Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


П.Кропоткиннің қоғамның таптық құрылымына көзқарасы. Биліксіз қоғам идеясы



бет52/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
66.П.Кропоткиннің қоғамның таптық құрылымына көзқарасы. Биліксіз қоғам идеясы.

67-билет. М. Падуанский: мемлекеттің шығу тегі туралы саяси ілімі.
Батыс Еуропада ХІ-ХІІІ ғасырларда өндіргіш күштер тез қарқынмен дамыды. Қалалардың өсуі мен қолөнердің дамуы, сауда байланыстары күшейді. Өндіргіш күштердің дамуымен бірге жаңа қоғамдық топтар – көпестер, банкирлер, кәсіпкерлер, шеберхана иелері пайда болды. Бұл қоғамдық топтар мемлекеттегі өзара қақтығыстар мен соғыстарды жоюға, тәртіп пен заңдылықтың сақталуына, күшті мемлекет билігін сезінуге мүдделі болды. Осындай топтардың мүддесін қорғаушылардың бірі Марселий Падуанский болды.
Өзінің кең көлемдегі «Әлем қорғаушысы» деген еңбегінде ол өмірдегі қайыршылық пен бақытсыздықты шіркеу жауапкершілігне жүктейді. Егер шіркеу бұдан былай адамдардың рухани өмірі салсында ғана қызмет етсе, бұл қайшылықтарды жоюға болады деп есептеді. М.Падуанскийдің айтуынша, шіркеу мемлекеттен бөлінуі тиіс. Ол билік пен мемлекет адам қауымдастығы формаларының біртіндеп күрделенуінен пайда болды деп есептейді. Алдымен жалпы игілік үшін отбасы және жалпы келісім бойынша ру, одан кейін тайпа және осындай жолмен қалалар, қалалардан мемлекет пайда болған, - дейді М.Падуанский.
М.Падуанский барлық биліктің нағыз қайнар көзі халық деген тезисті батыл жақтады. Бірақ, М.Падуанский халық қатарына мемлекеттегі барлық тұрғындарды емес, оның бай топтарын ғана кіргізді. Ол қоғам мүшелерін екі категорияға – төменгі және жоғары деп бөлді. Ол қоғамның жоғары тобы (әскерлер, шіркеу иелері, чиновниктер) жалпы игілікке қызмет етеді, төменгі тобы (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер) өз мүдделеріне ғана қызмет етеді деп есептеді. Оның айтуынша, мемлекеттік билік, ең алдымен заңдар шығару арқылы әрекет етеді. Яғни, нақты жаза арқылы адамдарды қорқыту және жақсы істері үшін марапаттауға уәде беру. Падуанскийдің сөзімен айтсақ, құқықтық заңдарды шығаруға халықтың ғана құқығы бар.
М.Падуанский алғашқылардың бірі болып мемлекеттегі заң шығару және атқару биліктерінің айырмашылығы туралы айтты. Қабылданған заңдар халық үшін және оны қабылдаушылар үшін да міндетті болуы тиіс. Заң оны шығарушыларға ғана емес, қалың көпшілікке қызмет еткенде ғана толысқан заң болып есептеледі. Заңның күші оның ала-құлалығында емес, барлық адамдар үшін бірдей міндеттілігінде. Заң шығарушы орган атқарушы биліктің құрылымын және өкілеттілігін айқындайды.
Сол кездегі итальяндық республикалардағы саяси институттардың тәжірибесіне сүйене отырып, Марсилий Падуанский мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдардың сайланбалы принципін ұсынды. Ол мемлекеттік құрылымның ең үздігі деп таныған монархияның өзінде де бұл принципті қолдануға болады деп есептеді. Оның айтуынша, мұрагерлікпен келген монархқа қарағанда, сайлау арқылы билікке жеткен монархтың өкілеттілігі де, билігі де ауқымды және әділ болмақ.
М.Падуанскийдің мемлекеттің шіркеуден тәуелсіздігі, заң шығарушы және атқарушы биліктің арақатынасы, заңның билеушіні қоса есептегенде барлық адамдар үшін бірдей міндеттілігі және т.б. ойлары қайта өрлеу мен ерте буржуазиялық дәуірдегі қоғамның демократиялық саяси құрылымы туралы жаңа көзқарастары мен идеяларының одан әрі дамуына өз әсерін тигізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет