Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


М. Вебердің саяси көзқарастары



бет26/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

32. М. Вебердің саяси көзқарастары.
Макс ВеберXX ғасырда саяси ілімде өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864—1920) болды. Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзқарасына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен жағдайлардың көп қырлы болатындығына баса назар аударды. Билікке қатынасына, мәртебесіндегі айырмашылықтарға және жекелеген топтардың абырой-атағына, діни және идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді меншік қатынастарынан туатын өзгешеліктер сияқты маңызы бар деп есептеді.
Саяси әлеуметтануда ол билеуші таптың әр түрлі топтарының мақсат, мүдделеріндегі айырмашылықтардан туатын дау-дамай, шиеленістерді талдауға үлкен мән берді. Өзі өмір сүрген кездегі мемлекеттің саяси өміріндегі негізгі дау-жанжалдың себебі саяси партиялар мен бюрократтық аппараттың арасындағы күрестен пайда болады деп ұқты. Ол социалистік қоғамдық қатынастардың жеңуіне сенбеді, оған бюрократияның өте мықтылығы туралы тезисті қарсы қойды. Болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасы болады деді.
М. Вебердің саяси әлеуметтануының басты дінгегі – билік мәселесі. Саяси өкімет пен мемлекетті әлеуметтану ғылымы арқылы қарастырған Вебер оны билік әлеуметтануы деп атады. «Мемлекет дегеніміз не» деп сұрақ қоя отырып Вебер оның осы заманғы әлеуметтанушылық анықтамасын кез-келген саяси одақ секілді, ол қолданатын өзіндік құрал — физикалық зорлық-зомбылыққа сүйеніп қана беруге болатының айтады.Вебер мемлекетке төмендегідей әлеуметтанушылық анықтама береді. «Тек егер зорлық-зомбылықты құрал ретінде білмейтін әлеуметтік құрылымдар бар болса, онда «мемлекет» ұғымы жайына қалар еді, онда сөздің ерекше мағынасында «анархия» деп атауға болатын нәрсе орнар еді. Әрине, зорлық-зомбылық мемлекеттің қалыпты немесе бірден-бір құралы емес – бұл туралы жақ ауыртпаймыз. Бірақ, ол, тегінде, сол үшін өзіндік ерекше құрал. Мына заманда мемлекет зорлықпен ерекше етене. Өткен замандарда – рудан бастап әрқилы одақтарға физикалық зорлық-зомбылық әбден қалыпты құрал ретінде белгілі болатын. Бұған қарама-қарсы бүгін біз мынаны айтуға тиіспіз.Мемлекет дегеніміз адамдардың белгілі бір аумақтың ішінде – «аумақ» нышанға енгізіліп отыр, — заңды физикалық зорлық-зомбылыққа монополиядан дәмететін (және ойдағыдай) қоғамдастығы. Өйткені, біздің дәуірді сипаттайтын бір нәрсе – физикалық зорлық-зомбылық жасау құқығы барлық өзге одақтарға немесе жекелеген одақтарға мемлекет өз тарапынан бұл зорлыққа қаншалықты мұрсат беретін шамада ғана телінеді». Яғни, Вебер айтқандай «зорлық-зомбылық жасау «құқығының» бірден-бір көзі мемлекет деп саналады. Осы анықтама арқылы Вебер «саясат» дегеніміз қай жағынан таразыласақ та, мемлекет арасында болсын, мемлекет ішінде ол қамтитын адамдар топтарының арасында болсын, билікке қатысуға немесе билік бөлінісіне ықпал жасауға ұмтылыс деген сөз» деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет