен өліміне оның монополиясы болып табылады, бұнымен қоса жоғарыбасқарушы қол астындағыға қандай да болсын салдар мен не істесе де әділетсіздік немесе тура мағынада заңсыздық, — деп. Есептелінбейді. Ал қол астындағылар жоғары билікке қатысты құқықтары жоқ, сондықтанда ол он бекітуге келісілген адамдарменжойыла алмайды.
Т. Гоббс бойынша, абсолюттік билікке ие мемлекет тек полицейлік қорғау функциясын ғана орындамауы керек. Оның міндеті қандай да болсын істі қолдауы керек, теңізде жүзу, жер игеру, балық аулау сияқты және басқа да өнеркәсіптің түрлерін яғни істер қолдарға сұранысқа ие жұмыстан шектелген физикалық денсаулығы мықты адамдарды күшпен еңбекке салу. Ол тәрбие азарту ісімен айналысуы тиіс әсіресе қол астындағыларға суверен биліктің шексіздігі және оардың алдындағы міндеттілігі туралы.
Мемлекет өзінің қол астындағыларға еркіндікке кепілдік береді, ол азаматтық заңмен рұқсат етілмегенін барлығын істеуге құқы бар болып есептеледі атап айтсақ сатып алу және сату және бір-бірімен тағыда басқа келісім шарттар жасауға, өзінің тұрғылықты жерін, тамағын, өмір сүру салтын таңдауға, балаларды өзінше тәрбиелеуге құқы бар. Бостандықтың бұндай түсіндірмесі XVII ғ. орта кезіндегі Англияда сол кездегі барлық Батыс Еуропа үшін пробуржузиялық және тарифи прогрессивті әлеуметтік мәнге ие болады.
Т. Гоббстың шығармаларында сувереннің міндеттері туралы айтылады. Ойшылдың пікірінше, олардың барлығы бір ережеде жатыр: халықтың игілігі -жоғары заң.
Т. Гоббс бойынша сувереннің міндеті – халықты дұрыс басқару, өйткені мемлекет өзі үшін емес, азаматтар үшін бекітілген.Бұл формулалар саяси даналықпен, гуманизм мен орындалды. Бірақ Т. Гоббстың мемлекет туралы ілімдері шегінде олар декоративні қосымшалар сияқты көрінеді – маңыздылығы жоқ сөздер сияқты. Мемлекеттің шексіз билі гін қолдаған саяси абсолютизмнің теоретигі ретінде Т. Гоббс мемлекеттік нысандар мәселесіне алкен көңіл аудармады. Оның ойынша билік, егер қол астындағыларды қорғай алатындай жағдайда болатын жеткілікті жетіоген болса, бардық нысандарда бірдей. Т. Гоббсқа сәйкес мемлекеттің тек үш нысаны болуы мүмкін: монархия, демократия және аристократия. Олар бір – бірінен өздеріне енген жоғары биліктің табиғатымен, мазмұнымен ерекшеленбейды, олар беітіоген мақсаттарды жүзеге асыруға қажеттілігімен ерекшеленеді.
Бәрі бір Т. Гоббстың бүйрегі монархияға бұрады.
Т. Гоббс индивидті мемлекеттің абсолютті билігіне бағындыра отырып, сувереннің еркіне қарсы тұруға мүмкіндік қалдырады. Бұл мүмкіндік көтеріліс құқық. Ол суверен табиғи заңдарға қарсы индивитті өзін – өзі өлтіруге немесе жарқат етуге міндеттегенде, немесе жаулардын қорғануға тыйым салған кезде ғана пайда болады. Өзінің жеке өмірін қорғау барлық табиғаттың жоғары заңына негізделген өзін — өзі сақтау заңы. Бұл заңды суверенде атап өтуге құқығы жоқ. Өйтпеген жағдайда ол биліктен айырылуға тәуекел етеді.