Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Т.Джефферсонның жеке тұлғаның, адам мен азаматтың құқын қорғау туралы ілімі



бет48/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

62.Т.Джефферсонның жеке тұлғаның, адам мен азаматтың құқын қорғау туралы ілімі
Джефферсон — азаматтардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болды. «Тәуелсіздік деклорациясында» былай делінген, «Адамдардың барлығы бірдей жаратылған және Жаратушы белгілі бір ажырамас құқықтар берген, олардың ішінде — өмір сүруге, бостандыққа және бақытты болуға ұмтылу құқығының берілуі көрініп тұрған ақиқат деп санаймыз…» .Ол үндістердің европалықтардан принципті түрде ешқандай айырмашылығы жоқ екендігі туралы жазды. Америка континентінде, бүгінгі күнінің заңдары мен құлдықтың өмір сүруінің тарихи ақталғандығынан бастау алатын дәстүрлеріне мойын сұнып отырғанымен, африкалықтарды құлдықта ұстаудың сақталып отырғандығын сынады. Соған қарамастан, ол, адамдардың әр түрлі өмір сүруі мен теңсіздігін, рухани байлық пен талантқа негізделген туа бітті ақсүектіктің» қағамда байлық пен туысқандық және шығу тегіне негізделген «жасанды ақсүйектіктен» айырмашылығы бар екендігін мойындады. Джефферсон АҚШ конституциясының қайсы бір жақтарын, атап айтқанда Призиденттің уәкілдік мерзімі шегінің анықталмағандығын, адам құқығы жайлы тараудың болмауын сынға алды.Құқықтар туралы Биллдің қабылдануын қолдады. Алғашында ол конституцияның алғашқы редакциясына қарсы өре түрегелген штаттарды ақтауға ниет қылса, Дж. Мэдисон мен »Федералист» мақалаларының ықпалымен, сондай-ақ конституцияны халық қолдауының нәтижесінде, байыпты саяси баға бере білді. Ойшыл мемлекет пен құқықты адам баласының ақыл-ой, ернкіндік және адамгершілік табиғатымен байланысты құбылыс ретінде қарастырды. Сонымен қоса адам ол үшін өзінің дамушы ақыл-ойы мен еркін ерік жүйесі арқылы жануарлар әлемінен бірте-бірте алыстай беретін, табиғат берген құқықтары мен туа біткен әділеттілік сезімдері бар [16] әлеуметтік тіршілік иесі. Ол 1821 жылы Джон Адамсқа … қауым мен еркіндік тарихқа үздіксіз қадам басып келеді» [17] деп жазды. Солай бола тұрсада адам баласының әлемді басқаратын прогресивті дамуы, білімі меғн мәдениетінің жетілуі, заңдылықты түсінуі, ұзақ әрі біртіндеп болатын прогресс. Адам жауынгер, өзін-өзі құртығуға қабілетті тіршілік иесінен қоғамды өзінің даму деңгейіне сәйкес ұйымдастыратын ақыл-ойы жетілген тіршілік иесіне дейін дамиды.Джефферсонның ойынша адам баласының прогрессивті дамуын, білімі мен мәдениетін қолдау және көтермелеу қоғам мен мемлекеттің мүддесі, себебі оқыған, ақылды, еркін адамдармен жұмыс істеу, басқару жеңіл әрі тиімді болмақ. «Ақыл-ой мен шындық» – адам баласы мен қоғамның табиғатына ең тиімді әлеуметтік басқару құралы. Егер де жеке адам, не партия немесе әлеуметтік топ ақылсыз істі аңғарса, оны адамзаттың негізгі құқығына әсер еткен тұтас бір ақыл-ой өлшемі деп қарауға болады, - деп есептеді ойшыл.Джефферсон — өзінің революциялық – демократиялық рухының түсінігі мен шынайы құқық теориясының дәйекті жақтаушысы еді. Шынайы құқыққа шағым жасау АҚШ-тың Англиядан рухани-құқықтық жағынан ақыл-ойының азат болуының негізгі «Тәуелсіздік деклорациясында» қамтылды. Шынайы құқық, жағымды құқықпен салыстырғанда қандай жағынан болмасын аса бағалы деп түсіндірілді. Себебі ол жеке адаммен ғана байланысты құбылыс емес, халықтың адамзаттың егемендігімен және оның еркіндігімен байланысты делінді. Ешкім, ешқашан, қандай уақытша билікті пайдаланбасын, жоғары адамзаттық құндылықтарға қол сұғуға, адамның табиғатына және қоғамның негізіне менсінбеушілік пен қарауға құқығы жоқ. Бұл — әлем дамуының ақыл-ойымен, табиғат заңдарымен, Құдаймен байланысты адамзаттың аса жоғары мәселесі.Тарихта қанша дамығанмен әзірге адамның мүмкіндігін ғарыштың биік заңдарымен және күштерімен салыстыруға болмайды, табиғи құқық соның белгісі болып табылады. Джефферсон осы бір мәңгілік өзекті мәселе жайлы ойлана келіп, табиғи құқықтан адамның ғарышқа әлемнің ең жоғарғы заңына қатысы бар екендігін аңғарғанды. Табиғи құқық – табиғатпен бірлестіктегі құбылыс, адам табиғатының елеулі жағы.Бұл – табиғи дамудың терең әрі спонтанды әрекет етеді, бірақ қажет болған жағдайда революцияның бәрін қирататын құқықтың құралы ретінде өзін көрсетуге қабілетті. Бұрынғы батыл демократ Джефферсон саяси тәжірибесі қалыптасқан сайын, икемді саясатшыға айналып, қандай істе болмасын шыдамдылық танытып, қақ ортаны» сақтап отырады. АҚШ президенті қызметіне 1801 жылы кірісерде ол америкадағы негізгі партиялар бөлек-бөлек болмай, қайта біріге түсуі үшін «Біздердің барлығымыз республикашылдармыз, біздердің бәріміз федералистерміз» деп сөйледі. Бірақ ол әр қашанда табиғи құқықпен демократияның теориясын жақтаушы болып қалды. Ұлы Француз революциясы басталған жылы ол былай деді: «Үкіметке сеніп тапсыруға болмайтын және үкімет біткен осы уақытқа дейін бұзуға тырысып бағатын құқықтар бар. Бұл – ойлау және өз ойының жариялығын ауызша немесе жазбаша беру құқығы; бұл – жеке адамның бостандығы мен қол сұғылмаушылық құқығы». Джефферсонның көп жылғы тәжірибеден алынған прагматизмі оны демократиялық көзқарастан тайдырған жоқ.Ойшыл-демократ 1826 жылы былай деп жазды: «Құдайдың мейрімі түсіп басқаларды ерттеп мінуге дайын артақшылықты азғантай адамдардың өкше темірлі етікпен туайтындығы сияқты, адамзаттың көпшілігін құрайтын адамдар да дүниеге арқасына ертоқым салып тумайды» . Томас Джефферсон – адамдардың еркін де саналы таңдауын ұйғаратын азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік беретін конституциялық құрылыстың жақтаушысы.Қоршаған әлемнің адам бостандығы мен келісімі, оның табиғатының атрибутты белгісі ретінде, прогресс жолында алға жылжи отырып, Джефферсонның айтуы бойынша, икемділік пен ақылдылықты, заңнаманы үнемі жетілдіріп отыруды, соның ішінде оның нағыз формальды конструкциясын, негізін қалаушы актілерді талап етеді.«Қайсыбір адамдар бар, — деп жазды ол. – Конституцияға киелі зат ретінде қастерлеп, оны қасиетті өсиеттің кемесі ретінде сынап, осы үлкен кемеге жанасудың өзін қадыр тұтады. Олар адамдарға өткен өмірінің даналығын таңып, олардың қолымен істелген дүние қандай да бір түзетуге немесе толықтыруға жатпайды деп есептейді… Мен, әлбетте, заңдар мен конституцияларға тәжірибеде өзін ақтай қоймаған өзгеріс еңгізулерді жақтаймын. Мен оның азғантай ғана жетіспеушілігіне ең жақсысы шыдау керек деп ойлаймын… Бірақ мен заңдар мен адамгершілік институты бір-бірімен қатар, адамзаттың ақыл-ойының дамуымен бірге жүруі қажет деп білемін». Нағыз республикашыл Джефферсонның монархияға теріс қатынасына ең алдымен ағылшын монархиясының талқыға түсуі және 1780 жылдары Франциядағы және басқа елдердегі, әсіресе оның өмірінің европалық кезеңдеріндегі, монархияны бақылаудың жеке тәжірибесі ықпал етті. Монархты тәрбиелеу жағдайы, оның пікірінше, әлсіз де ынжық, тояттағы әрі өзімшіл тіршілік иесінің пайда болуына жағдай туғызады.ХVІІІ-ғасырдағы Еуропаның көптеген мұрагер монархтарына сайлау науқанына қатысу мүмкіндігі туса, онда олар Американың ең кішкентай қаласының өкілді органдарының бәсекесіне шыдай алмас еді, — деп жазды Джефферсон. Еуропалық монархия оған тарихтың кешегі күні болып көрінді.Республика тіршілік ете алатын аумақтың көлеміне қатысты мәселеде еуропалық ойшылдарға қарағанда американдық теоретиктер – А. Гамильтон, Дж. Мэдисон, Т. Джеферсон және тағы басқалары республика ірі мемлекетте де тіршілік ете алады деп ұйғарды. Джефферсон, мысалы, республика – аумағы бойынша шағын мемлекеттерге тән басқару нысаны, ал монархия, деспотия – керісінше – ірі елдерге тән деп санайтын Монтескьемен айтысқа түсті. «… Монтескьенің принципіне қарамастан, — деді ол АҚШ-тың мысалы туралы айтқанда, — ол неғұрлым үлкен болса, оның республикалық құрылысы, егер ол басқыншылыққа емес, шарт, келісім және теңдік принциптеріне сүйенетін болса, солғұрлым мықтырақ болатынына бәрінің көзі жететің болады». Мемлекеттің келісім-шартқа құрылған табиғаты және оны іске асыру, Джефферсонның айтуы бойынша, мемлекетті жаңарта түседі, ол жайындағы немқұрайлы түсініктен бас тартуды талап етеді. Ол үкімет пен күш саясатын емес, үкімет пен парасат саясатының тұжырымдамасын жақтап шығуға бейім еді. Бұдан басқа АҚШ-тың негізін салушы өкілдерінің ойынша ХVІІІ және ХІХ – ғасырдағы республикалық мемлекеттің көлемі қажет болған жағдайда елдің жоғарғы заң шығару органын кезек күтірмейтін мәселелерді шешу үшін қолайлы мерзімде жинап алатындай болуы керек. АҚШ, өздерінің сенімі бойынша, өзінің көлемі бойынша бұл критерийге сай келеді. Томас Джефферсонның призиденттік кезеңінде 1803 жылы Наполеон Франциясының Луизиянаны сатып алғаннан кейін (бір миллионға жуық шаршы миль, 60 млн франк немесе мөлшермен 15 млн долларға түскен) АҚШ өзінің аумағын екі еседей ұлғайтып, жер планетасында Рессейден кейінгі екінші орынды алды. Бұл мәміле, сірә, жылжымайтын мүлік мәмілесінің тарихындағы ең тиімдісі болған шығар. Джефферсон Луизиянаны сатып алуды іске асыру барысында конституцияда көрсетілген Призиденттік өкілдіктен формальды түрде ауытқыды. Алайда ол бұл жағдайда Конституцияның әрпіне емес, рухына, азаматтардың кең қолдауына сүйенеді.Президент болып тұрғанда, ол мемлекеттік қарызды 80 млн. доллардан 27,5 млн. долларға дейін, сондай-ақ мемлекеттік шығындарды қысқарту жөнінде батыл шаралар қабылдады. Ол армияның санын 4 мыңнан 2500 адамға дейін қысқартуға қол жеткізді. Консулдармен және өкілдіктермен амалдай тұруға болатын жерлерде АҚШ-тың елшілерінің санын қысқартты, азаматтардан алынатын салықты күрт азайтты, азаматтардың алынатын салықты күрт азайтты, демократиялық пен өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған шараларды белсенді түрде қолдады.Ол – билікті бөлу жағында болды. Алайда концервативті федералистер жетекшілерінен (А. Гамильтон, Дж. Адамс және басқаларынан) артықшылығы, оны орта және ірі жеке меншік иелерін биліктің тепе – теңдік пен тежемелік жүйесінің көмегі мен кедей отандастарының көпшілігінен қорғау, екі палаталы парламентті бекіту, кедейлер үшін жоғарғы палатаның жабық болуы қажет деушілерді және т.б. қорғау мәселесі емес, биліктің барлық тармақтарының халықпен байланысы принципі мәселесі қызықтырды. Сонымен қатар ол былай деп атап көрсетті, егер көпшілікке зорлық-зомбылық жасалмай, азшылық халықтың еркі құрметтелетін, азшылыққа жататын, соның ішінде байлардаң, басқаша ойлайтындардың және тағы басқа да тең құқылығы танынатын болсы, көпшіліктің еркіне бағынатын республикалық табиғи принцип ақылға сыйымды болып қала берді. Ол сондай-ақ Республика үшін оның уақытында ең басты қауіп билікте орын алуы мүмкін озбырлық атқарушы биліктен емес, заң шығарушы биліктен шығады деген федералистерменде келісті. «Заң шығарушылардың зорлық-зомбылығы деп жазды ол, уақытқа және алдағы болашақ жылдарға да нағыз мықты қауіп. Өз кезегінде атқарушы билікте қауіпті жағдай тудырады, бірақ ол — әлі алда болатын іс» – деді.Баспасөз бостандығы демократияның маңызды бөлігі деп танылды, ол тіпті оған мүмкін болатын асыра пайдалануға қатысты түзету еңгізуіне, баспасөзді қудалау мен сөз бостандығын шектеудің нәтижесі ретіндегі жалған бірауыздылыққа қарамастан, Джефферсонның пікірінше, демократияның баянды болуына көбірек жәрдемдеседі. Джефферсон ант берген соттың және осы демократиялық институттың неғұрлым кеңінен қолданылуының табанды жақтаушысы болды. Ант берген сот – деп жазды ол, бұл жеке құқықты, жекеменшікті және кез-келген адамның кіршіксіздігін қорғайтын ең жақсы қорғаушы. Джефферсонды бүгінгі күнге дейін, кейбіреулер, соның ішінде қайсы бір американдық судьялар да бар, сот билігінің тәуелсіздігін шектеуге ұмтылғаны үшін кінәлайды. Ол респуликалық басқару нысанына тағайындап қоятын емес, судьялардың импичментке шынайы мүмкіндігі бар, халық кәсіби сот сәйкес келеді деп жорамалдады. Джефферсон американың соттарында демократизмнің жетіспейтіндігін сынға алды, ол жалпы көпшілік үшін неғұрлым ашық болу керек, соттардың қызмет ету мерзімі оларды бақылаусыз, бетімен жібермеу үшін оларды ас үлкен болмауы керек деп санады. Оның пікірі бойынша, сот билігінің жүйелі демократиялық констукциясы, жекелеген кемшіліктеріне қарамастан, тұтастай алғанда азаматтардың энергиясы мен бастамасын, халықтыцң еркі мен мүддесін барынша игере отырып, неғұрлым болып шығады. Ол Президент болып тұрған кездің өзінде, сот жүйесінің ұйымдастырылу принципіне және судьялардың тұрақты құрамына елеулі ықпал ете алмады. АҚШ-тың Жоғарғы Соты, оның төрағасы, федералистік судьялар сот тәуелсіздігін қорғайтын алын,бас қамал болып шықты.Джефферсон Президент болып тұрғанда »әкімшіліктің атағы мен беделі саясатқа қандай тәуелді болса, оның қызметкеріне одан бір де кемдігі жоқ тәуелді» – деп санап, лауазымды тұлғаларды іріктеуде және орнынан түсіруде өте талғампаз әрі сақ болды. Өзінің Президентік екі мерзімінде, Президент тағайындайтын 433 шенеуніктің бар болғаны 109-ын ғана ауыстырды, оның өзінде де федералистік және республикашылдар партияларының Конгрестегі үлес салмағын ескере отырып жасады.Джефферсон екі рет 1801 және 1805 жылдары АҚШ Президенті лауазымына клгенде инаугурациялық сөзін сөйледі. Жаңа Президенттің сөзі демократиялық саяси-құқықтық көзқарасты білдірді және оның үкіметінің сайлау алдындағы уәделерін жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттер бағдарламасы болды. Екінші инаугурациялық кезіндегі сөзі теңдік, бостандық, өзін-өзі басқаруды дамыту және мемлекеттік шығындарды қысқарту, сол арқылы халықтан алынатын салықты азайту идеясын жүзеге асыру туралы есебі ретінде тартымды болды. Төменде беріліп отырған инаугурация кезіндегі сөздері іс басындағы саясаткерлерге де және саяси, құқықтық ой-пікірлер тарихын оқып, зерттеушілерге де өте қызғылықты болмақ.Адамның бағыт-бағдары мен көзқарасы туралы оның тарихи тұлғаларға баға беруі, тұтас алғанда жалпыға белгілі позициясы көп нәрсені аңғартады. Джефферсон Наполеонның Франция халқын азат ету жолындағы әрекеттердің бірін тұңшықтырғандығын, Европа халқына соғыс арқылы көптеген қайғы-қасірет әкелгендігін мойындап отырып, оған сын көзімен қарады.Робеспьердің және басқа якобиншілердің «қатігездігі мен жауыздығы» дүниежүзілік қоғамдық пікірде революцияның беделін түсірді деп санап, және Америка француз революционерлерінің қайғылы қателерін қайталамайды деп үміттене отырып, ол Ұлы француз революциясы кезеніңдегі якобиндік террорға да теріс көзқараста болды. Сөйтсе де Джефферсон үшін революция, халық көтерілістері – қоғамдық өмірдің жаңа нысандарына табиғи жолмен түбірлі ауысу, қоғамды «биліктің сұрқиялық шектен тыс пайдалануынан» тазарту. Ол «Тәуелсіздік деклорациясында» былай деп жазды, егер мемлекеттік құрылыс адамның табиғи құқына сәйкес келмесе, оны бұзса, басқарушылардың келісіміне еңгізілмеген болса, онда «халық оны өзгертуге немесе жоюға және жаңа құрылысты орнатуға құқылы. Ол негізінен халықтың қауіпсіздігі мен берекесін ең жақсы түрде қамтамасыз етіп, ұйымдастыра алатын принципке құрылады». 1823 жылы экс-президент Джефферсон, Президент Джеймс Монроның сыртқы саясат доктринасының қалыптасуына шын мәніңде қатысты. Монро өзінің әріптесіне АҚШ-тың Англияға және басқа да европа елдеріне саясаты қандай болмақ деген кеңес сұрады. Президент Монроға жазған хатында Джефферсон былай деп жазды: «…Біздің бірінші негізгі приципіміз, ешқашанда, европалық жанжалдарға араласпауымыз керек. Біздің екінші принципіміз мынаған саяды, Европаны біздің Атлант мұхиты жағындағы қандайда іс болмасын араласуға жібермеу қажет. 1823 жылғы желтоқсанда Джеймс Монроның Конгреске жазбаша түрде жіберген жолдауында сыртқы саясаттың стратегиясы айтылды. Монро доктринасы деп аталған бұл принциптердің мәлімдеулерінде Америкңа мен Европа елінің бірінің ісіне бірі араласпауы, сондай-ақ АҚШ-тың Америкаға үстемдігін айқындайтын басқа да идеялар ресми түрде мәлімелді.» Біздің еңбегіміз текке кеткен жоқ, — деп жазды Т. Джефферсон Дж. Адамсқа 1821 жылы. Қоғамдық пен еркіндік ісінің алға қарай батыл қадам басқанына қарап мен үмітсіз өлмеймін… 1776 жылғы 4-шілдеде жағылғкан алуан планетаның үлкен бөлігін қамтып отырғандығы сонша, оны қатал әкімшіліктің әлсіз демі сөндіре алмайды». Тағдырдың бұйрығы болар, Джефферсон «Тәуелсіздік деклорацияссясының» 50 жылдық мерекесі күніне дейін өмір сүрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет