Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


XXғ. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси ой



бет27/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
33.XXғ. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси ой.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуында XIX ғасырдың екінші жартысымен салыстырғанда едәуір өзгерістер болды. Осы өзгерістермен қатар ел өміріндегі саяси окиғалар да қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына эсерін тигізді. XIX - XX ғасырлар тоғысында пайда болған ұлттық интеллигенция тобы өлкедегі азаттық жолындағы күрестің өеуінде айтарлықтай рөл атқарды.
Қазақ интеллигенциясының осы кезеңдегі тарихи орны қазақ халқынын өлкедегі аграрлық мәселенің әділ шешілуімен, оқу - ағарту ісінің дамуымен және отарлық езгіге қарсы күресімен тығыз байланыста айқындалды. Ұлт азаттық күресіндегі қазақ интеллигенциясының алғашқы және табанды өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаммеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Әлімхан Ермеков және т.б. болды.Олардың кейбірі социалистік идеяларды ұстанды, социал - демократармен бірлесіп жұмыс істеді. Олардың ықпалы жағынан неғұрлым басым екінші бір бөлігі либералдық -демократиялык позицияларда болды.
Саяси - құқықтық идеялар мен бағдарламаларды жасау ісімен айналыскандардың бірі ұлт - азаттық қозғалыстың жетекшісі, "Алаш" партиясының жетекшісі, ғалым - әдебиетші Әлихан Бөкейханов еді. Мамандығы саясатпен байланысты болмаса да, ол елдегі шиеленіскен саяси ахуалға байланысты амалсыздан саясатқа араласып, екі ғасырға жуық Ресей Империясының қол астында болған қазақ халқының ауыр тағдырына толғанып, қазаққа автономия беру мәселесін көтеруге мәжбүр болды. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын.
«Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді.
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Яғни, бұл ұстаным: Жер – Отан, ал, Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген – деген тұжырымға саяды.
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек.
Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстем­дігі болуы керек, яғни, Х.Досмұхамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын.
Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет