90.Ратцельдің геосаясаттық идеялары. Географиялық фактордың ерекше рөлі. Геосаясат — адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді.
Геосаясаттын негізін салушының бірі — неміс ғалымы Фридрих Ратцель. Ол өзінің «Саяси география» атты еңбегінде, мемлекет — бұл топыраққа тамырландырылған тірі организм деп жазады. Мемлекет —бұл кеңістіктік құбылыс, сол кеңістікпен басқарылады және тіршілік етеді, оны сипаттайтын, салыстыратын, өлшейтін география деп жазады. Ол бірінші болып ірі елдерде географиялық экспансия тенденциясы пайда болатындығын айтты. Нағыз әлемдік держава оның ойынша теңізге ие елдер − Рим, Испания, Англия болады. Мемлекеттің кеңеюі немесе тарылуы − табиғи процесс,өмірлік циклмен байланысты. Ф. Ратцель мемлекеттің кеңістіктік дамуының мына жеті принципін атап көрсетті:
мемлекет кеңістігі оның мәдениеті дамуымен бірге өседі;
мемлекет өсуі сауда мен қоғам өмірінің барлық саласы дамуын қажет етеді;
мемлекет өсуі ұзақ мемлекеттерді қосып алу арқылы жүзеге асады;
шекара —бұл мемлекеттің перифериялық органы, ол оның өсуінің, күші мен әлсіздігінің белгісі, ол оның организміне өзгеріс әкелу мүмкіндігі;
мемлекет өзіне қоршаған ортаның ең құнды элементтерін иеленуге тырысады: жағалау аймағын, өзен аңғарын, ресурсқа бай ауданды;
территориялық даму дамыған өркениеттен келеді;
бірігу тенденциясы − мемлекеттің өзіндік сипаты, барлық уақытта өз күшінде болады.
34. Н. Макиавелли саясатты әлеуметтік қызметтің жеке саласы ретінде қарастыру туралы. Макиавеллидiң мемлекет жəне саясат туралы iлiмiндегi маңызды жаңалығы саясат саласын жеке ғылым ретiнде көрсетуге тырысу идеясы болып табылады. Бұл салада орасан зор тəжiрибе жинақтаған ол саясат қоғамдық өмiрдiң бөлек саласы болып табылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдық өмiрдi түрлi мақсаттары жəне оларды iске асырудағы мүмкiндiктерi бiр-бiрiне ұқсамайтын көптеген əлеуметтiк күштер мен əрқилы мүдделердiң қақтығысы ретiнде қарастырады. Қоғамдық істердің маңызды құраушысы - әлеуметтік қызметтер. Яғни, адамдар мен әлеуметтік топтарға қолдау, қорғау, түзету және әлеуметтік оңалту арқылы жеке және әлеуметтік қиындықтарды жеңуге көмектесу мақсатын көздейтін кәсіби қызмет. Макиавеллидің пiкiрi бойынша, саясат түрлi əлеуметтiк күштердiң билiк үшiн, оны ұстап тұру жəне пайдалану жөнiндегi күрес аймағы. Мұнда түрлi күштердiң ең айлалысы жəне ең ұтқыры ғана жеңiске жетедi. Бұл жерде әлеуметтік қызметтерді көрсету арқылы билік басындағылар қоғамның өздеріне деген сенімің артады. Оның «Патша» атты еңбегінде, билікті сақтаудағы кеңестерінде халықтың жеккөрушілік пен менсінбеушілігінен аулақ болудың маңыздылығын ескеріп кетеді. Италияндық ойшылдың айтуынша, халықты өзiне толық бағынышты етудiң екi жолы бар. Оның бiрiншiсi — халықтың билеушiге деген сүйспеншiлiгi, екiншiсi — оның алдында қорқынышта болу. Қайта өрлеу дəуiрiнiң көрнектi өкiлi, саяси қайраткер, дипломат, Никола Макиавеллидің саясатты әлеуметтік қызметтің жеке саласы ретінде қарастыруы саяси ғылымның одан кейiнгi дамуына орасан зор ықпал еттi.